Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу



Дата02.03.2023
өлшемі15,79 Kb.
#71184
Байланысты:
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу


Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу.
Қазіргі таңда болып жатқан жаңартулар тәрбие жұмысын жандандыруда мектептің алдына қоятын ең басты мәселенің бірі - өркениетті прогрессшіл бағыттағы азаматтық қасиеттері мол сондай - ақ ұлттық тілін жоғалтпаған замандастарымен тең дәрежеде өрелі терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болып табылады. Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері - оқушылардың белсенді саналық көз қарасын сөз бен істің бірлігін адамгершілік нормаларынан ауытқуларға жол бермеуді қалыптастыру. ол баланың жеке басының қалыптастырушы дамудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы Отанға еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан - жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиеден бастайды. Кішіпейілділік негізі отбасынан дамиды. Оған ата - анасының берген тәрбиесі тұрмыс тіршілікке көп әсер етеді. Оқыту барысында балаларды кішіпейілділікке тәрбиелеудің әдіс - тәсілдерінің бірі шығармашылыққа жүгіну. Балаға жазушылардың шығармаларын оқыта отырып, ондағы кейіпкерлердің образды талдата отырып, баланың ой - психологиясына да үңілуге болады. Балаларды сыныптың ұжым ішінде қарым - қатынас кезінде достарымен аралас - құралас кезінде қандай екенін білуге болады және сол мінезіне қарай отырып оның мінез - құлқын жөндеуге кішіпейілділікке тәрбиелеуге болады.
Адамгершілік сезім дегеніміз – әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік тәрбиесіне баулу олардың бір - бірімен достық – жолдастық, қарым - қатынасының нығаюын қарастыру, олардың әрдайым жақсы қарым - қатынаста болуын қамтамасыз ету адамгершілік сенімнен туады. Адамгершілік тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі. Өмір талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайықты шәкірттер тәрбиелеу.
- Оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
- Оқушылардың санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау.
- Отанға. халқымызға, еңбекке жауапкершілік сезіммен қарау.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін оқушылардың жас ерекшелігіне қызығушылығына лайықты жасалады. Оқушыларды кішіпейілділікке адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халқының тәлімдік тиімді құралдарының бірі – ертегі қиса. Оларда халықтың тұрмыс - тіршілігі, әдет - ғұрыптарының дәстүрлері, Отанға туып өскен жеріне деген сүйіспеншілігі бейнеленеді.
- Жақсы адам - елдің ырысы
Жақсы жер – даланың ырысы - деп адам қасиетін білдірсе,
Ұлық болсаң – кішік бол,- деп кішіпейілділікті,
Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала,- деп көрегендікке баулиды. Адамгершілік қасиеттерін дамытуда ойын арқылы меймандасты достық сезімдерін нығайтуға болады. Сонымен кіші мектеп жасындағы оқушыларды мейірімділікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу, оның адамгершілік кішіпейіл, зейінді етіп шығару ата - ана мен мұғалімнің міндеті.
Принцип дегеніміз адамның нақты іс — әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер.
Мектепте мынандай тәрбие принциптері қолданылады:
Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. Тәрбиенің алдына қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс — әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне әсер етеді.
2.Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасы мен байланыс принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын, өмір шындығының моральі және әсемділікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.

Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі. Бұл тәрбие жұмысының жетекші принциптерінің бірі. Педагогика ғылымы балар мен жас өспірімдердің топтық және ұжымдық өмірін, олардың тұлғасының рухани байлығының, әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасуының міндетті шарты деп қарайды. А.С. Макаренко ұжымда адамның біртұтас түрлі сапалары жаттығып, қалыптасатын гимнастика залы, сондықтан тәрбие жүйесі “ұжым” болып ұйымдастырылған педагогикалық іс — әрекет процесін басқаларынан жоғары қояды – деп көрсетті.


Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен көрсетілетін құрметтің бірлігі принципі. А.С. Макаренко кезінде “Егер біреу – міреу педагогикалық тәжірибенің мәнін қысқаша ғана формуламен қалай анықтар едіңіз деп сұрай қалса, мен оған адамға мүмкіндігінше үлкен талап қою және құрмет көрсету деп жауап бере едім” , — деген екен. Мұғалім осы принципті басшылыққа алып оқушы күш – қуатына ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкершілігін ұғындыратын өзіндік өрнегі (стилі) мен сарыны (тоны) бар қатынастарды таңдап алады.
Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі принципі. Бұл принципті ұстау әрбір бөліктері мен элементтері түгел бір тұтастықты құрайтын педагогикалық жүйенің болуын талап етеді. Педагогикалық ықпалдардың жүйесіздігі, кездейсоқтығымен, бейтараптығы, келісімсіздігін, ретсіздігі тәрбие мақсатына үзілді – кесілді қарама – қайшы келеді.
Тәрбиенің оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі принципі. Бұл принципті жүзеге асыру оқушылар іс — әрекетінің мазмұны мен түрін олардың жасына, өмір тәжірибесіне, күш – қуаты мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуын талап етеді. Осы принциптің жүзеге асуына мұғалімнің жас және педагогикалық психологияны терең білуі көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет