Молекулалық биология кіріспе Молекулалық биология пәні және міндеттері



бет1/31
Дата06.10.2023
өлшемі67,07 Kb.
#112977
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
МБГ 1 семестр, 1 РК ауызша


Молекулалық биология кіріспе
1.Молекулалық биология пәні және міндеттері.
Молекулалық биология -тіршілікті молекулалық деңгейде зерттейтін кешенді биология ғылымының манызды саласының бірі.
Молекулалық биология ғылымының негізгі зерттеу объекттері — жасушаның акпараттық макромолекулалары-ақуыз және нуклеин қышқылдары болып саналады. Ол ақпараттық макромолекулалардың құрылысын, қызметтерін, таралуын зерттейді.
Қазіргі таңда молекулалық биология жедел дамып келе жаткан ғылым ретінде теориялық және колданбалы биология, генетика, медицина, ауылшаруашылығы т.б. ғылымдардың дамуында маңызды рөл атқарады. XXI ғасырды молекулалык биология ғасыры деп атауда.
Молекулалык биология ғылымы бірнеше бөлімдерге бөлінеді: геномика — тұқым қуалаушылықтың материалдык негіздері-ДНҚ, РНҚ молекулаларының кұрылыстарын, кызметтерін зерттейді; протеомиха — жасуша ақуыздарының құрылысын, кызметтерін эерттейтін бөлім.
Геномика ғылымының негізгі міндеті мен мақсаты - адам және баска да тірі ағзалардың геномдарының құрылысын, қызмет ету тетіктерін зерттеп, анықтап, анықталған деректерді, білімдерді адам өмірінің сапасын жаксартуға пайдалану болып табылады.
Молекулалық биологияның міндеті - клетканы құраушы негізгі тіршілік құбылыстарын (заттардың алмасуы, тұқым қуалаушылық, нуклеин қышқылдарының құрылымы және олардың әр түрлі организмдердегі атқаратын қызметі т.б.) молекулалық деңгейде зерттеу. Яғни молекулалық биология тірі организмдердің жұмыс істеуін, олардың құрамына кіретін молекулалар және атомдардың химиялық құрылымы тұрғысынан зерттейтін ғылым саласы.
2.Молекулалық биология қалыптасу кезендері, тарихи даму.
Молекулалық биология ғылымының дербес ғылым ретінде қалыптасуы 1953 жылдан кейін басталды, себебі осы жылы Ф.Крик және Дж.Уотсон дезоксирибонуклеотид қышқылының қос ширатпалы құрылысын анықтап, оның моделін құрастырған.
Соңғы 50- 55 жыл ішінде молекулалық биология ғылымы тіршіліктің сырларын зерттеуде көптеген маңызды жетістіктерге қол жеткізді.
ХХ ғасырдың 40-50 жылдары ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі нуклеин қышқылдары екендігі белгілі болды( О.Эйвери, К.Мак Леод, М. Мак Карти; Н.Циндер, Д.Ледерберг; Х. Френкель Конрат т.б. )
1954 жылы америка ғалымы Г.Гамов тұқым қуалаушылық ақпарат ДНҚ молекуласында генетикалық код күйінде жазылған,генетикалық код 3 нуклеотидтен тұруы мүмкін деген болжам жасады. Ал,1961-1964 жылдары Ф.Крик, Х.Корана, М.Ниренберг , С.Очао т.б. ғалымдардың еңбектері нәтижесінде генетикалық кодтың толық сөздігі анықталды .
1961 жылы француз ғалымдары Ф.Жакоб және Ж.Моно прокариоттар гендерінің экспрессиялануының оперондық гипотезасын ұсынды. Кейінірек гендердің экспрессиялану тетіктері (механизмі) прокариоттарда да, эукариоттарда да бірдей жоба күйінде болатындығы белгілі болды (Г.П.Георгиев).
ХХ ғасырдың жетпісінші жылдары кері транскриптаза (ревертаза) ферменті ашылып, тұқым қуалаушылық ақпараттың РНҚ- дан (ретровирустардан) ДНҚ ға берілу жолы белгілі болды, осылайша жасушада ақпараттың берілуінің негізгі бағыттары анықталды:
-ақпараттың берілуінің жалпы жолы – ДНҚ- ДНҚ- РНҚ- ақуыз, яғни биологияның (Криктің) негізгі постулаты;
-ақпараттың ерекше берілу жолы- РНҚ- ДНҚ- ДНҚ- РНҚ- ақуыз, яғни ақпараттың берілуінің ерекше жолы.
1970-1980 жылдары белгілі бір нуклеотидтер (сайттар) арасын үзіп, ДНҚ молекуласын бөлек-бөлек үзінділерге киятын «кайшылар»- рестриктаза ферментгері және ДНҚ үзінділерін бір-біріне жалғап тігетін «инелер»-лигаза ферменттері ашылып генетикалық инженериянын дамуына жол ашылды. Генетикалық инженерия жетістіктері негізінде көптеген трансгендік ағзаларды (өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар) дүниеге келтіріп, адамға кажетті кейбір биологиялық белсенді заттарды (соматотропин, инсулин, интерферон т.б.) зертханалық жағдайларда биотехнологиялық жолмен өндіруге мүмкіндік туды.
XX ғасырдын 90 жылдары жоғары сатылы диплоидты ағзаларды клондау тәжірибелері сәтті аяқталып, 1997 ж Ұлыбританияда «Долли» атты қозы, 1998 ж. торай, ал 1999 ж. маймыл баласы дүниеге келді.
2001-2003 жылдары «Адам геномы» атты халықаралық ғылыми бағдарлама толық аяқталып, 2001 жылдан кейін адамзат постгеномдық дәуірге аяқ басты.
Молекулалық биологияның дамуына көптеген орыс және қазақ ғалымдары ат салысты, олардың арасынан А.А.Баев, А.Н.Белозерский, А.С.Спирин, В.А.Энгельгард, А.П.Георгиев, Т.Дарханбаев, М.А.Айтхожин, Х.Жуматов т.б. есімдерді атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет