Блок әдісімен полистирол өңдірісі


сурет. ПС суспензиялық әдісі бойынша өңдірісінің технологиялық схемасы



бет6/7
Дата19.04.2023
өлшемі400,68 Kb.
#84653
1   2   3   4   5   6   7
3 сурет. ПС суспензиялық әдісі бойынша өңдірісінің технологиялық схемасы:
1,2-араластырғыштар, 3- реактор, 4-елеуіш, 5-аралық сыйымдылық,6-центрифуга, 7-кептірігіш
Кемшіліктері – 1. Көп стадия, 2. Ағынды сулардың көп мөлшері.


2.2.3. Полистирол өңдірісінің блок-суспензиялық әдісі
Стиролдың комбинирленген полимерленуі көбіктенген полистиролды алу үшін қолданады (4 сурет).
Реакторда 1 стиролдың алдын ала блок полимерленуі жүреді. Полимерлену 80-85 0С инициатор – бензоил тотығы қатысында 30-40% конвесияға дейін жүреді. Содан сон форполимерді автоклавка 3 құйып, алдын ала енгізілген стабилизатордың сулы ерітіндісімен араластырады. Автоклавка стиролдағы инициатор ерітіндісінің жаңа порциясын және газтүзуші ретінде полистирол көбіктенуінде қолданылатын изопентан ерітіндісін құяды. Алынған суспензияны 90 0С және 7-9 сағат бойы араластырады. Дайын полимер суспензиясын елеуіш 4 арқылы аралық ыдысқа 5 құйып, сумен сұйылтады және центрифугаға 6 жібереді, мұнда полимердің сығылуы мен шаюы өтеді. Ылғалды түйіршіктерін ауа кептіргішіне 7 жіберіп 40 0С кептіреді.



4 сурет. Көбіктеген ПС блок суспензиялық әдіспен өндірудің технологиялық схемасы:
1-реактор, 2-араластырғыш, 3-автоклав, 4-елеуіш, 5-аралық ыдыс, 6-центрифуга, 7-кептіргіш


2.2.4. Эмульсиялық әдіспен ПС өңдіру
Эмульгаторлар ретінде сабындарды, органикалық сульфоқосылыстарды қолданады. Инициаторлар ретінде суда ерігіш тотықтар, сонымен қатар калий және аммоний персульфаттары болады.
Полимеризаторға су, олеин қышқылын және күйдіргіш натр ерітінділерін жібереді. Полимеризатор бұл шойыннан жасалған, көлемі 10-15 м3, қоршамамен және кері тоңазытқышпен жабдықталған аппарат. Жартысағаттай араластырудан кейін реакторға стиролды жібереді және 15 мин тағы да араластырып, инициатор қосады да реакциялық қоспаны қыздырады. Полимерлену температурасы 70 0С жуық, процесс сонында 90 0С дейн көтеріледі. Полимерленуді мономердің қалдық мөлшері 0,5% дейін жүргізеді.
Алынған латексті күкірт қышқылы немесе алюмо-калийлі ашудастар әсерінен коагуляциялайды. Коагуляция араластырғышпен барботермен жабдықталған эмалданған немесе болаттан жасалған аппаратта жүреді. Латексті коагулент ерітіндісіне жуқа ағыммен, араластырып енгізеді, содан кейін аммиак суын қосады. Барботер арқылы су буын жібереді, нәтижесінде қоспаны коагуляцияға қажетті 800С қыздырып, полимерленбеген мономерді бөліп алады. Екі сағатты коагуляция сонынан полистирол ұнтағы тұнбаға түседі, оны тұндырып ыстық сумен шаяды. Шайылған полистиролды центрифугада сығып, судың мөлшері 60% полистиролды кептіргішке, содан соң елеуге жібереді.
Кемшіліктері: 1. Төмен диэлектрлік қасиеттері, 2. Полимер эмульгатор қалдықтарымен ластану нәтижесінде оның мөлдірлігі төмен болады. Бұл әдіс АБС-пластиктерін және көбіктеген полистиролды алу үшін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет