Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда казіргі Иранның солтүстігінде Парфия мемлекеті пайда болды. Оны құрған көшпелі тайпалардың ұрпағы, ержүрек Арсак деген адам болды



Дата17.10.2023
өлшемі16,16 Kb.
#116817
Байланысты:
Реферат тарих


Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда казіргі Иранның солтүстігінде Парфия мемлекеті пайда болды. Оны құрған көшпелі тайпалардың ұрпағы, ержүрек Арсак деген адам болды. Арсак өз патшалығын корғау үшін шайқаста қаза тапты. Орнына інісі Тиридат отырды. Ол Парфия патишлышның жерін кеңейте түсті. Бірак батыстан селевкіліктер шабуылы күшейді. Оны аңғарған Бактрия билеушісі II Дио-дот пен Тиридат өзара соғыспау туралы келісім жасасты. Селевкі патшасының әскерлеріне төтеп бере алмаған Тиридат солтүстіктегі көшпелілерге карай шегініп кетті. Бірақ кешікпей әскерін толықтырып, күшейтіп қайта оралды. Жаңа күшпен келген ол селевкіліктерді талқандады. Жаңа жерлерді басып ала отырып, бірнеше бекініс салды. Әскерінің санын көбейтті. Сөйтіп, Парфия қуатты мемлекетке айналды.
I Митридат деген билеушінің кезінде елдің батыс шегі Евфрат өзеніне дейін созылды. Бұрынғы Вавилон, Парсы жөне Мидия елдерінің бай аймақтары бағындырылды. Парфия, сөйтіп, Римнің шығысқа жорығын тойтарып отырды.
Парфияның басқару жүйесі бұрынғы ахемендік парсылардікіне ұқсас болды. Патшалар сәулетті сарайларда тұрды. Елдің астанасы бір қаладан екінші қалаға ауысып отырды. Парфия патшалары өте бай болды. Өйткені, олар елді басып ететін керуендерге әр түрлі алым-салық төлеттіріп отыратын. Бірақ олардың билігі өте мықты болмады. Патша ақсүйек рулардың ақса-қалдарымен және дінбасыларымен ақылдасып, олардың пікірлерін ескеріп отырды. Мемлекет жері бірнеше өкімшілік аймақтарына белінді. Ондай аймақтар I Дарий кезіндегі Парсы еліндегідей сатрап-тықтар деп аталды. Оларды сатраптар басқарды. Әрбір аймақ осы сатраптардың қолында болды. Олар патшаға көп тәуелді болмады. Кейбіреулері, тіпті өздерінің ақшасын шығарды. Сатраптықтардың өздері бірнеше шағын аудандарға бөлінді. Олар диз деп аталды. Диздерді басқарушыларды дизпат деп атады. Халық әр түрлі салық төлеуге міндетті болды. Салық жинаушылар да көп болған еді.
Парфия билеушілерінің басты тірегі әскер болды. Олардың дені мыкты қаруланған жауынгерлер еді. Осындай Парфия мемлекетін Арсак ұрпағы биледі.
Көшпелілер және Парфия. Көшпелілер парфиялықтар тарихында да елеулі орын алды. Парфия мемлекетінің негізін салушы Арсактың өзі кеш-пелілер ұрпағы екенін біз жоғарыда ескерттік. Оның мұрагері Тиридат селевкіліктерге қарсы күресте көшпелілерді паналап, арка сүйеп отырған. Көшпелілер көбінесе әскери күш ретінде парфиялықтарға көп көмек беретін. Әсіресе, батыстан келетін жауларын тойтаруға белсене атсалысатын. Бірақ жағдай үнемі осылай бола бермеді. Б. з. б. 130 жылы Сирияның патшасы III Антйох Парфияға карсы жорық жасады. Оны естіген Парфия билеушісі көшпелі сақтардан көмек сұрады. Бірак сақтар келіп жеткенше парфиялыктар әз күшімен жауын жеңді. Парфия билеушісі көмекке кешігіп келдіңдер деп кінәлап, сацтарға келісілген төлемді беруден бас тартты. Сонда соғыска сакадай сай болып келген сактар, соншама жер жүріп келген еңбектерін актай-тындай төлем төлеуді немесе баска жауына қарсы аттандыруларын талап етті. Парфия билеушісі бұдан да тәкаппарльщпен бас тартты. Оған намыс-танған сақтар Парфия жерін ойрандай бастады. Өздеріне қарсы шыққан әскерін талқандап, Парфия билеушісін өлтірді. Парфияны талап, тонауға салды. Сөйтіп, өздерін мұқатпақ болған парфиялықтардан өшін алып, өз жеріне қайтты. Парфия оларға салық телеп отыруға мәжбүр болды.
Парфияның римдіктерді талқандауы.
Азияның Жерорта теңізіне жақын бөлігін жаулап алған Рим мемлекеті өзінің шығыстағы басқыншылық әрекетін күшейтті. Рим мен Парфия бетпе-бет келді. Екеуі аралық шекараны Евфрат өзені бойымен белгіледі. Өзеннің батыс бөлігін римдіктер, ал шығыс бөлігін парфиялықтар иемденді. Өзінің атақ-даңқын шығарып, беделге ие болмақ болған римдік әскербасы Красс б.з.б. 55 жылы Сирия жеріне келеді. Мұндағы мақсаты Парфияға қарсы үлкен күш дайындап, жорық жасау, оның жерін Римге тәуелді ету еді. Екі жылдай әскери дайындық жасап, үлкен әскер топтастырды. Ақыры б.з.б. 53 жылы үлкен жорыққа шықты. Бірақ ол парфиялықтардың соғыс тәсілін білмейтін еді. Красс өз колын Қосөзен бойы Карры қаласы маңындағы жазыққа қарай бастады. Ол Парфия жауынгерлерінің жазық жерде қауіпті екенін ескермеді. Парфиялықтар 3-4 күн ашық шайқасқа шықпай, еліктіре отырып, римдіктерді кұмдауыт далаға тереңдеп енгізді. Парфия әскерінің қолбасшысы Сурен кездесуге жақсылап дайындалды. Оның әдеттегі атты әскерімен бірге, аттары да, өздері де сауытты мың жауынгері болды. Жебелерді өте көп етіп дайындап қойды. Римдіктер жакындап келгенде парфиялыктардың әскери дабылы соғылып, шайкас басталды да кетті. Парфиялықтар сауыттарының сыртындағы жамылғыны лақтырып тастап, күтпеген жерден өздері маржан сияқты көз қарықтыра жарқырайтын темірден жасалған дулығасы мен сауыттарын киіп, ал аттарына мыс және темір сауыттарын кигізіп алып, римдіктердің алдынан өрт-жалын сияқты каулап шыға келді. Биік бойлы, барлығынан да көрікті Суреннің өзі де келді. Шашырай сапқа тұрған парфиялықтар алыстан көздемей-ақ садақтарын атып жатыр Парфиялықтар үлкен садақтарын серпін күш беру үшін қатты кере отырып, римдіктерге ауыр да күшті соққы берді. Осындай күйден римдіктер жағдайы ауыр болып кетті. Шайқас нағыз қантөгісті сипат алды. Түнге қарай римдік әскерлер асығыс шегіне бастады. 40 мыңдық рим әскерінің 10 мыңдайы ғана әрең құтылып, өз елдеріне жетті. Қалғаны тұтастай дерлік қырылды. Атақты Красстың өзі де қаза тапты. Оның басы соғыс олжасы ретінде Парфия патшасына жіберілді».
Бұл жеңістің үлкен тарихи маңызы болды. Ол Парфия патшалығының куатын керсетті. Оның римдіктердің шығыстағы басқыншылық өрекетіне тосқауыл бола алатынын байқатты. Парфиялықтар бұдан кейін де Рим әскерлерін әлденеше рет талқандады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет