Бүйректі зерттеу әдістері



Дата19.04.2022
өлшемі14,21 Kb.
#31418
Байланысты:
Сроп 11физио


Несепті химиялық және микроскопиялық зерттеу. Несепті тасымалдауға кеткен уақыт, зерттеуді бастауға дейінгі уақыт ұзақтығы зерттеу нәтижесіне айқын әсер етеді. Қарау аймағында 8-ден көп лейкоцит анықталса немесе автоматталған зерттеу кезінде 1 µл 25 лейкоциттен жоғары болса патологиялық көрсеткіш деп есептеледі. Тәжірибеде несепті 40 есе ұлғайтып микроскопиялық қарау кезінде қарау аймағында лейкоциттер 30–40-тан жоғары болса, НЖШИ деп саналады. Лейкоциттердің аралық көрсеткіштері (15–20 көру аймағында) жиі несептің қынаптық сөлмен араласуы кезінде, ағзаның жалпы улануы кезінде (ЖРВИ, пневмония т.с.с.), гломерулонефрит немесе инфекциялық емес интерстициалды нефрит кезінде кездеседі. Сәйкесінше, бояу кезінде лейкоциттермен бірге эозинофилдер анықталады. Сондықтан шектелген лейкоцитурия инфекцияның басқа клиникалық көрсеткіштерінсіз НШЖИ диагнозын қоюға жеткіліксіз.

Бүйректі зерттеу әдістері

Несепті микробиологиялық зерттеу. Қазіргі таңда микроорганизмдер колониясы титрін шұғыл анықтау үшін Uricult тесті пайдаланылады. Ол үшін әр түрлі қоректік агармен қапталған пластин несепке салынады, кейін осы пластин салынған контейнер 37 °С температурада 24 сағат термостатта тұрады. Алынған қорытынды нәтижесін бағалау кезінде келесі көрсеткіштерге мән беру керек. •95% жоғары жағдайда инфекция бір қоздырғыштан туындайды. Сондықтан зерттеу кезінде қоздырғыштың бірнеше түрі анықталса, контаминация жайлы ойлау керек және анализді қайталау керек. Себіндіде шынайы аралас қоздырғаштар фистула болған кезде немесе ұзақ уақыт катетер тұрған кезде анықталады.

95% ЗШЖИ кезінде грамм-теріс және энтерококктар анықталады.

Жедел циститпен ауырған әйелдердің тек 50%-да ғана 105диагностикалық титр анықталады, ал симптоматикалық НШЖИ-да диагностикалық титр 102 болуы мүмкін.

Бүйректі зерттеу әдістері

Несеп тұнбасын микроскопиялық қарау кезінде беткей эпителий анықталса, контаминация жайлы ойлау керек. Әрі қарай басқа диагностикалық зерттеулер жүргізу (дене қызуы кезінде қанды гемокултураға тексеру, бүйрек және қуықтың УДЗ және қалдық несепке қарау, компьютерлік томография және т.б.) клиникалық жағдайға байланысты.

Визуалды зерттеу әдістері. Визуалды зерттеу жүргізу қажеттілігі науқас жасына, жынысына, осы ауруға әкелген себеп пен антибактериялық емге жауаптан туындайды. Жедел пиелонефритпен ауырған әйелдердің 8–15% несеп шығару жолының патологиясы анықталады, несеп шығару жолында тас немесе бұрынғы инфекциядан қалған тыртық анықталуы мүмкін. Ауру болжамын жасауда дене қызуы қисығының маңызы зор: ем басталуынан бастап дене қызуы 72 сағаттан артық сақталса, урогениталды асқынулардың жиілігі 8%-дан 36% дейін жоғарылайды. Визуалды зерттеу әдістерін жасауға көрсеткіш шектелген болуы керек және келесі жағдайларда ғана жасалуы керек:

НШЖИ бар әйелдерде тек мына жағдайларда: – тас болуына күдік (клиника, қайталанбалы гематурия болса); – 72 сағат ішінде антибактериялық емге жауап болмаса; – әдетте болмайтын қоздырғыштар анықталса (көкірің таяқшасы, протей, анаэробтар); – емнен кейін сол қоздырғышпен ерте рецидив дамыса.

Ерлерде НШЖИ анықталған барлық жағдайда;



Жаңа туған нәрестелерде және 8 жасқа дейінгі балаларда НШЖИ анықталса.

Сонография (ультрадыбыстық зерттеу, УДЗ) әйелдерде асқынбаған пиелонефрит кезінде басқа диагностикалық шараларға көрсеткіш бар немесе жоқтығын анықтау үшін қолданылады. Бүйрекке УДЗ жасау арқылы НШЖИ жанама белгілерін анықтауға болады: бүйректің ұлғайып ісінгендігі, дем алу акты кезі бүйрек қозғалуының шектелуін, жедел пиелонефрит кезінде қабыну ошағын, жалғыз бүйрек, екі еселенген бүйрек, гидронефроз сияқты аномалияларды, конкременттерді (0,4 см үлкен), нефрокальцинозды, кисталарды, әр түрлі ісіктерді және қуықтағы қалдық несепті көруге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет