Тұқым қуалаушылықтың заңдарын Грегор Мендель ашқан.Ол 1856 жылдан бастап ас бұршағына тәжірибе жүргізіп, жеке белгілердің ұрпақтан ұрпаққа қалай берілетінін зерттеген.Г.Мендельдің 1865. Жылы басылып шыққан тәжірибе қорытындыларына сол кезде назар аудармады.Тек 1900 жылы үш елдің ғалымдарының өз беттерінше зерттеулері нәтижесінде Мендель ашқан заңдылықтарға сәйкес қорытынды алынғандығы белгілі болды.Олар голландиялық Де Фриз Германиялық К.Корренс және австриялық Э.Чермак еді.Мендель жұмыстарының ерекшелігі сол өзі ойлап шығарған гибридологиялық әдіспен зерттеуде әрдайым бұршақ өсімдігінің тек бір ғана белгісін алып, тек сол белгінің тұқым қуалауын бақылады. Будандастыру үшін ең бастапқы ата аналық особьтар ретінде арнайы белгі бойынша таза линияларды пайдаланады.
МОНОГИБРИДТІ ШАҒЫЛЫСТЫРУ.
МЕНДЕЛЬДІҢ БІРІНШІ ЗАҢЫ.
Бұршақ өздігінен тозаңданатын өсімдік, бірақ тәжірибе барысында түрлі бағытта айқас тозаңдану жүргізді. Тәжірибелердің бірінде Мендель тегіс және кедір-бұдырлы тұқымды бұршақтарды шағылыстырып олардың пішіндерінің тұқым қуалауын зерттеді.Бірінші ұрпақтағы алынған будандық особьтардың барлығы біркелкі тегіс пішінді болып шықты. Мендельдің байқағаны, бұршақтың басқа жеті белгісінде де дәл осы құбылыс қайталанып, бірінші ұрпақта әрдайым әр жұп қарама-қарсы белгінің біреуі ғана көрініс беріп отырған. Мендель мұндай белгілерді доминантты деп, ал қарама қарсы көрінбей қалған белгілерді рецессивті деп атайды. Будандық ұрпақ Бэтсонның ұсынысымен F деп белгіленеді.
Организмнің кез келген белгісі өзінің арнайы тұқым қуалау факторымен генмен анықталады.
Яғни тұқымның тегіс пішінін доминантты фактор ал кедір бұдырлы пішінін рецессивті фактор анықтайды. Тұқым қуалау факторларын латын әріпімен белгілеп, доминантты белгіні анықтайтын ген үлкен А әріпімен ал рецессивті белгінің гені кіші а әріпімен көрсетіледі. Осыған сай бұршақ тұқымының тегіс пішінге жауапты гені – А, кедір – бұдырлы пішінге жауапты – а деп белгіленеді. А гені доминантты болғандықтан ол будандардың барлығы біркелкі тегіс пішінді яғни олардың генотиптері де фенотиптері де ұқсас.
Фенотип деп – организмге тән ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығын айтады.
Генотип деп – организмнің ата аналарынан жыныс жасушалары арқылы қабылданған жиынтығын айтады. Бір жұп белгіні анықтайтын гендер аллельді гендер деп аталады.Олар гомологтық хромосомалардың бірдей учаскелерінде яғни лркустарында орналасқан. Сомалық жасушалардағы бір белгіні анықтайтын аллельді жұптары не екі доминантты не екі рецессивті гендерден тұратын организмдер гомозиготалы деп ал аллельді екі түрлі гендерден құралған организмдер гетерозиготалы деп аталады.
Гомозиготалы особьтар әрдайым тек бір типті гаметалар түзейді, ал гетерозиготалар А және а гендері бар екі типті гаметалар түзеді.
МЕНДЕЛЬ ЕКІНШІ ЗАҢЫ НЕМЕСЕ АЖЫРАУ ЗАҢДЫЛЫҒЫ.
Мендельдің екінші заңы былай тұжырымдалады
Бірінші ұрпақтағы бір ген белгі бойынша талданатын гетерозиготалы особьтарды өзара шағылыстырса екінші ұрпақта фенотипі бойынша 3:1, ал генотипі 1:2:1 арақатынасында ажырау жүреді.
Ди және полигибридті шағылыстыру. Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы.Осыған дейінгі қарастырылған моногибридтік шағылыстыру да бір жұп белгінің тұқым қуалау ерекшелігі сипатталады . Мендель келесі тәжірибелерінде екі немесе бірнеше жұп белгілердің тұқым қуалауын зерттеді. Егер шағылыстыруға алынған ата аналық особьтардың бір-бірінен айырмашылығы екі жұп қарама қарсы белгілері бойынша айырмашылығы болса, мұны дигибридтік деп , бірнеше жұп белгі болса полигибридтік шағылыстыру деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |