БөЖ №2 Тақырыбы: Фотосинтез Орындаған: Уәлихан Кәусар 3 курс,301-топ Қабылдаған: Медеуова Галия Джумакановна



бет1/8
Дата24.05.2023
өлшемі0,64 Mb.
#96619
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Жаратылыстану институты
Биология кафедрасы

БӨЖ №2
Тақырыбы: Фотосинтез

Орындаған:Уәлихан Кәусар
3 курс,301-топ
Қабылдаған: Медеуова Галия Джумакановна

Жоспары:
Кіріспе:
Фотосинтез туралы жалпы ұғым
Фотосинтез бен тыныс алу
Негізгі бөлім:
1. Фотосинтездің жарық және қараңғы фазалары
2.Хемосинтез
3. Фотосинтездік аппарат
Қорытынды:
Фотосинтез - органикалық заттарды жинақтаушы


Фотосинтез (көне грекшеφῶς — "жарық" және σύνθεσις — "синтез")- жасыл жапырақ органоидтері, яғни хлоропласт арқылы күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 миллиард тоннадан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұл кезде олар 200 миллиардтай СО2 сіңіріп, оттегі бөледі.
Фотосинтез процесі XVIII ғасырда ашылды. Бірақ фотосинтез деген термин ғылымға 1877 жылы ғана енді. Оны бірінші болып өсімдіктердің көмірқышқыл газының ассимиляциялануын баламалау үшін неміс профессоры Пфеффер қолданды. Оттегін, тұз қышқылын, күкірт, кобальт, аммиак және т.б элементтер мен қосындыларды ашқан ағылшын химигі Пристли 1771 жылы жарияланған еңбегінде өсімдіктер жану және тыныс алуды бұзылған ауаны «тазартады»деп көрсеткен болатын. Ол ормандағы емен ағашынан бастап, далада өсетін қылтанақ шөптерге дейін бүкіл тіршілікке қажет ауаны тазарта алатындығын дәлелдеді. Бірақ, бұл құбылыстың күн сәулесінің энергиясына байланысты екенін ол аңғара алмады. Осы бағытта зерттеулер жүргізген ағылшын ғалымы Ингенхауз өзінің еңбегінде төмендегіүш ұғымды атап көрсетті.
1.Өсімдіктің ауаны тазартуы тек күн сәулесінің әсеріне байланысты.
2.Көмірқышқыл газын тотықсыздандырып ауаны тазарту өсімдіктердің тек жасыл бөліктеріне ғана тән.
3.Өсімдіктің түссіз басқа органдары – тамыр, гүл, жемістер күндіз де, түнде де, ал жасыл бөліктері қараңғыда басқа хайуанаттар сияқты ауаны бұзады.
Сонымен Ингенхауз өсімдіктерде қатарынан қарама-қарсы екі процестің фотосинтез және тыныс алудың болатындығын дәлелдеді.
Фотосинтезді алғаш зерттеушілер Швейцария ғалымдары Ж.Сенебье, Н.Соссюр және неміс химигі Ю.Майер болды. 19 ғасырдың 2-жартысында К.А.Тимирязев күн сәулесі энергиясы фотосинтез процесінде хлорофилл арқылы сіңірілетінін анықтады. 20 ғасырдың басында фотосинтездің физиологиясы мен экологиясына арналған маңызды зерттеулер жүргізіледі (В.В.Сапожников, С.П.Костычев, В.Н.Любименко, А.А.Ничипорович т.б.). 20 ғасырдың орта кезінен бастап фотосинтезді зерттеуде жаңа әдістер (анализі, радиоизотопты әдіс спектроскопмя. Электрондық микроскоп т.б.) дамыды.
Жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктер, балдырлар (көп жасушалы жасыл, қоңыр, қызыл, сондай-ақ бір жасушалы эвглена, динофлагеллят, диатом балдырлар) фотосинтезінде сутек доноры және шығарылатын оттек көзі су, ал сутек атомның негізгі акцепторы және көміртек көзі – көмірқышқыл газ. Фотосинтезге тек СО2 мен Н2О пайдаланылса көмірсу түзіледі. Фотосинтез процесіне өсімдік көмірсу түзумен қатар құрамында азоты және күкірті бар аминқышқылдарын, белок, молекуласы құрамында азот болатын хлорофилл де түзеді. Бұл жағдайда көмірқышқыл газбен қатар сутек атомының акцепторы және азот, күкірт көзі нитрат және сульфат болады. Фотосинтездеуші бактериялар молекула оттекті пайдаланбайды, оны бөліп шығармайды (бұлардың көбі анаэробтар). Бұл бактериялар су орнына донор ретінде электрондарды не органикалық емес қосылыстарды (күкіртті сутек, тиосульфат, газ тәрізді сутекті) немесе органикалық заттарды (сүт қышқылы, изопропил спиртін) пайдаланады.
Жалпы фотосинтез процесінің маңызын төмендегідей көрсеткіштермен маңызын төмендегідей көрсеткіштермен сипаттауға болады. Жер бетінде-құрлықта, мұхиттар мен теңіздерде тіршілік ететін өсімдіктерде күн энергиясын пайдаланып, көмірқышқыл газын тотықсыздандыруы, яғни фотосинтез нәтижесінде жылына 175 млрд.т СО2нің байланысқан күйге немесе органикалық заттарға айналады.Фотосинтез процесінің қалыптасуынан бастап миллиондаған жылдар бойы жерде есепсіз еөп органикалық заттардың қоры жиналды. Қазіргі замандағы адам қоғамы өз игілігіне пайдаланып жатқан қазба байлықтар – тас көмір, мұнай, газ, және т.б ұзақ геологиялық дәуірлердегі фотосинтездің нәтижесі.

Пластикалық (анобализм) алмасу сипатына сәйкес табиғаттағы барлық жасушалар екі топқа бөлінеді. Хлорофилі бар өсімдік жасушаларының тірі табиғат үшін маңызы өте зор, себебі онда өзіне тән ерекше әрекеттер (процестер) жүріп жатады. Ол әрекеттер фотосинтез деген атпен ғылымға әйгілі. Фотосинтез дегеніміз күн сәулесі энергиясын химиялық байланыстар энергиясына айналдыратын күрделі механизмді әрекет.

Энергияның ең көбi — күн сәулесiнiкi, қоректiк заттар одан аз, ең азы көмiртек оксидi, су жене оттегi. Фотосинтез көпсатылы күрделi әрекет. Мұнда күн сәулесi энергиясын химиялық байланыс энергиясына айналдыруда басты рөлдi хлоропластар атқарады. Пластиттердiң үш түрге бөлінетіндігi белгiлi, олар: лейкопластар, хромопласт жене хлоропласт. Бұл үшеуiнiң де негiзi — строма деп аталатын ақуыз. Ал, фотосинтез әрекетi хлорофилл пигментi (жасыл түс беретiн) бар хлоропласт жасушасында жүредi.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет