Қабылдаған: Толысбаева Ә.
Орындағандар: Савденбекова Н.
Серикбаева Д.
Топ: ФҚӘ-111
Ұлтымыздың дана перзенттерінің бірі – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Осынау ағартушы, шежіреші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, көрнекті ақын, ойшыл, рухани қайраткер.
Халық оны көзі тірісінде-ақ «әулие» атауы – өз алдына бөлек зерттеуді талап ететін тақырып.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Өмір жолы
Көпейдің Жүсібі 1858 жылы Семей облысы Баянауыл сыртқы округі аумағындағы Баянауыл мен Қызылтау тауларының арасында орналасқан Ашамай тасы деген жерде дүниеге келген.
Ата-анасының азан шақырып қойған есімі – Адамжүсіп.
Алқалы жиында тарихтың тамырынан тартып, талай жыр-дастанды төгілте орындаған балаға риза болған ел ағасы: «Өз заманында халқына мәшһүр болатын бала екен», деп есіміне «Мәшһүр» атын қосыпты.
Асылында, «мәшһүр» сөзі араб тілінде «танымал» дегенді білдіреді.
Жүсіптің көреген әкесі: «Адамға мал жолдас болмас, ғылым жолдас»деген шешімге келіп, баласын оқытуға бел буады. Содан бес жылдай Баянауыл медресесінде өңірге танымал Нәжімеддин молдадан білім алады.
Ол Низами, Науаи, Сағди, Хафиз, Физули және басқа да Шығыс әдебиеті өкілдерінің шығармаларын түпнұсқадан еркін оқи алатын деңгейге көтеріледі.
Мәшһүр-Жүсіп жас кезінен-ақ халық ағарту ісі мен ғылым саласына ден қоя бастайды.
Туған жері Қызылтауда жерлестерінің балаларына арабша тіл сындыртып, дәріс беріп, олардың білім мен ғылымға деген құштарлығын арттырып, қолөнер, егіншілік, сауда, мал шаруашылығымен білек түре шұғылдануға шақырды.
Мәшһүр-Жүсіп «Білім алып, өмірлік қажетті іскерлік пен дағдыларды меңгеру – ұлттық ояну мен өркендеудің бірден-бір жолы» деп білді.
Рухани қайраткер Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы Алаштың озық ойлы зиялыларымен тығыз байланыста болды. Қазақтың қара нары, әлемге әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлымен де дәм-тұздас болған.
Бүгінгі таңда ұлы ойшыл, әулие атанған Мәшһүр-Жүсіптің мұрасы 20 том болып жарық көрді. Олар Қазақстан Республикасының Ғылым академиясында, Алматы қаласының Орталық кітапханасында, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында және ұрпақтарының қолында сақтаулы. Қолжазбалардың бір бөлігі Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы атындағы мұражайда тұр.
Бүгінгі таңда ұлы ойшыл, әулие атанған Мәшһүр-Жүсіптің мұрасы 20 том болып жарық көрді. Олар Қазақстан Республикасының Ғылым академиясында, Алматы қаласының Орталық кітапханасында, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында және ұрпақтарының қолында сақтаулы. Қолжазбалардың бір бөлігі Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы атындағы мұражайда тұр.
Мәшһүр-Жүсіп философия, медицина, астрономия, геология, география, этнография, фольклор, тіл білімі, педагогика, дінтану саласында зерттеулер жүргізіп, дала мәдениеті туралы терең дәлелді пікірлерін ұрпағына мұра етіп қалдырды.
1865 жылы «Ер Олжабай батыр» дастанын жазып алды.
Абылай хан, Қазыбек би, Бөгенбай батыр және басқа да көптеген атақты тарихи тұлға туралы деректерді қағазға түсірген.
Ақын әрі философ Мәшһүр-Жүсіп мақалалары 1880–1895 жылдары «Дала уәлаяты» газетінің» беттерінде, 1887 жылы Ташкент басылымдарында жариялана бастады.
1911–1912 жылы жеке фольклорлық шығармалары да «Айқап» журналына шықты.
Шығыстық сарынға сүйене отырып, «Гүлшат-Шеризат», «Ғибратнама», т.б. дастандарын жазды. «Исабек ишан», «Мұса Шорманұлы» атты жоқтау өлеңдері де белгілі.
Данышпан ақын поэзиясының көп бөлігін діни тақырыптарға арнады. Мысалы: «Сүлеймен мен Ібіліс», «Ықылас сүресі», «Мешіт зары», «Жеті тозақ баяны», «Пайғамбардың хадис сөзі», т.б. өшпес мұраларын қалдырды.
Саналы ғұмыры білім мен ғылым кеңістігіндегі өзіндей сайыпқырандармен аралас-құралас, ой пікірлес болып өтті. Соның бірі – белгілі шығыстанушы-түрколог В.В.Радлов еді.
Мәшһүр-Жүсіп сонау Омбыдан Павлодар, Семей, Петропавл, Атбасар, Ақмола жерінде орналасқан көптеген ауылды, Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағындағы елді мекендерді аралады.
Сапарларында атақты тұлғалар: хан Кененің ұрпақтарымен, Мейрам қажы Жанайдарұлымен, сондай-ақ Ақан сері, Саққұлақ бимен де кездесті. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы діндар адам болған. Дегенмен шығармаларында жартылай сауатты молдалардың екіжүзділігін ымырасыз әшкереледі. Халық оны әулие, көріпкел санады. Ол өзінің өлімін болжап, көзі тірісінде-ақ асын бергізіп, болашақ жерленетін орнына өзіне арнап шағын кесене тұрғызған.
Ол бірқатар өлеңдерін Мекке мен Мединеге қажылыққа барған белгілі абыздарға арнаған «Шонтыбай қажы», «Жантемір қажы».
Шығармасында адал қызмет етіп жүрген дін қайраткерлеріне құрмет көрсетеді. Діни тақырыптарда да әулиелердің өмірі, тарихи тұлғалар:
«Асан қайғы», пайғамбарлар : «Сүлеймен мен құмырсқа», «Нұх пайғамбар мен кемпір», т.б. туралы көп дерек жинады.