Бір ғана махаббат



Pdf көрінісі
Дата31.08.2022
өлшемі0,77 Mb.
#38322


 
 

 
БІР ҒАНА МАХАББАТ 
“Махаббат – бақыт емес қонатұғын,
Түлкі емес ойдан-қырдан шолатұғын.
Махаббат – кездеспейтін керемет бір,
Ӛмірде бір-ақ рет болатұғын.”
Мұқағали Мақатаев
Кӛңілшектіктің аяғы кейде ӛстіп қиындыққа да соғады. “Бір кешке 
әйелің ашулана қоймас, бір қалада тұрсақта күніге бас қоса бермейміз, 
жүр, кафеге кіріп кішкене шер тарқатайық!” – деп, Қадырғалидың жоқ 
жерде жабыса кеткені. “Шақырғанға бармасаң, шақырғанға зар 
боларсың”, – деген ескертпе мақалдың да әсері бар, оның үстіне 
университетте бес жыл бірге оқыған досқа “әйелім ренжиді” деп себеп 
айтудың ӛзі сыныққа сылтау болып кӛрінуі мүмкін, сондықтан кӛп 
жалынтпадым.
Ежелгі достардың әңгімесі асау мінгенмен бірдей: ӛз сӛзің ӛзіңе бас 
бермей, бірді айтып келе жатып тағы бірге кӛшіп кете бересің. Қадырғали 
екеуміз бүкіл әлемнен тартып ӛзіміздің жан күйімізге дейінгі айтпаған 
нәрсе қалдырмадық. Енді, міне, соның салдарынан үйге түн жарымда 
қайтып келем. Қазір әйелім екеуміздің арамызда бір қақтығыстың қайтсе 
де болары хақ, оның қай дәрежеден барып басыларын құдай білсін.
Әй, әйелдің мінезі жӛнінен аз қателесеміз ғой, есіктен кірмей жатып-ақ 
қоя берді:
– Баланың ауырып жатқаны – анау, екі күн бойы түн баласы тыным 
кӛрмей титықтаған менің түрім – мынау, оның ешбірі ойында жоқ, сенікі 


әншейін бір серуен: біресе ресторан, біресе кафе, қыдырасың да жүресің. 
Титтей жаның ашымайды, ӛз рахатыңды ғана ойлайсың.
Әйелімнің сӛзінен де аңғаруға болады, менің бүйтіп үйге түнделетіп 
келуім, әрине, жиі емес, дегенмен болып қалып тұрады. Үйің мен 
жұмысыңнан басқа жерде тіршілік ӛтіп жатқан соң, кейде соған да үш-
тӛрт сағат уақытыңды бӛле кетпеске болмайды. Ӛзіме керекті бірдемені 
ӛзгелердің бойынан кӛрем бе деп те әр түрлі орта іздейсің. Бірақ сырттан 
жинап келген сезімдеріңді есіктен аттаған бойда әйеліңнің ӛстіп сілкіп 
алатыны жаман.
Мәселенің ең қиыны сол: әйелімнің аузынан шыққан сӛздердің бәрі 
дерлік менің міндерімді дӛп басады да жатады. Ӛзімше ӛй дермін, бүй 
дермін деп ойлап келе жатқан себептерімнің бәрі оның сӛзінен кейін 
түкке жарамай сетінейді. Үндеймін деп үйдей пәлеге қалмас үшін, 
ондайда томсырайып отырам да қоям. Әуелде дәл тӛбемнен түскендей 
сӛйлегенмен, қыза-қыза келіп әрнені қосып айтқан сайын, әйел емес пе, 
бір жерде болмаса бір жерде біздің Күләйхан да аяғын аңдамай басып 
қалады. Саспай ғана сондайда сӛз арасына бір пікір қосып қоям.
Мәселен:
– Ой, сен де... ӛзің ойлашы, осыңның артық айтылған сӛз екенін ӛзің де 
біліп тұрсың, бірақ ашумен айтып тұрсың, – деп кӛлгірсимін.
Ол, әрине, бірден сылқ етіп құлай кетпейді, әуелі ойланады, ашудың 
екпінімен тағы да біраз сӛз айтады, бірақ айтып отырып ойлана бастайды, 
жаңағы бір сӛзінің, шынында, ағаттау шығып кеткенін аңғарады да, 
еріксіз бәсеңсиді, әйткенмен кілт ӛзгермей, орағытып барып бәсеңсиді. 
Биікке шамадан тыс кӛтеріліп кеткен ұшақ құсап ол бірте-бірте тӛмендей 
келіп қонғанша, мен де үзік-үзік сӛздермен ӛз жағдайымнан хабар беріп 
үлгірем. Бұл жолы да сӛйттім.
– Әлгі Қадырғали қу кездесіп қап, қоярда қоймай, тіпті... Кетсем, 
ӛкпелеуге айналды. Саған сәлем айтып жатыр. Іздеп келмейсіңдер дейді... 
Ретін тауып бір демалыста барып қайтсақ та болатын еді. – Біраз 
хабарламаны мүләйімси отырып құлағына құйып тастадым. Оның 
нәтижесі, әрине, бірден кӛріне қалмайды, дәрі құсап бірте-бірте барып 
әсер етеді.
Күләйхан ал кеп сӛгіп жатыр, сӛгіп жатыр. Менде үн жоқ. 
Кішкентайымыздың екі күннен бері мазасы кетіп шікірттеніп қалғаны да, 
оны бағып-қағамын деп Күләйханның жӛнді ұйқы кӛрмегені де – бәрі рас. 
Мен де қай ұйықтап жарытты дейсің, Күләйханның қасында жүрдім, 
бірақ қазір оны айтуға болмайды, мұндайда әйелің де бастығың тәрізді: 
сӛз қайтарғанды суқаны сүймейді. 
Бала ауырып жатқан соң ба, бұл жолғы ашуының беті басқарақ. Сӛз 
аралығында айтып жіберетін қыстырмаларымды құлағына ілер емес.
Ашуланған адам аузына ойда жоқ бір жаман сӛз түсіп кетсе де, 
бұрынғысынан бетер ӛршіп кетеді. Құдай атқанда, Күләйхан да сӛйтті. 
Қадырғалимен бірге болдым ба, Қадыргүлмен бе, соған онша сене алмай 
да дымы құрып тұрған болу керек, кенет ол менің бозбала күндерімді 


бетіме баса бастады. Қатты ашуланғанда, ӛстіп менің біраз тарихымды 
қайта ақтарып барып басылатын әдеті.
– Сен маған суып біткенсің, – деді даусы дірілдеп, – о бастан суық 
болуың да мүмкін. Мен ақымақпын, сенің басқа қыздарыңның бар екенін 
біле тұра неғып ӛліп-ӛшіп қалдым десеңші. Сенің жақсы кӛрген қыздарың 
сол ана Зәбира, Шолпандар. Маған әншейін олардың сәті түспеген соң 
үйлене салғансың. Әйтпесе немене, елдің махаббаты біреу де, сенікі 
бірнешеу ғой деймісің. Бір ӛмір – бір махаббат, сенікі баяғы сол 
Зәбирамен бірге біткен, кейінгісінің бәрі кӛзбояушылық. Әйтеуір, бір 
әйелмен бірге тұру керек болған соң, менімен бірге тұрып жатырсың.
– Талай байғұстың құлағын шулаттың-ау жарым түнде, – дедім күліп. 
Ӛзім кінәлі боп отырып әзілдеген немді алған десеңші, ішін қызғаныш 
ӛртеп Күләйхан жыларман халге жетті.
– Білем, сенің ол – әзілің емес, шының. Сен әзілдеген боп ылғи 
шыныңды айтасың. Оларға әлі жаның ашиды: бір сӛз айтсам, қорғаштап 
шыға келесің. Мен ӛліп жатсам да ӛйтіп ара түспейсің.
Қайтерсің, амал жоқ, о бастан ӛзімнен кеткен қателік. Қағынып, 
күнделік жазып нем бар еді десеңші. Басқа мәдениетім жетісіп, олқы 
жерім тек сол ғана болып тұрғандай, жүрген-тұрғанымның бәрін 
жазыппын. Үйленген кезде ӛртеп жіберу де ойыма келмепті. Ӛткен 
дүниенің де ӛстіп адамның алдынан шыға беретіні жаман. Алғаш оқып 
отырғанын кӛргенде: “Күләйтай, ол менің құпиям ғой, тиіспесеңші!” – 
деп, тағы бір бәлеге қалғаным бар. “А, сіздің біз білмейтін де құпияңыз 
бар екен ғой. Бұл тиісуге болмайтын дүниеңіз бе еді? Ах, солай екен ғой!” 
– деп сазара қалды. “Ойбай, оқи ғой, оқы!” деп, рұқсат беріп құтылдым. 
Бір құтылуын құтылсам да, біржола тұтылғанымды кейін білдім. Содан 
бері ылғи осы: қит етсе, қыздардың тізімін алдыма тартады да отырады. 
Мектепте оқып жүргенімізде: “Адам бір-ақ рет сүйеді, бір-ақ рет 
ӛледі”, “Әркімге ӛмір де бір-ақ рет беріледі, махаббат та бір-ақ рет 
кезігеді”, – деген аксиома іспетті ойларын қыздар ӛлең альбомдарына 
бадырайта-бадырайта жазып қоятын. Ұмытпасам, ол сӛздерді ӛзім де 
талай қыздың ӛлең дәптеріне ӛрнектеп тұрып жазған болармын. Оқушы 
кездегі ойларымыз да, қылықтарымыз да қызық қой: “Бір ғана қызды шын 
сүйеміз, ӛле-ӛлгенше соны ғана сүйіп ӛтеміз”, – дегенді бәріміз де 
айтатынбыз, солай болатынына сенетінбіз. Сол тілекпен, сол ниетпен 
сүйіп те кӛрдік. Қызды да сендірдік, ӛзіміз де сендік. Бірақ ол қызға 
үйленбедік. Ӛтірік сүйдік пе, жоқ кінә қыздан болды ма, білмедік. Бар 
шынымызбен, бүкіл жүрек жалынымызбен-ақ сүйген сияқты едік, 
болмады. Махаббаттың бір-ақ рет болатыны рас болса, онда біздің бәріміз 
дерлік махаббатсыз үйленген боп шығамыз, ӛйткені ол махаббатты 
кӛбіміз мектеп қабырғасында жүргенде-ақ жоғалтып алдық емес пе? 
Ӛйтіп бала кезіңде-ақ бітіп қала беретін болса, онда ол бала-шағадан 
басқаның басын қатырмаса керек еді, жігіт кезімізде ақ жынданып 
кетердей ғашық болдық қой. Бір емес, екі емес, бірнеше қызға кӛңіл 
аударғанымыз да бар. Сонда қалай болғаны? Сонша сүюдің ішінде бір 


сүйгеніміз ғана шын, басқасының бәрі ӛтірік пе? Онда ӛміріміздің тең 
жартысы ӛтірік те. Адам сенбейтін әңгіме. Соншалық ӛтірік үшін 
табиғаттың адам баласына қымбат ӛмірді сыйлай салуы мүмкін емес. Бар-
жоғы алпыс-жетпіс жыл ӛмір сүретін біз қателескен күнде де, Адам ата-
Хауа анадан бұрын жасап келе жатқан жаратылыстың ӛйтіп қателесуге 
қақысы жоқ. 
Сонан соң ӛтірік сүю, шын сүю; ӛтірік сезім, шын сезім дегендер 
табиғатта болатын нәрсе ме, жоқ ӛзіміздің ойлап тауып жүрген бәлеміз 
бе - мен соған да күмәнданам. Сүю, сӛз жоқ, сезімнің ең биігі. Бірақ сол 
биіктің де ӛз шыңы, ӛз тӛмені бар. Біз, бәлкім, түсінбей, түсінсек те 
әсерлеп үзілді-кесілді айтқанды артық кӛріп, оның биігіне шын деп, 
тӛменіне ӛтірік деп айдар тағып жүрген сияқтымыз. Ал шындығында, 
сезімнің биігі бар, тӛмені бар, бірақ ӛтірігі жоқ. Сезімді тежеуге болады, 
біреулерден жасыруға болады, ӛтірік сезінуге болмайды. Мүмкін емес. 
Демек, махаббаттың да биігі бар, тӛмені бар, тек ӛтірігі жоқ. Ӛтірік 
ӛмір сүруге де болмайды, біреуді ӛтірік сүюге де болмайды. Тіпті, біреуді 
арам мақсатпен айналдырып тұрсаң да, сезімің кәдімгі шын сезім болады. 
Ал енді әр адамның басында махаббаттың бір рет пе, екі рет пе, қанша рет 
болатынын кесіп айту қиын. Оның біреу екенін айтып атақтылар мен 
даңқтылар құлаққа әбден сіңіріп кеткен, сондықтан ол қағидаға қарсы 
шығу адам баласына абырой әпермейді. Ол қылығың “Мен біреудің 
бірден-бір махаббатымын” деп сеніп, сол сезімнің рахатын кӛріп жүрген 
әйел қауымына да оспадар кӛрінеді. Егер бұл жайында міндетті түрде 
пікір айту керек болып жатса, тіке айта салмай, әуелі ӛз махаббатыңның 
бүкіл тарихын айтып біткен соң барып бірдеме деген дұрыс. Содан 
оңдысы жоқ.
Қашанғы ұрса берсін, бір кезде Күләйхан да басылды-ау. Әйел 
жарықтықтардың мінезі де қызық: жаңа ғана ауыз жаппай әкемді 
танытқан ол енді тіл-аузы байланғандай тымпиды да қалды, үндемей 
жүріп тӛсегімді салып берді, үндемей барып ӛзі тӛсекке жатты.
– “Түу, сен сӛйлемей қойып едің, үйдің іші қаңырап бос қалғандай 
қорқынышты болып кетті ғой, бірдеме десеңші!
Қырсықтықты қойсаңшы, соның алдында ғана қашан сӛзі бітер екен 
деп сабырым кетіп еді, енді оны қайта сӛйлеткім келді. Ары түртпектедім, 
бері түртпектедім, ашуының бәрі мына сӛзбен бірге аузынан шығып 
кеткен бе, Күләйханым қыңқ деп қабақ шытар емес, рахаттанып кӛзі 
ұйқыға кетіп барады. Омайып жалғыз отыра берейін бе, мен де қасына 
барып кисайдым. Мұндайда оңайлықпен ұйқы келе ме, дӛңбекшіп жатып 
ӛз махаббатым жайында ӛзіме-ӛзім есеп бере бастадым.
Анық шынымызды айтатын болсақ, біз бәріміз де махаббаттың 
алғашқы шарпуын бала күнімізде кӛрдік. Қыз бен жігіттің арасында 
әлдебір жұмбақ, әлдеқандай ғажап байланыстың болатынын бұлдыр да 
болса балалық шағымыздан білдік. Біреулер үрейлендіріп айтты, енді 
біреулер барынша қызықтыруға тырысты, қалай айтса да сол жұмбақ 
дүниемен жолығуды аңсап іштей асығып ӛстік. Соның сырын білсек


бәрін де білетіндей кӛрдік. Ол жайында ұрланып естідік, жүрексіне 
сұрадық. Махаббат туралы ойлау бұған әлі ерте деді, қызығуымызды 
тәртіпсіздік санап, хат жазуға, “махаббат” деген сӛзі бар ән айтуға тыйым 
салған мұғалімдеріміз де болды. Бірақ қанша жерден тыйым 
салғандарымен де тыйыла қоймадық. Қысқасы, махаббатты іздей жүріп 
есейдік.
Мен екінші класта оқитынмын, әпкеммен бірге тӛртінші класта Сәуле 
деген қыз оқыды, кӛзі үлкен, беті дӛңгелек, топ қыздың ішінде 
кӛріктілігімен бірден кӛзге түсетін. Күлегеш, ешкіммен ұрыспайтын, 
сондай бір сүйкімді қыз еді. Бәрінен де ән айтқаны артық-тын. Мектепте, 
колхоздың клубында жиын әлде салтанатты кештер бола қалса, ол кезде 
міндетті түрде артынан оқушылардың концерті ӛтетін, сол концерттің ең 
шұрайлы бӛлігі Сәуленікі болатын. Маған, тіпті, сол концерт дегеннің ӛзі 
Сәулеге ән айтқызудың сылтауы сияқты сезілетін. Ондай дауысты мен әлі 
күнге дейін естіген емеспін. Бәлкім, бала кездің балалық әсері де болған 
шығар, 
бірақ 
Сәуленің 
соншалық 
әнші 
болғандығына 
еш 
күмәнданбаймын, ӛйткені үлкендердің де ол ән айтқанда аһылап-уһілеп 
тындағанын талай рет кӛрдім, сол үшін де Сәулеге ынтыға түстім. Оның 
даусында ӛз үніне ілесе естілетін әлдебір үстеме лебіз бар сияқтанушы 
еді. Бір адам екі дауыспен айтып тұрғандай сезіп, қайран қалатынмын. 
Әннің сӛзін ап-айқын айтып тұрған негізгі үнге ілесіп кӛмейінен естілер-
естілмес тағы бір нәзік дыбыс естілетін, сол дыбысты құлағым шалғанда, 
жүрегімді біреу алақанына салып тұрып бауырына қысқандай балқушы 
ем. Тәтті мұң дегеннің не екенін мен алғаш Сәулені тыңдап отырған сәтте 
түсінген де шығармын, бәлкім, кім біледі. Ол қаншалық кӛңілді әндерді 
айтып жатса да, мен ылғи қайдағы бір түсініксіз мұңға шомып, соның 
ырқынан кӛпке дейін шыға алмай шырмалушы ем.
Сәуленің менен үлкен екенін, әпкеммен жасты болғасын, қазақ ғұрпы 
бойынша оның да маған әпке іспетті екенін түсінетінмін. Тіпті, оған деген 
сезімімді сыртқа шығармай жұрттан жасыруыма да басты себеп сол 
түсінігімнен еді.
Бәлкім, Сәулеге деген сезімнің ғашықтыққа бәлендей байланысты да 
болмауы мүмкін. Бірақ мен үшін Сәулені айтпай кету нағыз айтылуға тиіс 
нәрсені айтпай кеткенмен бірдей болады да тұрады. Ол кезде сәл ойлана 
қалсам, бүкіл келешегімді Сәулемен байланыстырып қиялдайтынмын. 
Оңаша қалсам, Сәулені сағынатынмын, тезірек кӛргім келетін, онымен 
тең кісідей сӛйлесу үшін, тезірек ержетіп кететін кереметтердің сан түрін 
аңсайтынмын. Сондайда құлағыма ылғи Сәуленің үні келіп тұрғандай 
болып кӛрінетін. Оның ең сүйіп айтатын әні әлі күнге дейін менің 
жадымда, қазір бірақ оны сол кездегідей күнде емес, сирек балалығымды 
сағынғанда ғана айтам. Және оны айтқан кезде есіме ылғи Сәуле түседі. 
Бір ғажабы, Сәуле салатын сол әнді ешбір әртістің, ешқандай 
кӛркемӛнерпаздың аузынан естіген емеспін. Уақыт шіркін алғашқы 
шумағынан басқасын маған да ұмыттырып үлгеріпті, оқиғасы ғана есімде: 
Мұхит деген жігіттің Гүлзағира атты жалғыз қарындасы болады. Ұлы 


Отан соғысы тұтқиыл басталып кеткенде, жігіт майданда жүріп әкесіне 
былай деп хат жолдайды:
“Әкежан, мен ӛлді деп ӛле кӛрме,
Кӛңіліңді қайғы-дертке бӛле кӛрме.
Артымда қарындасым – Гүлзағира,
Мал үшін бір жаманға бере кӛрме!”
Сәуле мұны айтқанда, әсіресе кемпір-шалдар кӛздеріне жас алмай 
отыра алмайтын.
Бесінші класты бітіріп, демалысқа шыққан кезде аяқ асты ауырып 
Сәуле қайтыс болды. “Қалай ӛліпті, неден ӛліпті?” – деп ешкімнен 
тәптіштеп сұраған емеспін. Ӛлгені рас болған соң, одан ӛзге шындықтың 
қаншалық қажеті бар? Ендігі, бәлкім, ӛзінің туған бауыры мен сіңлілері 
де Сәулені еске алмайтын болып кеткен шығар, ал мен әлі ұмытпаймын, 
бірақ бірінші махаббатым сол еді деуге аузым бармайды. Алайда қызға 
деген құмарлығымның, ынтығуымның алғашқы бір кӛрінісі сол болғанын 
мойындамауға да ұжданым жібермейді. Ол тірі болса, балалық 
ынтықтықтың қай арнаға барып құярын болжау, әрине, қиын. Оны менде 
білмеймін, басқа да білмейді. Сәулеге ынтығыпсың деп әйелім де 
сӛкпейді, қызғанбайды, әншейін балалықтың бір ақымақтығы дей салады. 
Ал мен балалығымның бір ескерткіші деп бағалаймын. Қымбат 
ескерткішті кім кӛрінгенге кӛрсете беру лайықсыз, сондықтан Сәуле 
жайындағы құпиямды күнделігіме ғана жазғаным болмаса, адам баласына 
сыр қылып айтқан емеспін.
Соғыс жылдарында туып, соғыстан кейін мектеп кӛрген біздер 
ӛзімізден ересек қыз-жігіттермен араласа оқыдық. Жасы үлкендермен 
ерте араласу ересектердің кітабын ерте ұрлап оқып қойғанмен бірдей: 
қылықтары қызықтырады, кей істерінің мәнін ӛз мағынасында түсіне 
алмайсың, бірақ, әйтеуір, ӛзіңнің де үлкейіп қалғандығыңды дәлелдегің 
келіп, үлкендерге ұқсап бағуға тырысасың. 
Сауатты халық ӛзінің ең қымбат сезімін хатпен құпиялап білдіруді 
әдет етіп жүрген кез болатын. Тӛртінші класта оқып жүргенімде, 
ересектерден кӛргенімді істеп, менің де бір қызға хат жазғым келді. Бірақ 
кімге жазарымды білмей, кӛп таңдадым. Түсінігім бойынша, ӛзі сұлу, ӛзі 
үздік оқитын, сабақ үстінде тыныш отыратын, таза жүретін, кітап-
дәптерлерін күтіп ұстайтын қызға жазуым керек, ал ондай қыздар біздің 
класта бірнешеу. Әбден таңдамай, кез келген біреуіне жаза салсам, кейін 
сол асығыстығым үшін ӛмір бойы ӛкініп ӛтетін сияқтанам. Неге ӛйтіп 
ойлағаным қазір анық есімде жоқ, сірә, үлкендердің “мәңгілік сендікпін”, 
“ӛмір бақи сүйіп ӛтем” секілді үзіккен уәделерін құлағым шалып 
қалғандықтан, сӛйткен болуым керек. Сонымен, сӛздің қысқасы, кімге хат 
жазатынымды айға жуық уақыт ойладым. Жан-жақты, қайта ойланып 
жүрмейтіндей болып біржола ойландым.
Түр жағынан алғанда, ең әдемі қыз Ұлдан-тын: беті аппақ, қасы мен кӛзі 
қап-қара, аузы оймақтай сүйкімді, екі ӛрім шашы да ӛзіне әдемі 
жарасатын. Оқуы да жақсы, тек жалғыз міні тұтықпа еді. Сабақ айтқанда, 


зуылдатып сӛйлеп келе жатады да, бір жеріне келгенде кілт кідіріп 
қалады, екі ұрты қайнаған ботқаның беті құсап бүлк-бүлк етіп ұзақ 
тұрады, содан бір кезде шықпай тұрған дыбыс бӛтелкенің тығыны құсап 
тарс атылып кетеді. Класс ду күледі. Қатал мұғалімнің сабағында болса, 
мырс-мырс етеді. Сонысын мін кӛрдім бе, білмеймін, Ұлданға жазғым 
келмеді.
Енді бір әдемі қыз – Нұргүл. Бүйрек бет, ақ құба, шашы да қысқа, бойы 
да қысқа. Күлкішіл, әзілкеш. Ӛзі де ауыз жаппайды, ӛзгеге де ауыз 
жаптырмайды, тӛңірегін думандатады да жүреді. Оған жазуға болар еді, 
бірақ жаман айтпай жақсы жоқ, хат жазғаным кӛңіліне жақпай қалса, 
“Маған Жақып хат жазыпты”, – деп, бүкіл класқа таратып жіберуі 
мүмкін. Мінезіне кісі сеніп болмайды, қауіпті қыз.
Шолпан да әдемі. Әкесінің басқарма екендігінен болар, қыздардың 
ішінде кӛрікті киінетіні сол. Қолы-басы, беті, денесі – бәрі аппақ, аппақ 
болғанда да бор жаққандай аппақ. Жеке-жеке алып қарасаң, әр мүшесі 
соншалықты сұлу да емес: кӛзі сығырайыңқы, иегі тым үшкір, бойы менің 
иығыма жетер-жетпес қана; бірақ етінің аппақтығы соның бірін де 
байқатпайды, анандай аппақ денеден ӛзіңнің де мін іздегің келмейді. 
Оның үстіне оқуы да, тәртібі де, үсті-басын күтуі де – бәрі жақсы. Тек 
қорқытатыны – тым тәртіптілігі, оқытушының айтқаны ол үшін заң, бір 
сӛзін бұлжытпай орындайды. Біздің мұғалімдер хат жазысуды үлкен 
қылмыс санайды, ал ондай қылмысқа Шолпандай тәртіпті қыздың барар-
бармасы да екіталай. Қорыққанынан хатты қолға түсіріп қоюы да мүмкін.
Кӛрік жағынан Гүлзада да ешкімнен кем емес, еті тірі, үсті-басын қатты 
күтетін қыз. Қара торы, қызыл шырайлы. Менен бір жас үлкендігі бар. 
Денесі де ірі, бойы да ұзын, сӛзі де ӛктем, байқауымша, маған онша 
ілтипаты жоқ. Ойнағанда менен гӛрі ірілеу балаларды кӛп иектейді. Тіпті, 
оның бәрін ескермегенде, кейін ӛзімнен ұзын қыздың қасында қайтіп қол 
ұстасып жүрем, кӛрген жұрт келекетіп күледі ғой. Ойлауға мүмкіндік 
барда оны да ойламасқа болмайды.
Қыздардың бәрін осылайша сорттай келіп, ақырында хатты Шолпанға 
жазуға ұйғардым. Аппақ қыздың қасында қол ұстасып кетіп бара 
жатқанымды кӛз алдыма елестетсем, кӛңілім қолма-қол кӛтеріліп қоя 
береді. Ӛтіп бара жатқан жұрттың бізге қызығып қарайтынына дейін 
қиялдап үлгердім. Демек, басқалардан гӛрі Шолпанды жақсы кӛргенім 
ғой. Басқа қыздардың да жақсы екенін білем, бірақ Шолпанға 
байланыстырып 
болашағымды 
ойлаймын, 
қалай 
үлкейетінімді 
қиялдаймын. Хатыма Шолпан жауап бере ме, жоқ па – оны білмеймін, ал 
хаттың жақсы кӛрген қызға жазылу керектігін түсінем.
Сан рет жазып, сан рет жыртып, ақырында хаттың да соңғы нұсқасы 
даяр болды. “Шолпан! – дедім жолдың басына, сонан соң екінші қатарға 
түстім. – Мен сені кластағы қыздардың бәрінен де жақсы кӛрем. Сен 
сұлусың, жақсы оқисың. Үлкейгенше хат жазысып тұрайық. Мен сені 
мәңгі дос болуға шақырам. Оған қалай қарайсың? – Сӛйттім де жаңа 
жолдан түсіп, – Жауап күтуші Жақып”, деп қол қойдым.


Хат жазылды. Әрине, сӛздің мәнінен бұрын әріптердің әдемі 
жазылуына айрықша кӛңіл бӛлінді. Хатты тапсыру хатты жазудан да 
қиын болып шықты. Тӛрт бүктелген қағазды алақаныма тығып жарты күн 
жүрдім. Сабақта отырсам да, сыртқа шықсам да қолымды қалтамнан 
шығармай ұстадым да жүрдім. Ізінен қалмай аңдысам да, қыз бір оңтайын 
таптырмады, хатты бере алмадым.
Қыс болса да қар жоқ, жылы болатын. Сабақтан кейін Шолпанның 
соңына тағы түстім. Бір топ бала қуысып, күлісіп, кӛңілді келе жаттық. 
Ұлдар ӛзімізше қыздарға әзілдейміз, олар бізді қуалап кеп береді. Қуып 
жетсе, ұрып ӛлтіретіндей-ақ кеп қашамыз. Бірде Шолпан да маған тап 
беріп қалды. Кӛктен сұрағаным жерден табылып, қуанып кеттім, жалт 
бұрылып шегіне қаштым. Жете алмасын біліп, қыз қумады.
– Қушы! – дедім ӛзімше қуланып. – Қуып жетсең, бірдеме берем.
– Не бересің?
– Куып жетсеңші, кӛресің ғой.
– О, сен жеткізбейсің. Жеткізем, қусаңшы!
– Ой, шаршап тұрмын. Ештеме де бермейсің, алдайсың.
Жан-жағыма қарасам, екеуміз оңашаланып үлгеріппіз.
Арттағылар әлі алыста, ӛз тобымыз ұзап кетіпті. Қыздың жанына 
жүгіріп келіп:
– Мә! – дедім жұдырығымды жазбай.
– Ол не?
– Мә, хат.
Қолына ұстата салдым да, алды-артыма қарамай зыттым. Үлкен 
ӛткелектен ӛткен адам құсап бойым жеңілдеп қалған тәрізді, ӛкпем жерге 
тимей зымырадым.
Хат жазысудың шын мәнінде қауіптілігін де түсінбегені ме, жоқ әлде 
жүрек жұтқандығы ма, білмеймін, қыз жауабын ертесінде-ақ, әкеп берді. 
Үзіліс кезінде жаныма жанамалап келді де, қолыма бүктелген қағазды 
ұстата салды. Ұрланған да жоқ, қиналған да жоқ, күнде істеп жүрген әдеті 
сияқты. Шолпанның сол ерлігіне күні бүгінге дейін таң қалам, бірақ оны 
ерлікке не итермелегенін әлі түсіне алған емеспін. Жазған жауабына 
қарап та жорамал жасай алмадым. “Жақып! -деп жазыпты хатында. – Сен 
алдайсың, ӛтірік айтасың. Мені шын жақсы кӛрсең, бұдан былай Ұлдан, 
Нұргүлдермен ойнама!”
Ол кезде мен не ойлап жарытты дейсің, қыздың талабын орындап, 
содан былай Ұлдан, Нұргүлдермен ойнамайтын болдым. Бірақ кӛп ұзамай 
Шолпанның әкесі басқа колхозға басқарма болып ауысты да, арамыздағы 
достық жалғаспай қалды. Кӛпке дейін есімнен шықпай, әжептәуір 
қиналдым. Ӛзімді ӛзім жұбатып, үлкейгенде кезігерміз деп үміттендім. 
Кезігуін кезіктік, аудан орталығындағы онжылдық мектептің сегізінші 
класында тағы бірге оқыдық, алайда жат кісілердей жақындаспай кеттік, 
бала күнгі әсерлер ӛзгеріп үлгеріпті. 
Дегенмен сол хат жазып, хат алған күндерді анда-санда әлі де есіме 
аламын. Сондағы ӛз қылықтарым ӛзіме жұмбақ. Шолпан екеуміздің 


арамыздағы не еді? Махаббат па еді сол? “Жоқ” деп те, “иә” деп те айта 
алмаймын, жауапкершілігінен қорқам. Әйткенмен есіме түскенде 
елжіреп, ерекше бір сағынышпен мұңайып қалатынымды жасыра 
алмаймын.
Кейін де қыздарды ұнаттым ғой, соған қарағанда, Шолпан екеуміздің 
арамыздағы махаббат болмаса керек. Жалғыз махаббаттан ақылың толмай 
жатып айрылып қалсаң, қандай жаман!
Оныншы класта оқып жүргенімде басымнан тағы бір тарих ӛтті. 
Ауылдағы жетіжылдықты бітірген соң біз аудан орталығынан оқыдық. 
Бүкіл аудандағы бірден-бір орта мектеп болғандықтан, оған оқушылар 
жан-жақтан жиналатын. Сегізінші кластан бастап бізбен бірге Зәбира 
дейтін әдемі қыз оқыды. Қасы мен кірпігінің арасы алшақ, маңдайы кең, 
сұңғақ, ақ сары қыз болатын. Кездейсоқ кіріп келгенде, жүзі жарқ ете 
қалғандай әсер ететін. Баданадай кӛзінде ажалым қайсыңнан екен 
дегендей шошына қарап бір сұлулық тұратын. Зәбираның талассыз сұлу 
екенін мойындап, оның алдында жолдас қыздары да бір түрлі ығыса 
жүретін. Ал ұлдар жағын айтпаса да түсінікті, бәрі де білдірмеуге 
тырысатын, бірақ бәрінің де Зәбираны жақсы кӛретіндіктері сезіліп 
тұратын.
Бір күні ойламаған іс болды. Екі сабақ бітіп, үлкен үзіліске шықтық. 
Келесі сабақ алгебра болатын. Кӛңіліме бір күдік кіріп, дәптерімді ашып 
қарасам, ойлағанымдай-ақ үйге берген есепті шығаруды ұмытып кетіппін. 
“Қоңырау соғылғанша ӛзім шығарып ала қояйын”, десем, күнәқар болам 
ғой, дереу біреуден кӛшіріп алудың қамын ойластыра бастадым. Жүгіріп 
тақтаның алдына шықтым да:
– Үйге берген есепті кім дұрыстап шығарып келді? – дедім айқайлап.
– Мен, – деді Зәбира әлдекімнен ұрланғандай кӛзінің астымен қарап.
– Кӛшіртші! – Жанына жетіп барып, әй-шай жоқ дәптеріне қолымды 
создым. Ол дәптерін жалма-жан партаның үстінен жұлып алып артына 
тықты. Мен де қолымды солай қарай апара беріп ем, партаның 
отырғышына жамбастай жата қалды да, дәптер тұрған қолын жоғары 
кӛтерді. Мен дәптерге ұмтылған сайын қызды кеудеммен партаның 
қуысына нығыздай түстім. Неге ӛйттім, не себеп болды, оны қазір 
нақтылап есіме түсіре алмаймын, әйтеуір, бір кезде тентек сезім тұла 
бойымда тулады да кетті. Қыздың қолындағы дәптерді іліп алуға тағы 
ұмтылдым. Бірақ іліп алғаннан гӛрі оған жете алмай, қызды ӛстіп 
кеудеммен басып тұрғанның тәтті бір ләззаты барын түсіндім. Кенет 
қыздың жүзіне кӛзім түсті: ӛрттей қызарып кетіпті.
– Жақып, жібер! Ұят болады, – деді ентігіп. Әлдекімнен жасырғандай 
сыбырлап айтты. Үнінен бүйтіп тұрғанымызды біреулер байқап қалады 
деген үрейді де, ӛзіме деген ілтипатты да аңғарғандай болдым. Елжіредім. 
Еркелегім келді. Еркелей сӛйлесем, Зәбираны да еркелететіндей сезіндім. 
Бойымды сұмдық бір сезімталдық биледі.
– Бер дәптеріңді! Әйтпесе... – дедім сӛзімді аяқтамай.
– Немене әйтпесе?


– Сүйіп алам.
– Жақып! Жын ұрып кеткен бе сені?
Ол сӛйлеп жатқанда мен қызды қатты құшақтап алдым. Бетіне бірақ 
аузым жетпеді, құлағының астын ғана қытықтадым да қойдым. 
Қолындағы дәптерді қалай іліп алғанымды ӛзім де білмеймін. Зәбира 
партаға бетін басып отырды да қалды. Мен барып есепті кӛшіруге 
кірістім. Кӛшіріп біткен соң қайтадан қасына бардым. Сол кезде кіруге 
қоңырау да соғылды.
– Басыңды кӛтеріп отырмасаң, дәптеріңді бермеймін.
Сол кезде Зәбираның қасына Бибі отырып жатып, маған алая қарады:
– Сен ғой, құдай біледі, Зәбираға тиіскен?
– Мен емей-ақ ӛзі, есебін кӛшірте салса, бірдемесі кете ме? – Аяқ 
астында қулық жасай қойғаныма риза болғаныммен, іштей күдіктеніп те 
тұрмын. Мұғалім келгенше басын кӛтермесе, ол не болғанын сұрайды. 
Зәбира, бәлкім, үндемейді, ал Бибі бірдеме деп бүлдіруі мүмкін, Жылап 
жатқан жоқ па деп те мазасыздандым. Онда мәселенің оңалмасқа 
айналғаны. Жоқ, Зәбира да мұғаліммен орнынан тұрып сәлемдесті.
Келесі сабақтың алдында екеуміз кӛз түйістіріп қалдық. Қып-қызыл 
боп кетті. Мен де мақтанышпен жымидым. Ішімді от-жалын аралап 
ӛткендей болды. Зәбираның кӛңілін кӛз жанарынан бұл жолы анық 
кӛрдім. Аяғым жерге тимей кӛкте қалқып жүргендей күйге түстім. Ондай 
шаттықты басқа шаттыққа теңеп жатудың ӛзі күнә шығар, одан еш нәрсе 
аспайды. Ӛзің соншалық қуанып тұрып, бірақ соны басқадан құпия сақтау 
қандай қиын. Тұла бойымды тінтіп, сыртқа шығатын жол таба алмай бір 
тасқын жоғары-тӛмен лықсиды. Сабақ оқуды былай қойғанда, үйге келген 
соң дұрыстап тамақ іше алмадым. “Мұның аяғы не болады?” деп ӛзімнен 
ӛзім сұраймын. Дәл жауап табылмайды. Ғашықтық, махаббат деген осы 
ма, жоқ па – ол арасын да ажырата алмайтын сияқтымын. Байыз тауып 
отыру да қалды, сенделіп жүре беру де сеп болмады, не жынды емес, не 
сау емес бір күйдемін: ішімдегі сезімнің ӛртін басу үшін жерге жата қап 
дӛңбекшіп домалағым келетін секілді, ышқынып тұрып ән шырқағым 
келетін секілді. Бәрі де бұлдыр, бәрі де рахат.
Шам жағылды. Сабақ оқу керектігі есіме түсті. Дәптерімді алып, 
кітабымды ашып ұзақ отырдым. Ақ парақтың арасынан Зәбираның 
баданадай қара кӛзі жалт етіп, қайта бұғынып қалғандай кӛрінеді, 
кітаптың әрібінің ара-арасынан біресе ерні, біресе қасы елестеп ӛтіп 
есімді шығарды.
Кенет бір түйсік пайда болды. Байқасам, осыншалық аласұрғаным 
Зәбираны сағынғаннан екен. Күні бойы бір класта алты сабақты бірге 
оқыған қызды дәл сол күні осыншалық ынтығып сағынды дегенге, басқа 
біреу айтса, ӛмірі нанбас ем. Ертеңге дейін қалай шыдарымды білмей, 
жанып кете жаздадым. Мана талай сӛз айтып тастайтын ретім бола тұрып 
түк айтпағаныма ӛкіндім. Қыздың ӛзі ыңғай беріп тұрғанда, айтып-айтып 
алмағаныма ішім күйді. “Мен сені сүйемін!” – деуім керек еді ойымды 
ашық айтып. “Ӛмір бойы сүйіп ӛтем!” – деп ант ішкенде де болатын еді, 


тіпті?! “Түу, не деген жасық, не деген ақымақ адаммын!” – деп 
қынжылдым.
Бүгін жіберген қателіктерімді ертең жолыққанда дереу түзеуге 
бекіндім. Бірақ қалай? Қалай болушы еді, бүгін айтпағанымды ертең 
айтуым керек. Ӛзімнің қалай айтатынымды, Зәбираның оған не деп жауап 
беретінін – бәрін ойластырдым. Бәрі деп жүргенімнің ӛзі, түптеп келгенде 
бір-екі-ақ сӛз: “Сені сүйем!”, “Мен де сені сүйемін!” – деген сӛзге келіп 
тіреле беретін қысқа диалогтар.
Жазба 
сабақтарды орындаған болдым да, қағаз-қаламымды 
жинастырдым. Сол арада есіме Зәбираға хат жазу түсе кетті. Бүкіл күні 
бойғы жоспарымның ішіндегі ең қолайлысы, орындалуы онша қиын емесі 
сол екенін енді түсіндім. Дәптердің ортаңғы қос парағын шығарып алып 
бар шеберлігімді жұмсап: “Қымбатты Зәбира!” – деп бір тастадым. 
Ұнамады. Қос парақты умаждап ысырып қойдым да, жаңасын алдым. 
Оған енді басқаша: “Сүйікті Зәбира!” – деп жаздым.
Талай парақты талай жерінен жыртып, түн ортасына таман хатты да 
аяқтадым-ау. Жазып біткенмен ғана жұмыс бітпеді, жақсылап тұрып 
қайта кӛшірдім, сонан соң барып қана жастыққа басым тиді.
Кешегі батырлығым мектепке барғанда божырап бітті. Батыл-батыл 
сӛздер айтпақ тұрмақ, Зәбираның қасына бара алмай тайқып кете бердім. 
Кеше үлкен бір қылмыс істеп қойып, содан бүгін беті күйген кісіше 
жанына баруға батылым жетпеді. Сӛйтіп жүргенімде сабақ бітуге 
айналды, кейінге ысыратын уақыт қалмады. Соңғы сабақтың алдындағы 
соңғы үзіліс. Қанша аңдысам да Зәбираның оңаша сәтін таба алмадым. 
Қалтамдағы хат қалтамда жүріп-ақ тозуға айналды, сыртынан 
алақаныммен сипай-сипай да сірнемелеп бітетін болдым. Класқа кіруге 
қоңырау соғылған кезде шеке тамырым қоса шыңылдап қоя берді. “Бітті, 
бір күн бойы түк бітірмедім!” – деп ӛкіндім. Осы хатты беретінімді біліп, 
Зәбира да күтіп жүрген сияқтанып кетті. Солай екеніне сұмдық сендім. 
Жай артына қараған болып бірнеше рет бұрылды. Сӛз жоқ, сонда мен 
жаққа кӛз салғысы келді. Сӛйтті.
Ендігі кешеуіл менің шын сүймейтінімді, сүйе алмайтынымды ғана 
дәлелдейтін еді. Сын сәтте солқылдақтық жасағанымды сезіп, бойыма бір 
діріл пайда болды. Алақаным тершіп, қарап отырып жаным қысылды. 
Қазір шығуға қоңырау соғылған кезде оқушылардың барлығы опыр-
топыр жинала бастайтынын білем. Сол сәт, тек сол сәт қана қалды. Оны 
пайдаланбасам, біткенім.
Аты бала болған соң қанша үлкейіп қалдым дегенмен, ештемені 
үлкендерше істей алмайды екенсің. Бүкіл класта бір Зәбирадан басқа адам 
жоқтай соны ғана кӛрем, соған ғана қараймын.
Ерте дайындалып, бір аяғымды әзірлеп партаның сыртына шығарып 
отырдым. Қоңырау зың ете қалғанда, қарғып тұрып Зәбираның қасына 
бардым. Кӛзі жалт етіп бетіме қарады. Оның да, менің де бетім ду ете 
қалды. Жан-жағыма бұрылып қарадым, бізді байқайтындай ешкім жоқ, 
кітап-дәптерлерін жинастырып бәрі ӛздерімен ӛздері әлек. Қолымды 


созып қолының үстіне қойдым. Қыз қағазды сезді. Аударып алақанын 
тосты. Мен хатты қолына ұстата сап секіріп кеттім. Сәл кідіру әлдекімнің 
кӛзіне шалыну екенін жақсы түсіндім. Жүрегім атша тулап, тұла бойым 
дуылдай жӛнелді. Болды, үлкен бір жұмыс бітті. Қазірше қуаныштан ӛзге 
күткен ештемем жоқ, хатты ӛз қолымен алған қыз ӛз қолымен жауабын 
әкеп беретініне күмәнданбадым.
Түн бойы тағы ұйқым қашты. Қызға хат берген кездегі жағдай қайта-
қайта кӛз алдыма келеді, кӛңілімді қай-қайдағыға жетектейді. Әсіресе мен 
қасына жетіп барғанда, Зәбираның жалт қарағанын елестетсем, ӛне 
бойымды ыстық бу шымыр-шымыр шарпығандай болып, кеудеме рахат 
бір әуен құйылады.
Ертесі Зәбирамен оңаша қалуға тырысып, сан рет басқалардан әдейі 
сытылып шықтым. Әлде жүрексінді ме, жоқ ұялды ма, Зәбира маған 
жақындай қоймады. Бір түн ішінде жауап жаза қоймауы да мүмкін деп 
ойладым. Ұл менің ӛзім жарым түнге дейін жазғанда, қыз ол қалайша тез-
тез сӛз таба қойсын. Және ол ұрланып, жұрт кӛзіне кӛрінбей отырып 
жазуы керек, әпкелері мен інісі бар, солардан қаймығып, тіпті, хатымды 
да әлі оқи алмаған шығар. Жо, ендігі оқыды ғой. Әлде оқып тұрғанын 
біреулер кӛріп қойып, қолынан тартып алды ма екен? Ӛне бойым мұздап 
қоя берді. Масқара, әпкелерінің ӛйтуі де мүмкін ғой. Бір түрлі Зәбира 
бүгін кӛңілсіздеу. Ӛзің ойлап тапқан күдік ӛзің ойлап таба алмайтын 
азапқа салады екен. Ӛңімде де, түсімде де әлдекімдердің Зәбирадан хатты 
тартып алып жатқан қорқынышты елестері кетпей қойды.
Ертесінде де Зәбира жауап әкеп бермеді. Енді күдік кәдімгідей бас 
кӛтере бастады: “Мені сүймегені ғой, жай әншейін ойыны екен ғой”. 
Бүкіл ішек-қарнымды суырып алып тастағандай құлазыдым. Ішім аши ма-
ау, ауыра ма-ау, ӛзім де ажырата алмаймын, әйтеуір, жан шыдатпайтын 
бір сұмдық қиналыс. Бір сәт кәдімгідей тәніме әлдененің ауырта кеп 
батқанын айқын аңғарғандай болам, ӛзіме-ӛзім ем іздеп, ӛзімді ӛзім 
әлденемен алдағым келеді. Ем табылмайды, кӛңілі құрғыр алданбайды.
Арада ӛстіп тӛрт күн ӛтті. Ӛзгерісім бүкіл класқа белгілі болды. “Саған 
не болған? Қай жерің ауырады?” деп тақымдай берген соң: “Басым 
ауырып, құсқым келе береді”, – дей салдым.
– Ағай, Жақып ауырып отыр, үйіне қайта берсінші! – деп, кезекші 
Темірбек жанашырлық жасады.
– Е, барсын, – деді мұғалім.
– Жоқ, ағай, жазылып келе жатырмын, – дедім орнымнан ұшып тұрып.
Бүкіл класс бұрылып қарады. Зәбира да қарады. Мен үнсіз орныма 
қайта отырдым. Сабақ басталып кетті. Шындап ауыра бастағанымды 
сонда сездім. Шекем лықылдап, жүрегім лоблыды. Сабақтың соңына 
дейін азар шыдадым. Қоңырау соғылған соң әлі бір сабақ бар екеніне 
қарамастан, сӛмкемді ұстап кластан елеусіз ғана шығып кеттім. Сыртқы 
қақпаны айнала бергенімде, әлдекім арт жағымнан сыбыр еткендей 
болды. Жалт қарадым. Жанамалап Зәбира екен келе жатқан.


– Жақып, ренжімеші. Ертең алып келем, – деді. Нені айтып тұрғанын 
бірден түсіндім. Лап етіп ыстық қан бетіме шапты. Қыз да ал күрең 
тартты.
– Үйде әпкелерім бар, інім ылғи қасымнан шықпайды. Кӛріп қояды екен 
деп қорқам.
Соны айтты да Зәбира қайтадан жүгіріп қақпадан кіріп кетті. Менің де 
класқа қайта барғым келді. Бірақ оған сылтауым жоқ. Ертесі сабаққа 
күндегіден ерте келдім. Қашан Зәбира келер екен деп, есік жаққа 
жалтақтаумен болдым. Ол әбден қоңырау соғылардың алдында ғана 
келді. “Бүгін де жазып үлгере алмаған шығар”, – деп шошыдым. Біреулер 
сезіп қалар деген сақтықпен Зәбира жаққа сирек қарауға тырыстым.
Қоңырау соғылды. Қатарласып Зәбираның қасына келдім. Алдында 
“Қазақ әдебиеті” жатыр екен, қолымды соза беріп ем, Зәбира кітабын 
жұлып алды да, маған кӛрсетіп тұрып арасына хат салды. Жүрегім 
дүрсілдеп кетті. Кітапты қолыма ұстаған күйі ӛз партама қарай беттедім. 
Марат дейтін бұйра шашты бала да Зәбираға сұғын кӛп салатын, манадан 
бері менің не істегенімді бағып отырған ба, жанынан ӛте бергенімде, 
қолымдағы кітапты жұлып алды.
– Әкелші, ей, менде оқымап ем, бір қарап алайын!
– һах! – деп Зәбираның ышқынып қалғанын естідім. Атылып барып 
Мараттың қолына жармастым. Сусып хат жерге түсті.
– А-а, саған керегі арасындағы хат екен ғой! – Марат бар даусымен 
айғай салды. Жағасынан шап бердім.
– Оттама! Қайдағы хат!?
– Мынау не хат емегенде? – Ол да, мен де хатқа қолымызды қатар 
создық. Мараттың менен гӛрі әлді екенін бірінші рет байқадым. Партаның 
үстінен сырғып еденге түскен хат онсыз да соның аяғының астына жақын 
жатқан, іліп алған бетте тұра қашпақ болып еді, қолынан шап бердім. 
Егер ол босанып кетсе, мәселенің үлкен пәлеге айналатынын біліп 
тұрмын. Ол, сӛз жоқ, хатты қыздарға да, балаларға да бақырып жүріп 
түгел кӛрсетіп шығады. Соны ойлап, зәрем қалмады, тартып алуға әлім де 
жетер емес. Сӛйтіп алысып жатқанымызда, класқа Ақжол келді. Ол 
екеуміз бұл кластағы бірден-бір тату достар болатынбыз, менің 
жағдайымның соншалық қиын екенін түрімнен-ақ біле қойған болу керек, 
дереу жетіп келді.
– Марат, бер қолыңдағыны! -деді жекіп.
– Аларсыңдар, бәлем! Тура деректір ағайдың қолына апарып бермесем, 
кӛр де тұр! Қызбен хат жазысқанның қандай болатынын түсінесіңдер 
сонда.
Енді мәселенің неге байланысты екенін Ақжол да сезе қойды. Зәбираға 
хат жазғанымды, жауап күтіп жүргенімді, ішімді жарып бара жатқан 
сырларымды оған тек шеттеп қана айтқан болатынмын. Мараттың 
жұмулы алақанында не жатқанын түсіне кетіп, Ақжол енді оның сол 
қолына жармасты. Жыртылса да, қайтсе де хатты алу керек болды.


– Ойбай, жабылып жатыр! – деп, Марат арсыздықпен айқай салды. 
Шар еткен қоңыраудың даусы шықты, енді бәрі топырлап класқа кіре 
бастады.
– Марат, бер қолыңдағыны! Оңбайын, енді аямаймын! –деді Ақжол 
долданып.
– Мен де аямаймын! Қазір ағайға берем, ақыр екеуің жабылдыңдар 
ғой, жабылғанның жазасын кӛресіңдер қазір.
Ақжол Маратты ауыздан қойып-қойып жіберді, мен сол кезде 
алақанындағы хатты жұлқып тартып алдым. Мараттың езуінен қанның 
жылжып иегіне қарай сырғып бара жатқанын кӛзім бір шалып қалды. 
Хатты іздесе таппайтын жерге жасыру керегін шамаладым. Еңкейген 
болып табанымның астына тығып жібердім. Қазақ әдебиетіне арналған 
дәптерімнен бір парақты жыртып алып умаждап-умаждап хат құсатып 
тез-тез бүктедім. Қасымда отыратын Бикен дейтін қыз еді, менің қалай 
жанталасып жатқанымның бәрін кӛріп отырды. Мараттың аузы қанап 
кеткенін кӛріп, тӛңірегіндегілер топырласып қалды. Қазақ әдебиетінің 
мұғалімі де сол топырдың үстіне келіп кірді.
– Кім тӛбелескен? Қане, тақтаға шық!
Бірінші болып мен шықтым. Мен барып тақтаның алдына тоқтаған соң 
Ақжол да қозғалды. Орамалымен аузын үсті-үстіне сүртіп Марат та 
шықты.
– Неге тӛбелестіңдер?
Біз Ақжол екеуміз бір-бірімізге қарадық. Не айтса да әуелі Марат 
айтсын деп тұрмыз.
– Ағай! Зәбира Мұсақанова мен Жақып Тұрғанов бір-біріне хат 
жазысып жүр. Хаттарын ұстап алып сізге әкеліп берейін деп ем, Жақыпқа 
болысып Ақжол менің аузыма бір қойды.
– Ой, сен де жас бала құсап қайдағыны айтады екенсің. Оныншы 
кластың баласына лайық па осы қылықтарың? Хат жазысып жүр дейді 
ғой, тап бір шпионды ұстап алған кісідей. Біреудің жазған қағазын 
жолдан ашып оқудың ӛзі – мәдениетсіздік. Хат дейді ғой, хат екенін 
қайдан білдің?
– Хат, ағай, хат. Кітабының арасына салып берді.
– Ӛтірік. Мінеки, ағай, нанбасаңыз ӛзіңіз оқып кӛріңіз. Мен умаждалған 
қағазды мұғалімнің алдына апарып қойдым.
Класс дымдарын ішіне тартып тына қалды. Зәбираға кӛз салдым. 
Кӛкпеңбек шүберектей болып кетіпті. Ернін тістелеп жыларман халде 
отыр.
– Ағай, мен жазғам жоқ оны! Ӛтірік! – деді Зәбира орнынан ұшып 
тұрып. Сӛйтті де бетін партаға басып отыра кетті.
– Мә, Тұрғанов, біз мұны ашып оқымаймыз, ӛзің оқы! –деді мұғалім 
умаждалған қағазды қолыма қайта ұстатып жатып. Ал бірақ бірге оқыған 
достарыңа қол жұмсағандарың ұят. Мен оны класс жетекшілеріңе айтып 
барам. Ал қазір, қане, сабағымызды бастайық. Жүгір, аузыңды жуып кел! 
– деді Маратқа жекіп.


Ақжол екеуміз дәл бұлай оңай құтылармыз деп ойламап едік, 
кӛзіміздің астымен ғана бір-бірімізге назар тастап парталарымызға қарай 
беттедік. Қалай да жеңістің мен жағында қалғанын ӛзім де, ӛзгелер де 
сезді. Мұғалімнің бетіне ӛмірімде ӛйтіп шексіз ризалықпен қарағаным 
сирек шығар. Қатал, кешірімі аз, бағаға сараң саналатын Нәби ағайдан біз 
ешқашан қаталдықтан басқаны күтпеуші ек. Бір мен емес, бүкіл кластың 
бүгін оған таң қалып отырғанында дау жоқ. Сабақ бітті. Бәріміз Нәби 
ағаймен қоштасып сатұр-сұтыр орындарымыздан тұрдық. Басын жүре 
изеп ол кісі есіктен шығып кетті. Ар жағынан жылт етіп Марат кӛрінді. 
Оның сабаққа қайтадан кірмей қойғаны сонда ғана есіме түсті. Класс 
жетекшіміз Күлиман тәтейді де кӛріп қалдық. Табалдырықтан аттай 
беріп:
– Отыра тұрыңдар! – деді бізге. Сӛйтті де есікті сыртынан қайта 
жапты. Нәби ағаймен әңгімелесіп жатқанын бәріміз де ұқтық. Жаңағымен 
құтылмағанымызды Ақжол екеуміз түсіне қойдық. Мен ӛз басым хат 
қолға түспеген соң, қандай жаза болса да кӛтеріп алуға іштей әзірмін әрі 
ризамын.
Есік қайта ашылды. Орнымыздан тұрып Күлиман тәтеймен 
амандастық. Марат миығынан күліп ӛз орнына барып отырды. Ой, 
шіркіннің бірдемені тындырғандай маңыздануын-ай! Мен де оған 
миығымнан күлдім.
– Тұрғанов, Мұсақанова, Кәдіров! Тақтаға шығыңдар! – деді Күлиман 
тәтей бірден.
Үшеуміз де үрейлене түрегелдік. Мұғалиманың үнінде әлдебір 
мығымдық бар еді, сол бізді еріксіз үркітті. Мен еңкейген болып аяғыма 
қарадым, қара басып қағаздың бір шеті шығып қалмасын деп сақтандым.
– Құлиясов! – деді Марат жаққа иегін созып, – қане, сен болған 
жағдайды бастан-аяқ баяндап берші!
Бастан-аяқ айтып беру?! Анық масқара енді болды. Бастан-аяқ айтып 
берудің не қажеті бар еді?! Тізем, қолдарым дірілдеді. Күлиман тәтейді 
бұдан кейін менің сыйлауым, онымен енді бас изеп те амандасуым 
мүмкін емес еді. Кӛзімнен жас шыға жаздап ызаландым. Зәбирадан 
айрылғанымды, оны үлкен ұятқа қалдырғанымды, ұғыспай жатып жат 
болғанымды жан дүниеммен түйсіндім. Бүкіл мектепке кӛз түрткі, келеке 
болатынымызды да болжадым. “Оқымаймын, енді бұл мектептің 
қабырғасын кӛрмеймін”, – деп кіжіндім. Мараттың бір сӛзін естісем, бір 
сӛзін естімеймін. Әйтеуір, Зәбираның пырс-пырс жылап тұрғанын сезем. 
Жаны әлдеқашан шығып кеткен кеудеме әлдекім пышақты қырш-қырш 
сұғатын сияқты. Денем ауырсынбайды, тек пышақтың сұғылғанын ғана 
сезем, ауырғанын сезетіндей халім жоқ. Қалайша құлап кетпей тұрғаныма 
қайранмын.
Марат айтып бітті. Орнына отырды. Күлиман тәтей маған бірдеме 
деген болу керек, барлық класс менің бетіме қарайды, бірақ мен ештеме 
естімедім. Бір кезде ғана барып, қасымда тұрған Ақжол бүйірімнен 
түрткен соң ӛзімнің әлі тірі, ояу екенімді сездім. 


– Айтсаңшы, кӛрсет хатын! – деді сыбырлап. “Кӛрсет!” дегенді естіп, 
Зәбира селк еткендей кӛрінді. Қыздың ең қорқып тұрғаны сол хат екені 
айдан анық. Тәуекел, ол қорқыныштың бекер екенін тезірек дәлелдегенім 
дұрыс кӛрінді.
– Тәтей, Зәбира хат жазған жоқ, – дедім мүмкіндігінше сабырлы 
болуға тырысып, алдыңғы күні менің әдебиет дәптерімнің бір бетін ойнап 
жыртып алған, соны қайтарып берді. Марат соны айтып тұр. Мінеки, 
ӛзіңіз оқып кӛріңіз. – Умаждалған бір парақты Күлиман тәтейдің қолына 
бердім. Класс қайтадан тым-тырыс бола қалды. Сол қағаздың ішінде 
қандай сӛздер жатқанын бәрінің де білгісі бар. Ұят, мәдениетті былай 
жинап тастап, бәрінің де рахаттана бір тырқ-тырқ күлгілері келеді. 
Олардың орнында ӛзім болсам да сӛйтетін бе едім, кім біледі. Адамның 
бойындағы азғын құмарлыққа анау-мынау мәдениеттің шамасы қайдан 
келсін.
– Тұрғанов, сен ӛйтіп мені алдай алмайсың, – деді Күлиман тәтей 
қолма-қол қалшылдай ашуланып. – Мынау маған беріп тұрғаның не? 
Ӛзіңнің дәптерің ғой?
– Айттым ғой, тәтей, менің дәптерімнің бір беті деп.
– Қарашы, ей, мынаның мені алдамақ болып тұрғанын? Қайдан алдың 
мыңа қағазды? Қай уақытта ауыстырып үлгердің? Сен, тіпті, ӛзіңнен 
басқаның бәрін ақымақ деп ойлайсың-ау деймін? Бет жоқ қой сенде, 
Тұрғанов, бет жоқ. Міне, Мұсақанованың саған жазған хаты. Міне, менің 
қолымда тұр ол. Сен келіп маған қайдағы бір басқа қағазды кӛрсетіп 
алдамақ боласың. Қайтер екен десем, сен мұғалімді алдаудан да 
тайынбайды екенсің ғой! Қарай гӛр ӛзін. Мені, немене, сен ӛзіңше 
алжыған біреу деп ойлайсың ба?
Ал кетті дейсің, Күлиман тәтей біраз уақыт ағытылды. Жайдан-жай да 
ұрса беретін кісі еді, Марат қолына мынандай факті түсірген соң несіне 
тоқтасын. Ең маған ауыр тигені Мараттың алдап соққаны болды. Хат деп 
табаныма тыққаным ол әншейін Мараттың алдап қолына тыға салған 
басқа қағазы болды ғой? Қайтіп, қай кезде ауыстыра қойғанын адам біліп 
болмайды.
“Ей, мынау сенің жазуың емегенде менікі ме? Міне, қара!” – деп, 
Зәбираның кӛз алдына Күлиман тәтей хатты апарып үш-тӛрт рет кӛрсетті. 
–“Сүйіктім Жақып!” депсің ғой ӛзеуреп.
Зәбира ӛксіп жылап: 
– Тәтетай, екінші рет ӛйтпеймін! Кешіріңізші, тәтей! – деп безек болды.
Әбден сілікпемізді шығарып ұрысты. Мектептен шығартам деп 
қорқытты.
– Мен енді бұл мектепте ӛзім де оқымаймын! – деді Ақжол. – Бірақ 
Мараттың аузын күн сайын бір рет қан жалатып тұрмасам, атымды басқа 
қойыңыз!
– Ей, сен қалай-қалай сӛйлейсің? Ой, ұят жоқ. Сотталасың. Қарай гӛр 
мұның кісі ұрғышын.
– Айтқаным айтқан. Соттатсаңыз соттата беріңіз.


– Мен де оқымаймын! – дедім ашудан теңселіп. – Басқа жаққа барып 
оқимын. Ӛліп кетсем де енді сізден оқымаймын. Біреудің хатын оқуға 
Марат екеуіңіздің де қақыңыз жоқ. Кеше Нәби ағай солай деп айтқан, 
сіздердікі – заңсыздық!
– Тұрғанов! Кәдіров! Қандай оңбағансыңдар екеуің! Мұғалім 
сендердің әншейін бастарыңнан сипап қана отырса, жақсы екен ғой. 
Қарай гӛр бұлардың қиқарын. Отырыңдар орындарыңа! Екінші қабат хат 
жазысқандарыңды кӛрейін, айтпады демеңдер, аямаймын. Біреуге 
жұдырық жұмсап жабылғандарың үшін заң бар екенін білесіңдер ме 
сендер? Әй, Мұсақанова, мә, мына хатыңды ӛзің ал, сенің хатыңды 
оқығым келіп отырған мен жоқ, оқымаймын да.
Умаждалған қағазды бәріміздің кӛзімізше Зәбира бытшыт қылып 
жыртты да, қалтасына салып алды.
– Тәтей, оқымасаңыз, “Сүйіктім Жақып!” деп жазғанын қайдан 
білдіңіз? – Арт жақта отыратын Қожантай сылқ-сылқ күлді. Мырс 
еткендер басқа жақтан да шықты.
– Сен, осы қашан қоясың осындай сайқымазақтығыңды? Сабаққа 
сондай болсаңшы!
Менің әлгі ашынған сӛзім іске біраз ӛзгеріс әкелгендей болды. Бала 
болсақ та бәріміз байқадық, Күлиман тәтей тіпті күліп сӛйлеуге тырыса 
бастады. Мен орныма келіп отырған бетте табанымның астына салған 
қағазды алдым. Ештеме жазылмаған ақ парақ болып шықты. Мараттың 
зұлымдығына қайран қалып, зығырданым қайнады. Әлгі ақ қағаздың 
ортасына: “Қазір ұрайық та қашайық!” – деп жаздым да, Ақжолдың 
алдына лақтырып жібердім. Ол оқып шығып тек басын изеді.
Қоңырау соғылды. Дүр етіп орнымыздан түрегелдік. Ақжол партаның 
арғы бетінен, мен бергі жағынан шығып Маратты ортаға алдық.
– Тәтей, тағы соғысқалы жатыр! – деп, бір қыз шыңғырып жіберді. 
Ақжол қолын асығыс сілтеп қалып еді, тайып барып иығына тиді.
– Кәдіров! Тұрғанов! Шығыңдар, қане! – деп, Күлиман тәтей қашан біз 
екеуміз кластан шығып кеткенше қарады да тұрды. Ӛтіп бара жатып 
Зәбира жаққа кӛз салдым. Партаға етбетінен жатып солқ-солқ жылаған 
оны құрбы қыздары қоршап алыпты. Бикеннің оны иығынан құшақтап, 
басын сипап отырғанын байқадым. Бикеннің жақсы қыз екеніне содан 
күні бүгінге дейін ешқашан күмән келтірген емеспін. Сондай адалдықты 
кейде мен сағынамын да.
Аупарткомда бізге ағайын кісінің қызына үйленген Жекен дейтін жігіт 
істейтін. “Барайық, айтайық”, – деп Ақжол болмағасын, бара кӛрерміз деп 
сол үйге бардық, Жекен жұмыстан келмепті, әпкеміз жұмыс істемей үйде 
отыратын, кӛрген жәбірімізді сол кісіге айттық та қайттық.
– Бүкіл мектеп білетін болды, ұят, енді қайда оқырымызды білмей, сол 
жайында ақылдасайық деп келіп ек, – дедік.
Жекен бұл іске, неге екенін, қатты кірісті. Сірә, соған қарағанда, мен 
шамалағаннан да жақын туыс болып шықтық-ау деп ойлағам. Сӛйтсем, 
қызмет жағдайына аса ұқыппен қарайтын оның әдеті екен. Әпкеміз бізден 


естігенін айтып берген соң ертесі-ақ Ақжол екеумізді адам жіберіп 
кеңсесіне шақыртып алды. Бізді аупарткомнан келіп шақырып кеткенін 
білген соң-ақ мектепте үлкен жүгіріс басталыпты. Маратты директор 
шақырып алып ұрсыпты, Күлиман тәтейге де талай сӛз айтылса керек. Біз 
Жекенге болған жағдайдың бәрін де жасырмай айттық. Қол 
жұмсағандығымыз үшін ренжігені болмаса, бізді құптағандай кӛрінді.
– 
Мектептеріңе барыңдар. Қыз кӛңіліне келетіндей қылық 
кӛрсетпеңдер. “Бір ғана ӛтірік айтуларыңа болады, – деп ақыл үйретті, – 
кім сұраса да: “Қыздың хат жазғаны ӛтірік”, – деңдер. Мараттың 
маңайына енді жоламаңдар, оның ештеңесі кетпейді, қызға қиын тиеді.
Ертесіне үзіліс кезінде сыртта тұр ем, қасыма Күлиман тәтей келді.
– Тұрғанов, бері жүр, – деп, ӛзіміздің класқа алып келді. Оңаша қалған 
соң маған мүләйімси қарап: – Әй, баламысыңдар деген-ай, жаныңның 
ашығанын да білмейсіндер, жамандық істеп жүр деп ойлайсыңдар. Мен 
сӛйтіп мәселені тоқтатып қалмағанда, Құлиясов тура деректірдің ӛзіне 
баратын еді ғой. Мен Кәдіров екеуіңді ӛзім ұрысқан болып, мәселені жаба 
салмақ болып жүрсем. Әлі баласыңдар ғой, кейін кӛздерің жетеді. Маған 
ренжіме, ана досың Кәдіровке айт, Құлиясовқа тиіспей жүрсін, әңгімені 
ӛршітіп алады! –деп арқамнан қақты.
Мен мұғалимамның ол қылығын әлі күнге дейін адамгершілігі деп 
бағалай алған емеспін. Қандай себеппен ӛйтіп ӛзгере қалғанын сезсем де, 
неге ӛйтіп мені оңашалап әңгіме айтқанына миым жетпейді. Жекеннің ол 
кісімен жолыққан, жолықпағанын да білмеймін. Кейін, есейген соң, бәрін 
де сұрап алармын деп жүруші ем, қызметі жоғарылап Жекен соноу 
Қарағанды жаққа ауысып кетті, жолымыз түсіп содан бері жолықпай-ақ 
келеміз.
Әлдебір бақылауда жүрген адамдар құсап қысылып-қымтырылып 
жүріп оныншыны да бітірдік. Қазір сол бірге оқыған қыз жігіттердің 
қайсысының қайда екенін де түгел білмеймін. Марат милицияда істеп жүр 
дегенді естідім. Менімен бірге бітіргенін мақтанышпен айта жүретін 
кӛрінеді. Ақжол екеуміз ғана жиі кӛрісеміз. Отбасымызбен араласып 
тұрамыз. Ал Зәбираны Ақжол екі рет кӛріпті. Жылап амандасты дейді. 
Мені қайта-қайта сұрапты. Әлі ұмытпаған сияқты. Бірақ...
Бірақ сол бір оқиғадан кейін жұрт кӛзінше Зәбира екеуміз бір-бірімізге 
жақындамайтын болдық. Кейде бетпе-бет келіп қалсақ, кӛзімізді бұрып 
әкетіп байқамағансып ӛтетінбіз. “Сүйіктім Жақып!” – деген сӛзінен басқа 
ол хатта не жазылғанын да білмеймін. Әйткенмен жауаптың қандай 
жауап екенін сол екі сӛз де анық айтып тұр ғой. Амал не, батылдығым 
жетіп мен екінші рет хат жаза алмадым, батылдығы жетіп Зәбира да 
жауабын қайталамады. Арамыздағы жалын бірте-бірте сӛне бергендей 
болды.
Сӛнді дегенге сенбеймін бірақ. Осы күні де қиналып еске алам. 
Әсіресе Ақжол оны кӛрдім дегелі бері жиі ойлаймын. “Күйеуін кӛп айта 
бермейді. Ей, қойшы соны! – деп сұрағанымды жақтырмады”, – дегелі 
бері бүйрегімде бір аяныш оянғандай. Бәлкім, мен кінәлі шығармын?! 


Мені әсіресе сол ой қинайды. Қыз баланың батылдығы жетпеген 
жағдайда ер бала деген атым бар емес пе еді? Қалайша оңай ұмытып кете 
қойдым? Әлде шын сүймедім бе? Әлде ол сезімім әлі махаббат емес пе 
еді?
Кӛп сұрақ кӛкейімде жүр. Есіме түскен сайын ішкі ағзамның бір жерін 
шетіп жібергендей шым ете қалады. Баданадай қара кӛзі ту сыртымнан 
қадала қарап тұрғандай қинайды. Қалайда маған бір ӛкпесі бар секілді. 
Сол кездің қайтып келмейтінін білем, қайтып келсе, әй, біз Зәбира екеуміз 
екі бӛлек кетпес ек-ау деп ойлаймын. Ой ғой, оның бәрі ой ғана ғой бірақ. 
Кімнің қалай ойлауға қақысы жоқ дейсің?
Кейін, үйленгеніме екі-үш жыл болғанда, кездейсоқ баяғы Бикенге 
жолығып қалдым. Сонадайдан танып, сонадайдан жүгіріп келіп 
кұшақтасып амандасты. Екеуміздің де кӛзімізден жас шығып кетті. Оны 
кӛргенде, менің есіме Зәбира тағы түсті. Бикеннің оны құшақтап жұбатып 
жатқаны кӛз алдыма келді.
Мінезі ашылып, ӛңі нұрланып, Бикен әдемі келіншек болыпты. Сӛзі де, 
қылығы да кісі қызығатындай.
– Қап, Бикен-ай, сенің мұндай келіншек болатыныңды білгенде, басқа 
жақтан қыз іздеп нем бар еді? - дедім әзілдеп.
– Е, сен ашық ауыз Зәбирадан да айрылып қалған жоқсың ба? – деді 
жазғырып. Әзілге жығып айтса да, сӛзі әзіл емес, айыптау еді. Бәлкім, 
Зәбира үшін ғана емес, ӛзі үшін де айыптады ма, кім білсін. Жас кездің 
бір ӛкініші – алтындай қыздармен араласып жүріп, солардың алтындай 
екенін аңғармау екен. Бикенмен жолыққалы бері мен сондай бір тұжырым 
таптым.
Кейін студент кезімде тағы бір қызбен таныстым. Бірақ одан ашықтан-
ашық ӛзім қашып құтылғандай болдым. Ол да, мен де бір-бірімізбен 
әлденені бүгіп танысқан сияқты едік, күн ӛткен сайын сол күдігімнің 
растығына кӛзім жете бергендей болды. Сӛзінде, мені сыйлауында, басқа 
да достарыммен араласуында шынайылықтан гӛрі әдейілік байқалып қала 
берді. Кӛшеде екеуміз қатар келе жатқанда, қарсы жолыққан жігіттер ӛтіп 
бара жатып оған тағы бір бұрылып қарамай ӛтпейтін. Соны кӛргенде, 
кӛңілім кәдімгідей ӛсіп қалушы еді. Бірақ бертін келе сӛзбен айтпаса да 
қылығынан, мінезінен “мен жерде қалмаймын” деген паңдықты, “ешкімге 
бағынышты болмаймын” дегенді ептеп-ептеп аңғара бастағандай болдым. 
Дегенмен Мәрияның кейбір теріс түсінігіне ӛзімше әсер еткім келіп, 
жазғы каникулда менің ауылыма бірге барып қайтуды ұсындым.
– Бармаймын, – деді еш ойланбастан. – Мен ойыңды білем, ауылыңды 
кӛрсетіп қызықтырмақсың ғой. Оныңнан ештеме де шықпайды. Мен 
сендей ӛз болашағын ойламайтын ақымақ адам кӛрсем не қыл дейсің. 
Ауылда он жыл жұмыс істесең де, бір адым алдыға жылжымайсың. Ал 
қалада қалсаң, екі жылдың ішінде кандидат, тӛрт-бес жылда доктор 
болып шыға келесің. Соған кепілдік берем.
Оның да айтқаны ӛзінше шындық. Жасыратын не бар, ол бүйтіп ӛз 
шындығын ашына отырып жайып салғанда, мен ренжудің орнына 


қуандым. Оның ағалары, туыстары кӛп еді, жақсы адамдар болатын; бірақ 
Мәрия оларды жақсы адамдар деп бағаламайтын, мені жақсы қызметке 
орналастыра алатын, ғылыми атаққа қолымды тез жеткізетін, пайдалы 
адамдар деп бағалайтын. Олармен менің ерте бастан таныса беруімді 
қалайтын. Қашқақтағаныма ызаланып: “Сен эгоистсің, кісіге кішірейгің 
келмейтін қырсықсың”, – дейтін. Әйтеуір, екеуміз тіл табыса 
бермейтінбіз.
Сӛйтіп жүріп қатты сӛзге де барыспай, ара қатынасты да 
асқындырмай, біржола суысып кеттік. Ӛз ойындағыдай жігіт оған 
жолықты, ӛзім қалаған қызға мен жолықтым.
Міне, осының бәрі күнделігімде жазулы-тын. Күләйхан маған 
соншалық сәтсіздіктерді бастан кешкеннен кейін барып кезіккен. Анда-
санда қызғануға оның қақысы бар ма, жоқ па – ол ӛз алдына әңгіме, менің 
білгім келетіні – басқа: махаббат бір-ақ рет бола ма, жоқ па – сол. Бір-ақ 
рет болса, қайсысы: Шолпан ба, Зәбира ма, Мәрия ма, жоқ Күләйхан ба, 
кім? Айталық, бірден-бір махаббатым Зәбира болса, онда Мәрия, 
Күләйхандар нем болады, оларға деген сезімім махаббатқа жатпай ма? 
Мүмкін емес.
Рас, мені ең ӛкіндірген, қатты қиналтқан – Зәбира. Қателігім бе, 
әлсіздігім бе, ӛз қымбатымды қорғай алмаған, сақтай білмеген 
жамандығым ба, әйтеуір, Күлиман тәтейдің кесірінен Зәбирадан 
айрылмайтын жағдайда айрылдым.
Ақыл тола бастаған кезде сезім де тілге кӛне бастағандай болады екен. 
Ӛзім ұнатқан Мәриядан ӛзім алыстадым. Бірақ одан кейін менде енді 
махаббат болмайтын сияқтанды. Сезімді ақылдың билегені махаббаттың 
мезгілі ӛтіп кеткендіктен деп түсіндім. Жаным құлазып, кезінде 
Шолпаннан, Зәбирадан қапыда айрылғанымды қайта-қайта еске алып, 
болашақтың белгісіздігінен үркіп, ал арттағы ӛмірдің елесін ыстық кӛріп 
дағдарып тұрғанымда, осы Күләйхан жолықты. Оны кӛргенде, бүкіл 
ӛкінішім, сүю сәтсіздіктерім бір сызықтың бойына тізіліп тұра қалғандай 
болды. Оның ұшын Күләйхан тұйықтады.
Бір ойды бір ой қуып, бір ойдан бір ой туып, ұзақ дӛңбекшідім. 
Ақырында келіп мен де ежелгі тұжырымға тірелдім: бір адамның ғұмыры 
бір махаббаттың тарихы екен.
Қазіргінің қадірін кісі ӛткеніне қарап түсінеді екен. Менің ӛткеніме 
ренжігенше, қайта Күләйхан рақмет айтуы керек. Ӛткенім болмаса, мен 
оны дәл бүйтіп сүйе алар ма ем? Сүйе алмас ем. Демек, махаббаттың 
біреу ғана екені рас. Тек бір адам ӛмірінің де балалығы, жігіттігі, 
қарттығы болатыны сияқты, бір махаббаттың да бірнеше ӛмір жасы, есею 
кезеңі бар: Шолпан, Зәбира – оның балауса балаң кезі болса, Мәрия, 
Күләйхан - ержетіп ес тоқтатқаны.
Сӛйтіп, адамда бір ғана махаббат болатынына, оның да зәулім бәйтерек 
құсап бірте-бірте есейетініне, ал оның жеке-жеке бұтақтары жеке-жеке 
махаббат емес, бір махаббаттың ержету кезеңдері, яғни бұтақтары ғана 


екеніне кӛзім шүбәсіз жетті. Менің кӛзім жеткенге Күләйханның да кӛзін 
жеткізгім келді. Орнымнан тұрдым да:
– Күләйхан! – дедім ұйықтап жатқан әйелімді иығынан сипап. – 
Күләйхан, ояншы, бір нәрсе айтам.
– Не? Керегі жоқ!
– Жо, тыңдашы! Мен махаббаттың біреу-ақ болатынын түсіндім. 
Тыңдашы!..
Мамыр, 1977. 
Бексұлтан Нұржекеұлы 
Сізге ұсынылған Бексұлтан Нұржекеұлының «Бір ғана махаббат» 
әңгімесі ешбір интернет желісінде жарияланбаған құнды шығарма. Мен 
әңгіменің осы электронды нұсқасын таратуға рұқсат бермеймін. Ӛзіңіз 
ғана оқыңыз. Еңбегімді бағалаңыз. Аманатқа қиянат жасамайсыз деп 
сенемін. 
kitapjaris 

https://instagram.com/kitapjaris?igshid=YmMyMTA2M2Y



Кітапgram 

https://t.me/kitappgram


 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет