Муссон (фр. mousson, араб.: маусым – жыл мезгілі), жер бетіне таяу тропосфераның төменгі қабатындағы ауа массаларының жыл мезгілдеріне қарай алмасатын маусымдық ағысы.
Маусым ауысуы кезінде желдің басым бағыты 120 – 180º-қа өзгеріп тұрады. Муссонның пайда болуының басты себебі — құрлық пен мүхиттың біркелкі ысымауы.
Пассат (нем. Passat, ис. viento de pasada — көшкенге қолайлы жел) — Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардың тропиктік және экваторлық ендіктерінде субтропиктік жоғары қысымды аймақтардан экваторға қарай жыл бойы соғатын тұрақты желдер
Жердің өз өсімен айналуының әсерінен өзінің алғашқы бағытынан бұрылып, Солтүстік жарты шарда солтүстік-шығыс, Оңтүстік жарты шарда оңтүстік-шығыс пассат желдері басым болады. Пассаттар мұхиттардың үстінде (әсіресе Тынық және Атлант мұхиттарында) тұрақты және айқын байқалады.
Бриз Гольфстрим
Гольфстрим — Атлант мұхитынық солтүстік бәлігіндегі жылы ағыс. Гольфстрим дүние жүзіндегі ең күшті жылы ағыс болып табылады; ол Мексика қойнауынан шығып, Еуропа жағалауына дейін ағады; барлық ұзындыгы 10 мың км дейін барады.
Гольфстримнің климатқа әсерін ескере отырып, қысқа мерзімді тарихи перспективада ағымның бұзылуына байланысты климаттық апат болуы мүмкін деп болжанады. Көптеген адамдар жаһандық жылыну мен солтүстік мұздықтардың еруіне байланысты сулар тұзсыздандырылады деп қорқады, ал Гольфстрим тұз бен тұщы судың өзара әсерінен пайда болғандықтан Еуропа жылуды тоқтатады және мұз дәуірі басталады.
Қазіргі уақытта температураның күрт төмендеуі үшін Солтүстік Атлантикалық тұщы су балансының өзгеруі жеткіліксіз, тек Солтүстік Атлантикада жаһандық жылынудың бәсеңдеуі мүмкін.
Бриз (фр. brise — жел) — теңіздердің, көлдердің (кейде ірі өзендердің) жағасында тәулік ішінде өз бағытын карама-қарсы жаққа өзгертіп соғатын жел.
Күндізгі Бриз теңізден (көлден) құрлыққа карай соқса, ал түнгі Бриз құрлықтан теңізге (көлге) қарай соғады.
Құрлық пен судың бірдей жылынбауы салдарынан беткі ауа қабаттарындағы атмосфералық қысымда айырма пайда болады да, ауаның қозғалысы басталады. Күндізгі Бриз (теңіздік) теңізден қызған құрлық бетіне (жағалауға), ал түнгі Бриз (жағалық) салқындаған құрлық бетінен теңізге қарай соғады.
Батыс желдер ағыны
Батыс Желдер ағыны — оңтүстік жарты шардағы 40° және 55° орта ендік аралығында үнемі батыстан соғатын желдің әсерінен қалыптасқан суық теңіз ағысы. Оны антарктидалық циркумполярлық (полюсті айналушы) ағыс деп те атайды. Ол Атлант, Үнді, Тынық мұхит суларын кесіп өтіп, 1000 — 1300 км ендікте, тереңдігі 1 — 5 км-ге дейінгі су массасын сағатына 3,5 км жылдамдықпен қозғалысқа келтіреді. Өте терең бойлауына байланысты мұхит түбіндегі жоталар әсерінен ағыс солт-ке қарай бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олар: Перу, Бенгал және Батыс Австралия суық ағыстары. Батыс Желдер ағысынының әсерінен Атлант, Үнді және Тынық мұхит сулары Антарктида жағалауындағы мұхит суымен араласа алмайтындықтан, олардағы судың температурасы мен тұздылығында үлкен айырмашылық бар. Ағыстың өн бойында мұз сеңдері мен мұзтаулар жыл бойы қалқып жүреді.