Бұлттық технологиялар



бет1/4
Дата04.11.2023
өлшемі0,99 Mb.
#122160
  1   2   3   4

Бұлттық технологиялар. Бұлттық технологияларды қолдану салалары
§1. Бұлттық технологиялар
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың дамуы бүкіл дүниежүзінде ерекше қарқын алып отыр. «Көзді ашып-жұмғанша» жұмыс жасауға мүмкіндік беретін IT технологиялар қолданысын кеңейту, әрине, заман талабы. Ал оның әлемдегі жедел дамумен ілесіп, ақпараттармен алмасып қана қоймай, көптеген аудиториялармен бір жүйеде жұмыс жасау мүмкіндігі бар, озық үлгілерінің бірі – «бұлттық технологиялар» немесе «бұлттық есептеулер». Бұлттық технологиялар (ағылш. Cloud technology, яғни Cloud – бұлт, technology – технология) – цифрлық деректерді өңдеу технологиялары арқылы интернет-пайдаланушыға барлық қызмет түрлері бір аппараттық жүйеде біріктіріліп онлайн сервис ретінде ұсынылуы.
Бұлттық есептеулер (ағылш. Cloud computing, яғни cloud – бұлт, computing – есептеулер) – қажетті конфигурацияланған есептегіш ресурстарға (мысалы, деректерді беру желілеріне, серверлерге, деректерді сақтау құрылғыларына, барлығына бірдей немесе бөлек-бөлек) талап бойынша ыңғайлы желілік қолжеткізуді қамтамасыз ету моделі (1-сурет).
Бұл терминдер – компьютерде арнайы программалардың орнатуынсыз,
Еc­те­рі­ңе тү­сі­рің­дер:
• бұлттық технологиялар дегеніміз не?
• бұлттық технологиялар не үшін қолданылады?
Мең­ге­рі­ле­тін бі­лім:
• «бұлттық технологиялар» түсінігі;
• бұлттық провайдер;
• бұлттық технологиялардың қызмет көрсету модельдері;
• бұлттық технологиялардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Сөздік:
Бұлт – Облако – Сloud
Бұлттық технологиялар – Облачные технологии – Сloud technologies
Бұлттық есептеулер – Облачные вычисления – Сloud computing
Бұлттық провайдер – Облачный провайдер – Сloud provider
Қолжетімдік – Доступность – Аvailability
Интернет желіге қосылған жалпыға қолжетімді деректер ортасын өңдеу, жүктеу және сақтау т.с.с. қашықтан басқарудың технологиялық мүмкіндіктерін ұсынатын виртуалды қызмет түрлерінің жалпыланған атауы. Виртуалды қызмет түрлерін ұсынып, ұйымдастырып, қолайлы жағдай жасап отыратын, кез келген деңгейдегі және кез келген қуатты ақпараттық ресурстарға қолжеткізуді қамтамасыз ететін бұлттық қызмет түрлерін провайдер атқарады. Бұлттық провайдер (ағылш. Cloud provider – бұлттық сервистерді жеткізуші) – бұлттық есептеулер негізінде қызмет көрсететін компания, ол әртүрлі виртуалды ресурстың (виртуалды серверлер, виртуалды желілер, виртуалды деректерді сақтау жүйелері) автоматтандырылған басқару түрлерін жеткізуші.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет