БөЖ-2 Қырымның қырық батыры Ақжонасұлы Ер Кеңес Орындаған



Дата22.11.2022
өлшемі25,58 Kb.
#51872

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті


БӨЖ-2
Қырымның қырық батыры
Ақжонасұлы Ер Кеңес


Орындаған: Сержан Аяжан Сержанқызы
Топ: 202
Тексерген: Мажиева Назым

Жетпіске келген Ақжонаспен елуге келген әйелі Арубибі сәбидің иісіне зар болады. Қазы, ғұлама, билерден сұрастырып, Арыстанның мазарына барып, түнеп, табытын құшақтап жылап перзент беруін сұрайды. Арыстан тілегінің қабыл болғанын айтып ,Ақжонас еліне қайтып, жетпіс күн болғанда әйелі құрсақ көтереді. Әйелі жыланның басына жерік болады ,өмірге Кеңес атты батыр келеді.


Бұл мотив жоғарыда айтып өткендей «Алпамыс батыр» жырында кездеседі. Байбөрі, Байсары деген екі бай болады. Екеуі де жасы ұлғайып жеткенше бала көрмеген, көкірегін қарыс айырған армандары бала болады. Бала тілеп әулиелердің басына барып түнейді. Көп жалынып, жалбарынады. Аяғында екеуінің де әйелдері екі қабат болады.
Түс көру мотиві- Ақжонас Арыстанның мазарына келіп, көзі ілініп кетеді. Түсінде Арыстан келіп: «Ақжонасғенді тілегіңді бердім,аулыңа қайт,кеңеспен шығып едің,әйеліңнен ұл туар, атын Кеңес қой !» -деп өзі ғайып болады.
Тағы бірі,Қалмақтың қызы Қарлығаш түс көреді,түсінде аспаннан қарақұс келеді,ол құс қонарында халқы шулап,елінің астаң-кестеңі шығады.
Түс көру мотиві Жүсіп-Зылиха ғашықтық дастанында кездеседі.Мысалға:Жүсіп пайғамбар жас кезінде түс көріп,түсінде Ай,Күн және он бір жұлдыз көреді,көрген түсін әкесіне айтқанда,әкесі Жақып пайғамбар жақсыға жорып ағаларыңа айтпа саған жамандық істеп қоюы мүмкін дейді.Бұл жерде түс көру мотиві қолданылып тұр.Түс көру мотиві дастанда тағы бір жерде ұшырасып отыр:Дастанда Жүсіп патша үйінде жүреді,оны Зылиха түсінде үш рет көретіндігі келтірілген.
Батырға тән балалық шақ мотиві – Батырлық жырларда көбінесе перзентке зар болу сарыны болады. Және оның басқаларынан ерекше балалық шағы болады. Ақжонасұлы Ер Кеңес төрт жасқа келген кезінде жігіт болып өсіп , бес жасқан келген кезінде ер жетеді, алты жасқа келгенде елін қорғау үшін жауға аттанады. Жауын шауып, еліне көрікті арумен қайтады.
Бұл мотив көптеген жырларда кездеседі. Мысалы: «Қобыланды батыр» , «Алпамыс батыр» , «Ер Тарған» ,»Қамбар батыр» жырларында кездеседі . Себебі, әр батырдың балалық шағы болатыны айдан анық.
Жаудан елін азат ету мотиві – Ер Кеңестің елінде жоқ екенін пайдаланып Бағлан таз , Ақжонас пен Арубибіні қинап ,малдарын айдап еліне қайтады. Ер Кеңес жұртына қайтып келгенінде ешкімнің жоқ екенін көріп, ата-анасын құртқару үшін жалғыз жолға аттанады. Сиырдың артында жүрген анасын, кісенделіп тұрған әкесін көріп

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет