Бір өлшемін өндіруге немесе жұмыстардың бүкіл көлемін орындауға жұмсалатын ресурстардың



Дата02.02.2022
өлшемі0,91 Mb.
#24737

Үнем-қоғам қуаты


Үнемүнемдеу — өнімнің бір өлшемін өндіруге немесе жұмыстардың бүкіл көлемін орындауға жұмсалатын ресурстардың шығынын (тұтынылуын) жоспарлы шамамен, белгіленген нормамен немесе базистік кезеңдегі нақты жұмсалған шығынмен салыстырғанда қысқартылуы.

Шектеусіз (абсолюттік) және салыстырмалы үнем түрлеріне бөлінеді:



Абсолюттік үнем - өнімді өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) көлемі бойынша жоспарлы тапсырманың орындалу дәрежесін есептемей, материалдықеңбекақша ресурстарының шығынын азайтуды сипаттайды. Ол ресурстардың нақты түрінің (шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның, жалақының) нақты жұмсалған шығынының абсолюттік шамасын оның жоспарнорма бойынша немесе базистік кезеңдегі мәнінен шегеру жолымен айқындалады.

Салыстырмалы үнем - өндіріс көлемі бойынша жоспардың орындалуын ескере отырып, шығынның жоспарлы деңгейімен салыстырғанда ресурстардың нақты шығынының азаюын сипаттайды. Ол ресурстардың нақты түрлерінің нақты шығынының мөлшерін өнімді өндіру көлемі бойынша (немесе базистік кезеңдегі) жоспардың орындалуы деңгейіне түзетілген шығынынан шегеру жолымен айқындалады.

Нақты және заттанған еңбекті барынша сақтап, неғұрлым тиімді қолдануға негізделіп құралған шаруашылықты жүргізу жүйесін үнем режимі деп атайды. Ол өндіріс тиімділігін арттырудың басты шарттарының бірі болып табылады және экономиканың барлық салаларында еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын үнемді де ұтымды пайдалануды көздейді

Үнем тәрібі - қоғамдық өндірісті өркендету мүддесі үшін материалдық, ақша, еңбек және табиғи ресурстарды сақтап, ұтымды пайдалануға бағытталған социалистік шаруашылықты жүргізудің әдісі. Ол өндіріс тиімділігін арттырудың бастапқы шарттарының бірі болып табылады.

Капитализм жағдайында кәсіпорындар мен фирмалардың қожайындары жұмысшылардың денсаулығына зиян келетініне қарамастан техникалық қауіпсіздігін сақтауға, қалыпты еңбек етуге қажетті қаражаттың өзінен көбірек үнемдеуге тырысады. Олардың бір ған мақсаты бар: өздерінің жеке табысын көбейту. Капиталистердің үнем саясаты еңбекшілерді қанау жолымен жүзеге асырылады. Бұл қанау жолы қазіргі қоғамда да жоқ емес.

Социализм жағдайында өндіріс құралына қоғамдық меншік бүкіл еңбекшілердің еңбек пен материал ресурстарын үнемдіь жұмсауға ынталығын арттырады. Өйткені үнемделген қаражат өндіріс қарқынын арттырады. Осының арқасында әлеуметтік міндет шешіледі. Бұл еңбекшілердің инициативасын дамытуға, жаңашылдыққа, өнертапқыштыққа, өрістеуге жол ашады.

Үнем тәртібі демократиялық централизм принципіне сай негізделеді. Мемлекеттік тәртіп пен шаруашылық буындардың инициативасын ұштастырады. Бүкіл қоғам көлемінде шаруашылық шешімдерін қатаң келісім бойынша үйлестіре жүргізілуіне әсер береді.



осы тәрбие сабақта не түсіндіңдер

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет