Біз гендерлік зорлық – зомбылыққа қарсымыз!



бет1/3
Дата01.12.2022
өлшемі75,49 Kb.
#54241
  1   2   3

Біз гендерлік зорлық – зомбылыққа қарсымыз!

Гендерлік зорлық-зомбылық туралы ойларыңызды біле кетейік:



  1. Гендерлік зорлық- зомбылық туралы не ойлайсыз? (физикалық және эмоционалдық реакцияларыңызды сипаттаңыз).

  2. Сіз гендерлік зорлық-зомбылық кез келген адамда болуы мүмкін деп ойлайсыз ба?

  3. Жәбірленушілер кейде зорлық- зомбылық үшін өздері кінәлі деп ойлайсыз ба? Қалай?

Гендер-бұл әйелдер мен ерлер арасындағы өмірлік циклдегі әлеуметтік айырмашылықтарды сипаттайтын тұжырымдама. Жыныс, жас, нәсіл сияқты факторлармен қатар, кез- келген мәдениеттегі адамдар үшін күтілетін атрибуттарға, мінез-құлыққа, рөлдерге, күшке, қажеттіліктерге, ресурстарға, шектеулерге және мүмкіндіктерге әсер етеді.
Әйелдергке қатысты зорлық-зомбылықтың түрлері:Физикалық зорлық-зомбылық , жыныстық зорлық-зомбылық, психологиялық зорлық- зомбылық , экономикалық зорлық- зомбылық.
Шығыс еуропа мен орталық азия аймағында тіркелген гендерлік зорлық- зомбылықтың түрлері

Қалыңдықты ұрлау және басқа формалар

Қазақстан, Қырғызстан, Түркия

Болашақ баланың жынысын ұлдардың пайдасына таңдау

Албания, Армения, Әзірбайжан, Грузия

Жыныстық қудалау жұмыс орнында

Көптеген елдерде байқалады

Тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан суицид

Көптеген елдерде байқалады

Ерте неке / балалармен неке

Көптеген елдерде байқалады

Ар - намыс үшін кісі өлтіру

Албания, Түркия

Әлем бойынша жыл сайынғы гендерлік зорлық – зомбылықтың статистикасы:


Әлемде күн сайын 137 әйел жақын туыстарының қолынан қаза табады. Әр үшінші әйел өмірінде кем дегенде бір рет физикалық немесе жыныстық зорлық көреді. Көп жағдайда әйелге өзінің жолдасы зорлық көрсетеді. Ал биылғы 10 айда Қазақстанда кем дегенде 1600 қыз бен әйел гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шекті. Бұл туралы "Кәдімгі заттар" көрмесінде айтылды.


Көрмеге 16 зат қойылған: шыны стақан, кітап, орындық, ақша және тағы басқа. Оның әрқайсысы жолдасы немесе отбасы мүшесінен физикалық, психологиялық, экономикалық зорлық-зомбылық көрген немесе қайтыс болған әйелдердің оқиғасын сипаттайды. Барлық оқиға ҚР Ішкі істер министрлігі және еліміздегі дағдарыс орталықтары ұсынған полицияның нақты есептеріне негізделген. Тек кейіпкерлердің аты-жөні өзгертілген.

"Бұл заттар - зорлық-зомбылық кезінде қолданылған, жансыз куәгерлер. Осы заттардың бірімен біреудің басын жарған, бірімен көзін шығарған. Бұл оқиғалар біз өмір сүріп жатқан қоғамда, көршіміздің немесе туысымыздың үйінде болып жатқан оқиғалар, шынайы өмірден алынған", - дейді көрмені ұйымдастырушы Қазақстандағы БҰҰ-ның өкілі. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет