Бірінші кіші «Айналайын» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі. Тәрбиеші



Дата09.05.2022
өлшемі13,77 Kb.
#33489
түріКонспект

Бірінші кіші «Айналайын» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Тәрбиеші:Муканова Д.Д.

Күні: 25.04. 2019ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық. Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Көктем жылғалары»

Тақырыбы : Жылғалардан су ақты (Қылқаламмен жылғаның суретін салып бояу)

Мақсаты:

Тәрбиелік: ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; жыл мезгілдеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Оқыту: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру; қылқаламмен ирек сызықтар сызуды жалғастырып, бояуды үйрету;

Дамытушылық : саусақ , қол қимыл- қозғалыстары мен икемділіктерін дамыту;

Әдіс-тәсілдер: көк бояу, қылқалам, қол сүрткіштер, су

Ресурстармен қамтамасыз ету: парақ, бастырма, түрлі түсті бояу, сүлгі, су;

Сөздік жұмыс: жылға

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Жыл мезгілі шуақты,

Жердің беті нұрланған.

Сайды қуып су ақты,

Гүлдер өсті ырғаланды.

Осы жыл мезгілінің бейнесін парақ бетіне бейнелейік.

Балаларға жауап беруге қиналса көмектесу.

Сурет бойынша көктем мезгіліндегі болатын өзгерістер туралы әңгімелейді. Балалардын қандай өзгерістерді байқағандарын сұрау.

2.Негізгі бөлім.

Бүгін біз көктем мезгілінің ерешегілігімен танысамыз. Су аққан жылғаның суретін салайық.

Әрқайсыларыңның алдарында гүлдер салынған парақтар бар, қазір біз осы гүлдердің ортасынан жылжып су ағып жатқан көктемгі жылғаның суретін саламыз.Ол үшін қылқаламды көк бояуға батырып, арсы алшақ екі ирек сызық жүргізіп алып, ортасын көгілдір түспен бояймыз.

Балалар өз бетімен жұмыс жасайды.

Балаларға бағыт- бағдар беріп отыру. Балалар қылқаламдарын көк бояуға батырып, екі қатар арасын ашып, ирек сызықтар жүргізіп, ортасын көгілдір түспен бояйды.

Енді, салынған суреттерімізден көрме ұйымдастырайық.



Қорытынды: Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

Балаларға ұнаған жұмыстарды көрсетуін сұрау. Жұмыстарын бағалап, балаларға үлгі ретінде өте жақсы жұмыстарды көрсету, мадақтау

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет