10-тақырып. Жалпыламаның дисперсиясы және (немесе) стандартты ауытқуын берілген мәнімен салыстыру ([2], 2-бөлім, 14 б.; В-қосымша, В. 1-кесте, 28-29 б. қараңыз). Жұмыстың мақсаты
10-тақырып. Жалпыламаның дисперсиясы және (немесе) стандартты ауытқуын берілген мәнімен салыстыру ([2], 7.2-бөлім, 14 б.; В-қосымша, В.1-кесте, 28-29 б. қараңыз).
Жұмыстың мақсаты: Сенімділік ықтималы: шынайы, оңтайлы және күмәнді сценарийлері үшін жалпыламаның дисперсиясы және (немесе) стандартты ауытқуын берілген және (немесе) мәнімен салыстыру алгоритмі, ақпараттық технологиялары және нәтижелерін көрнекілеу мен пайымдаулары жөніндегі теориялық білімді, академиялық қабілетті және тәжірибелік дағдыларды алу.
Міндеттер: 1. Статистикалық және бастапқы мәлімет деректерін әзірлеу.
2. Кестелік мәлімет деректері мен есептеулерін орындау.
3. Шынайлы, оңтайлы және күмәнді сценарийлері үшін есептілік моделдері желісінің компьютерлік тәжірибесі нәтижелерін алу.
4. Есептілік моделдері желісінің компьютерлік тәжірибесі нәтижелерін көрнекілеу, пайымдау және құжаттандыруын әзірлеу.
Орындалу ұзақтығы: Ағымдағы оқу жылы семестрінің 12 және 13-апталары.
Орындалу кезеңдері. Сенімділік ықтималы: шынайы, оңтайлы және күмәнді сценарийлері үшін жалпыламаның дисперсиясы және (немесе) стандартты ауытқуын берілген және (немесе) мәнімен салыстыру алгоритмі, ақпараттық технологиялары және нәтижелерін көрнекілеу мен пайымдаулары ақпараттық жүйе жұмыстарының реті келесі бөлімдер мен есептілік модельдер көмегімен төмендегі қадамдар арқылы жүзеге асыруға болады.
Кіріспе(көлемі жарты бет болу керек)
Бірінші міндет. Статистикалық және бастапқы мәлімет деректерін әзірлеу:
1-қадам. Бақылау шамасы іріктеуінің көлемін ендіру .
2-қадам. Бақылау шамалары іріктеуі мәндерінің = сомасын есептеу.
3-қадам. Бақылау шамалары іріктеуі мәндерінің квадраты : = сомасын есептеу.
4-қадам. Генералды жиынтықтың белгілі = дисперсия, және / немесе стандартты ауытқуы мәнін ендіру.
5-қадам. Бақылау шамалары іріктеу мәндері үшін еркіндік дәрежесін ендіру.
6-қадам. Таңдалған сенімділік ықтималы, және / немесе маңыздылық деңгейі мәнін ендіру.