Бұйрық №. 10. 2021ж. Ынтымақ ауылы



Дата09.12.2022
өлшемі20,39 Kb.
#56122
түріБағдарламасы

9 Майлықожа атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бұйрық №
.10.2021ж. Ынтымақ ауылы
«PISА» мектептер үшін апробациялық зерттеуге қатысу туралы
Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің 30.09.2022 жылғы №248- НҚ хатына сәйкес Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Мектептерге арналған PISА зерттеуі 2022 жылдың қараша айында өтетінін хабарлайды». «PISА» апробациялық зерттеуге 15 жастағы оқушылар жаратылыстану бағытындағы (математика, химия, биология, физика, география) пәндерінен компьютерлік форматта тест тапсыру арқылы өтуіне байланысты Бұйырамын:

  1. «PISА» апробациялық зерттеуге қатысатын оқушылардың дайындығын пысықтау шаралары 2022 жылдың 10--16 қазан аралығында ұйымдастырылып өткізілсін;

  2. 1-ші қосымшаға сәйкес «Апробациялық зерттеуге» 15 жастағы оқушылар қатыстырылсын.;

  3. Апробациялық зерттеуге мектеп үйлестірушісі А.Ханходжаева бекітілді;

  4. Мектеп үйлестірушісі мектептегі апробациялық зерттеудің өтілу іс-шара жоспарын дайындап, бекітсін;

  5. «PISА» мектептер үшін апробациялық зерттеуге қатысатын оқушылардың дайындығын пысықтау шараларын өткізу мақсатында іріктеуге түскен жаратылыстану-математика бағытында (математика, химия, биология, физика, география) пәндерінен сабақ беретін мұғалімдер мен 15 жасар оқушылардың тізімдері анықталынсын ;

  6. Апробациялық зерттеу сынақтарын компьютерлік бағытта тапсыратындықтан, техникалық талаптарға сай компьютерлерді дайындау міндеттелінсін ;

  7. 2022 жылдың 10-16 қазан аралығында өтетін «PISА» мектептер үшін апробациялық зерттеуге қатысатын оқушылардың тест нәтижелерін анықтап, қорытындыларын шығаруға қазылар алқасы бекітілсін;

  8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау және басшылық жасау мектеп директоры Ж.Абишеваға жүктелсін.


Негізі:Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің 30.09.2022 жылғы №248- НҚ хатына сәйкес

Мектеп директоры: Ж.Абишева.

9 Майлықожа атындағы жалпы орта білім беретін мектебі


коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бұйрық

30.09.2022ж. Ынтымақ ауылы

«PISА» мектептер үшін апробациялық зерттеу бойынша мектеп үйлестірушісін бекіту туралы»


Бұйырамын:
2022-2023 оқу жылында «PISА халықаралық зерттеу» бойынша дайындық жұмыстарын жүзеге асыру үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.А.Ханходжаева мектеп үйлестірушісі етіп бекітілсін.

Мектеп директоры: Ж.Абишева

9Майлықожа атындағы жалпы орта білім беретін мектебі


коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бұйрық №
30.09.2022ж. Ынтымақ ауылы
«PISА» мектептер үшін апробациялық зерттеу
жұмыстарына шығармашылық топ құру туралы»
Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің 30.09.2022 жылғы №248- НҚ хатына сәйкес Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Мектептерге арналған PISА зерттеуі 2021 жылдың қараша айында өтетінін хабарлайды». «PISА» апробациялық зерттеуге 15 жастағы оқушылар жаратылыстану бағытындағы (математика, химия, биология, физика, география) пәндерінен компьютерлік форматта тест тапсыру арқылы өтуіне байланысты оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастықпен (IEA) келісім бойынша шығармашылық топ құру туралы Бұйырамын:


  1. PISА апробациялық зерттеу жұмыстарына дайындықты жандандыру мақсатында мектепте шығармашылық топ құрылсын:

Топ жетекшісі: А:Ханходжаева –директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
Шығармашылық топ мүшелері:
А.Коргулиев - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы;
Н.Мирзаханова – директордың басатуыш сынып бойынша орынбасары;
Ф.Қарабалаева - Ә.Б жетекшісі;
Ж.Қосмұратова –физика пәні мұғалімі;
М.Аюпова – Ә.Б. жетекшісі биология пәні мұғалімі;
С.Ермаханбетов – география пәні мұғалімі.
Мектеп директоры: Ж.С.Абишева

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет