1-тапсырма: Реовазография әдісі және қолданылуы Реовазография- тамырлардың тонусының өзгеруінен, серпімділіккен, артериялардың таралуынан пайда болатын перифериялық тамыр ауруларын зерттеу. Реовазография – организмнің тірі ұлпасының жоғары жиілікті айнымалы токқа төзімділігінің ауытқуын тіркеуге, тамырлардың импульстік тербелістерін тіркеуге негізделген зерттелетін мүшедегі жалпы аймақтық қан айналымының жағдайын көрсететін зерттеу әдісі. Реовазографи – жалпы және аймақтық қан айналуды зерттеу әдісі. Бұл әдіс адам денесі арқылы пульстық толқын өткенде, жасушалардың электр кедергілерінің өзгерісін график түрінде тіркеуге негізделген. Реография әдісі мүшелер мен ұлпалардың толық қан айналым жүйесінің жұмыс жасауын бағалайды. • Соңғы кезде компьютерлік реографтар кең түрде қолданылуда. Компьютердің мониторында сандармен берілген реограмма мен электродтардағы базалық кедергілерін тіркеуі көрсетіледі. _____________________________________________________________________________ 2-тапсырма: Резонанс құбылысын түсіндіріңіз резонанс- периодты түрде сырттан әсер етуші күштің жиілігі тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі жақсарғанда сол тербелмелі жүйедегі еріксіз тербелістер амплитудасының күрт арту құбылысы. Резонанс құбылысы табиғатта, ғылым мен техникада маңызды орын алады. Резонанс құбылысын машиналар мен механизмдер жасауда, көпірлер мен ғимараттар салуда, т.б. мұқият ескеру керек. РадиотехникадаРезонанс құбылысы маңызды рөл атқарады.
Резонанс (лат.ресоно, фр.resonance — үн қосу, дыбыс қайтару) — периодты түрде сырттан әсер етуші күштің жиілігі тербелмелі жүйенің меншікті жиілігіне жақындағанда сол тербелмелі жүйедегі еріксіз тербелістер амплитудасының күрт арту құбылысы; мәжбүр етуші күштің жиілігі жүйе тербелісінің меншікті жиілігіне жуықтаған кезде жүйедегі мәжбүр тербеліс амплитудасының кенеттен артып кету кұбылысы.
Резонанс Резонансты алғаш рет механика және акустикалық құбылыс ретінде италиян ғалым Г.Галилей, ал электр-магниттік жүйелерде, мысалы, тербелмелі контур арқылы ағылшын ғалымы Дж.Максвелл (1831 — 1879) қарастырған (1868). Жүйеге гармондық сыртқы күш (Ф) әсер еткенде массасы м-ге тең дененің қозғалыс теңдеуі мына түрде жазылады: мұндағы Ф0 — сыртқы күштің амплитудасы, в — сыртқы әсердің жиілігі, х — ауытқу, — масса жылдамдығы, а— масса үдеуі, б — үйкеліс коэфф., к — қатаңдық коэфф. Бұл теңдеудің шешуі болады. Мәжбүрлеуші күштің жиілігі тербелмелі жүйенің жиілігіне жақындаған сайын тербеліс амплитудасының қалай өсетіні осы формуладан айқын көрінеді.