БөЖ Өсімдіктердің дамуы Орындаған: Назарова У



бет1/4
Дата05.05.2023
өлшемі110,17 Kb.
#90454
  1   2   3   4
Байланысты:
Улбала онтогенез (копия)


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті





БӨЖ
Өсімдіктердің дамуы
Орындаған: Назарова У
302-топ
Қабылдаған: Медеуова Г.Д.


Алматы 2023ж
Жоспар:
1. Өсімдік өмірі (онтогенезі) туралы ұғым
2. Жоғары сатыдағы өсімдіктер
3. Өсімдіктің мүшелері арқылы (вегетативтік) көбеюі

I.Өсімдік өмірі (онтогенезі) туралы ұғым
Өсімдіктер алуан түрлі болғандықтан, оларға арнайы онтогенездер тән. Өсімдіктердің онтогенезі олардың таксономиялық ерекшеліктеріне байланысты деуге болады. Табиғаты өсімдікке жататын бір клеткалы организмдерде (бактериялар және басқалары) онтогенез бір бөлінуден бастап келесісіне дейінгі уақытта клетканың тіршілігі болып саналуы мүмкін. Бактериялық клетканың екі еншілес клеткаларға бөлінуі онтогенезді аяқтайтын, яғни оның өлімімен бітетін кезең деп санауға болады. Бірақ көптеген бактерия түрлері мысалы, спора түзетіндер, көп уақыт бойы көбеюсіз тіршілік ете алады. Сонымен қатар, цианобактерияларда көлдер мен тоғандардың түбінде бірнеше ондаған жылдар бойы тіршілігін (бөлінбей) сақтауы мүмкін.
Көп клеткалы өсімдіктерде, мысалы гүлді өсімдіктерде онтогенез тұқымда ұрықтың пайда болуымен басталады және өсімдіктің өлуімен аяқталады. Бұл өсімдіктерде онтогенез бірқатар кезеңдерден тұрады, олар шын мәнінде, жастық болып табылады. Латентті генеративтікке немесе виргинилдікке (тұқымның шығуының алғашқы гүлденуіне дейін), генерациялық (бірінші гүлдеуден соңғы гүлдеуге дейін) және сепилді немесе кәрі (гүлдеу қабілетінен айырылу кезеңінен өлуіне дейін) кезеңдерін ажыратады. Осы кезеңдер шегінде одан әрі қарай кезеңдерді бөледі, олардың аса маңыздылары гүл (гүлдер) мен гүл шоғырының дифференциациясы, макро- және микроспорогенез, макро- және микрогаметогенез, ұрықтану (зигогенез), тұқым мен жемістің қалыптасуы болып табылады.
Өсімдіктердің онтогенезі кезіндегі маңыздысы морфогенез, ол қозғалыссыз клеткалардың бөлінуі мен дифференцировкасына байланысты жэне өсімдіктің өмір бойы өсуіне жәрдем беретін меристемалардың белсенділігімен қамтамасыз етіледі. Өсу кезінде клетканың бөлінуі толығымен меристемада өтеді. Апикальды және латеральды меристеманы ажыратады. Апикальды меристемалар өсімдіктердің әсіресе, ұзындыққа (биіктігі) қарай өсуін қамтамасыз етеді, ал латеральды меристемалар болса, өсімдіктердің жуандығына жауапты. Латеральды меристемалар қызметін клеткаларынан өткізуші ұлпалар пайда болатын камбий атқарады.
Сонымен қатар онтогенезде органогенез процесі де маңызды, ол тамыр, сабақ, жапырақтар мен гүлдердің пайда болуы мен дамуын қамтамасыз етеді. Бұл кезде, өсімдіктердің түрлері әртүрлі мүшелердің қалыптасуы мен дамуының қарқындылығын анықтайды.
Мысалы, өмір бойы өсетін шырша секілді өсімдікте көбею мүшелерінің пайда болуы мен үрықтануы бір жыл ішінде жүзеге асса, кейбір бір жылдық жабықтұқымды өсімдіктердің өмірі бір маусыммен ғана анықталады, бұл процестердің ұзақтығы шамамен бір ай ғана немесе одан сәл көбірек болады. Өсімдіктер клеткаларының өсуі мен бөлінуіне жарық, температура, гравитация және басқа факторлар әсер етеді.
Ұрықтың тұқымдағы мөлшері, пішіні және орналасуы әртүрлі өсімдіктердің түрлеріне байланысты түрлі болып келеді. Ұрықтағы қоректік заттардың қоры (майлар, көмірсулар, белоктар) да осыған байланысты. Тұқымдағы ұрық тыныштық күйде ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, ол тұқымның дегидратациясына байланысты. Әртүрге жататын өсімдіктердің тұқымдарының өнгіштігінің сақталуы негізінен бір жылдан көптеген он жылдықтарға дейін ауытқып отырады. Мысалы, кең таралған астра гүлдерінің тұқымдары өнгіштігін бір жыл сақтаса, ал бау бақшаның дақылдары болса, бірнеше жылға дейін өнгіштігін сақтайды. Мысырлық жерлеулерден табылған дәнді-дақыл өсімдіктерінің тұқымдары бірнеше мыңжылдықтар бойы тіршілікке қабілеттелігін сақтағаны белгілі.
Әртүрлі өсімдіктердің тұқымдарының өсу жағдайлары (жарық, температура, ылғалдылық және т.б.) айтарлықтай ерекшеленеді. мысалы, бір өсімдіктің түқымдары 0°С температурада өсе алады, ал басқа өсімдіктің тұқымдары жылы температураны керек етеді. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы фитогормондармен реттеледі (өсімдіктердің өсу реттеушілері), олар сигналды молекулалар ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер, абсцизді қышқыл мен этилен болып табылады. Осы айтылған байланыстар не клеткада синтезделеді, не нысана-клеткалары арқылы тасымалданады. Бұл қосылыстардың аса көп әсері байланысқан түрінде болады. Мысалы, ауксин, индолсіркеқышқылы тамырлардың пайда болуын стимулдайды, бірақ гиббереллинмен байланысқан түрінде тамырларыдың ұзына бойы өсуін, ал цитокининмен байланысқанда бүйір бүршіктерінің қалыптасуы мен өсуін стимулдайды.
Өсімдіктердің өсу кезеңдері.
Өмірінің ұзақтығына қарай өсімдіктер бір, екі және көпжылдық болуы мүмкін. Біржылдық өсімдіктер бір жылдан да аз уақыт тіршілік етіп, гүлдеп, жеміс беріп, сонан соң бүтіндей тіршілігін жояды. Демек, біржылдық өсімдік те, монокарпты (грек.монос-бір, корпос-тұқым) өсімдіктер, тобына жатады. Бұлар бүкіл тіршілігінде бір-ақ рет жеміс беретін өсімдіктер. Екі жылдық өсімдіктер де (қант қызылшасы, сәбіз және т.б.) монокарптыларға жатады.
Көпжылдық шөптесін және ағаш өсімдіктері екі жылдан артық өмір сүреді де, әр жыл сайын өздерінің бүршіктеріннен қайта дамиды. Бұл өсімдіктер тобын-поликарптылар (грек.поликөп), яғни өзінің өмірінде көп рет жеміс беретін өсімдіктерге жатқызады.
Бірақ табиғатта көпжылдық өсімдіктер қатарында да, монокарптылар кездеседі (агава, бамбуктер). Тек біржылдық өсімдіктерден айырмашылығы вегатациялық кезеңі ұзақ жылдарға созылады. Көпжылдық шөптесін монокарптыларға күрделігүлділер және шатыршагүлділер тұқымдастарының көптеген өкілдері жатады. Бұл өсімдіктер орташа 5-6 жылдай жетаған (дегелек) түрінде өмір сүріп, сосын гүлдеп, жеміс байлап (бір рет) онан соң тіршілігін жояды.
Өсімдіктер де басқа организмдер сияқты, өз онтогенезінде жасына қарай физиологиялық өзгерістерді, олардың тамыр және өркендер жүйесінің біртіндеп алмасуынан вегативтік және генеративтік мүшелерінің ара қатынасының өзгеруінен байқауға болады. Бірақ өсімдіктің абсолютті дәл жасын анықтау оңай емес, өйткені даму барысында мүшелердің тұрақты алмасуы-ескіргендері тіршілігін жойып, ыдырап, жаңалары пайда болып отырады. Сондықтан “тіршілік циклы” деген ұғым енгізу қажет болды. Өсімдіктің тіршілік циклы-оның бүкіл онтогенезі, ол тұқымдағы ұрықтың дамуынан бастап индивидтің және оның барлық вегетативтік ұрпағының табиғи тіршілігін жоюға дейінгі аралық.
Өсімдіктердің тіршілік циклдарын төрт кезеңге бөлуге болады:
1. Жасырын (лантенттік)-бірінші толыстық кезеңі.
2. Прегенеративтік-тұқымның өсуінен бастап дербес организмде ересек өсімдіктерге сәйкес жапырақтардың, өркендердің және тамырлардың басым болуына дейін.
3. Генеративтік-генеративтік өркендердің пайда болуынан бастап, олардың кенет азаюына дейін.
4. Постгенеративтік-тіршілік формасының қарапайымдалуы, генеративтік өркендердің болмауы, бірте-бірте жалпы тірі өркендердің болмауы.
Жоғарыда келтерілген кезеңдер, өз кезеңінде бірнеше этаптарға немесе тіршілік күйлеріне бөлінеді:

Кезең

Тіршілік күйі

Индексі

1. Латентті (жасырын)

1. Тұқым

Sm

2. Прегенеративті

2. Өскін
3. Ювенильдік
4. Имматүрлік
5. Виргинильдік

pl
J
Fm
W

3. Генеративті

6. Жас
7. Піскен
8. Қартайған

G1
G2
G3

4. Постгенеративті

9. Субсенильдік
10. Сенильдік
11. Қурап баражатқан

Bs
S
S0

Өсімдіктердің мерзімге қарай өзгеруі.


Әртүрлі климаттық жағдайда өсетін өсімдіктердің мерзімдік өзгерістерін, олардың морфологиялық-анатомиялық ерекшеліктерінен байқауға болады. ¬оңыржай және континентальды климат жағдайында, биологиялық заңды құбылыс ретінде өсімдіктердің жапырақтарында күрделі зат алмасу реакциялары аяқталып, олардың түсуі басталады. Өсімдік жапырағының түсуі ауа-райының салқындауына және топырақ температурасының төмендеуіне байланысты.
Көктемде көпжылдық өсімдіктердің бүршіктері ашылып, жаңа өркендер дамиды. Міне, осы уақытта көпжылдық тамырларда, сабақтар олардың камбий қатарларының қайта дамуы басталып, оның жұмысы белсенді жанданады. Сонымен бірге, өсімдіктердің мүшелеріндегі қоректік заттардың қоры пәрменді пайдаланылады. Көпжылдық өсімдіктердің вегатациялық кезеңінде жаңарту бүршіктерінің қалыптасуы және жетілуі жүреді. ¬ыс түсер алдында өсімдікте арнайы маманданған мүшелер-пияздар, түйнектер, тамырсабақтар қалыптасады да, оларда қоректік заттар қоры жинақталады. ¦ртүрлі өсімдіктердің гүлдеуі әртүрлі уақытта, бірақ сол өсімдік түрі үшін белгілі бір кезеңде болады. Өсімдіктің гүлдеу дәуірі кейбіреуінде-тез, бірнеше күнде, ал енді біреулерінде апталап немесе бүкіл маусым бойына жүреді (ботакөз, қазтабан).
Вегатациялық кезеңнің ұзақтығына қарай өсімдіктерді былайша бөледі:
1) мәңгі жасыл-жыл бойына жапырақтары жасыл (қылқанжапырақтылар, қаражидек-брусника);
2) Жазғы-қысқы жасыл –жапырақтары жыл бойы жасыл; бірақ кейбір жапырақтары жылға жетпей ауысады (бүлдірген, теңге жапырақ);
3) Жазғы жасыл-ауыспалы жапырақты немесе өркендері бүтіндей қысқа қарай қурайды (эфемерлер, эфемеройдтар және басқа да көптеген өсімдіктер);
4) қысқы жасыл-жазда өркені мен жапырағы қурайды да, күзде, қыста қайта көктейді (Жерорта климаты жағдайында өсетін кейбір өсімдіктер).
Жазғы жасыл өсімдіктерге жататын эфемерлерге және эфемеройдтарға қысқаша тоқталып өтейік. Эфемерлер-көктемде немесе күзде, өте қысқа, екі аптадан бір-екі айға дейін көктейтін біржылдықтар. Эфемероидтар-жаздың басында бүкіл жерүсті бөлігін жоғалтатын көпжылдықтар (шөлдегі және даладағы қызғалдақтар, ормандағы желайдар мен айдар шөп).
Бір фитоценоздың (өсімдік қауымының) өзінде, вегатациялық және гүлдеу мезгілі әртүрлі өсімдіктердің болуы, бүкіл вегатациялық кезеңді толық пайдалануға мүмкіншілік береді. Демек, өсімдіктің әртүрлі типтері жылдың мерзімдеріне, қарай ауысып тұратын әртүрлі жарық, ылғал, температура жағдайларына бейімделген.
Тұқымның өнуі.
Көпшілік гүлді өсімдіктердің тұқымдары піскенен соң, біршама уақыт толастық кезеңде болады да, қолайлы жағдайда өне бастайды. Өсімдік тұқымның өнуіне біршама қолайлы табиғи жағдайлар қажет. Оның ең бастысы ылғалдың болуы. Өйткені, піскен тұқымның ұлпасы өте қатты қураған (сусызданған). Мұндай кепкен тұқым құрамында шамамен 10-15% ғана су болады. Онан кейінгі жағдай ауаның болуы шарт. Қшіншісі-әрбір өсімдік түрінің тұқымының өнуіне белгілі 25-350С қолайлы (оптимум) температурасы жґне жарық қажет.
Тұқым өну алдында ісінеді. Тұқымның ісінуі оның клеткаларының мейлінше мол суды сіңіреді, құрғақ ұлпаларының сумен қанығуы нәтижесінде тұқым көлемі ұлғайып тұқым қабығының жарылуы. Осы кезде тұқымда судың сіңірілуімен қатар құрамындағы ферменттер қарқынды жұмыс атқара бастайды.
Тұқымның толастық кезеңі.
Тұқымның қолайлы сыртқы жағдайлар болғанымен өнбеуі мүмкін. Өйткені әрбір өсімдіктің тұқымы қалыптасқан эволюциялық толастық кезеңі болады. (Жень-шень 3-ші жылда ғана өнеді).
Мәдени дақылдардан тұқымдардың өнуін тездету үшін әр түрлі арнайы тәсілдер болады.
1. Стратификация - +0+160 құмда сақтау
2. Скарификация-қабықты, сүйекті тұқымдарды механикалық жолмен жарақаттау немесе қышқылдардың белгілі концентрациясынан өткізу арқылы тұқым қабығын бұзу. (беде, жоңышқа, жантақ, сүйекті жемістер).
Тұқымның өну жылдамдығына қарай топтарға бөлу.
1. Ұзақ, терең толастық кезең-Ағаш, орман шөптесіні.
2. Жерге түскен соң бірден өнетін (астық тұқымдастар).
3. Бірден өнетін немесе тез өну қабілетін жоғалтатын тұқымдар (тал, терек, беде, өгей шөп).
4. Жерге түспей аналық өсімдіктің өзінде өнетін тұқымдар (аз кездеседі).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет