Бөж тақырып №5: Дигибридтік және полигибридтік будандастыру Негізгі сұрақтар: Ажыраудың статистикалық сипаты. Генетикалық рекомбинация. «Гаметалар тазалығы»



Дата26.11.2023
өлшемі19,88 Kb.
#128328
түріКонспект
Байланысты:
БӨЖ Тақырып 5 Генетика


БӨЖ Тақырып №5: Дигибридтік және полигибридтік будандастыру
БӨЖ Тақырып №5: Дигибридтік және полигибридтік будандастыру
Негізгі сұрақтар:Ажыраудың статистикалық сипаты. Генетикалық рекомбинация. «Гаметалар тазалығы». Пенетранттылық және экспрессивтілік.
Тапсырма: конспект

Əртүрлі объектілерде сан алуан белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары зерттелді. Тұқым қуалау механизмдері Мендель заңдарына толық сəйкес келгенімен, кейде ажырау кезінде фенотиптік кластардың сандық арақатынасы өзгеріп басқаша болып шығады. Ажырау кезінде əдеттегі сандық қатынастардың ауытқу оның пайда болу себептері:


Əдеттегі сандық қатынастардың ажырау кезінде статистикалық себептерден
Ауытқуы белгілердің ажырау заңдылығын қамтамасыз ететін механизм гаметалардың түзілуі кезінде гомологты хромосомалардың жəне соған тудыратын мейоз үдеріс болып есептеледі. Гаметалардың гаплоидты хромосомаларында орналасқан əр геннің бір-бірден аллельдері болады. Сонымен, ажырау үдеріс га- плоидты гаметаларда хромосомалар мен гендер деңгейінде жүзеге асады. Ал белгілердің ажырауының талдауы диплоидты ағзалар деңгейінде жүргізіледі. Бұл екі аралықта гаметаларға, ұрықтанудан пайда болған зиготаларға жəне жаңадан дамып келе жатқан ағзаға бір-біріне тəуелсіз көптеген жағдайлар əсер етеді. Ол жағдайлар ажырайтын белгілердің көріну мүмкіндігіне статистикалық сипатта болады. Сондықтан белгілердің ажырауына талдау жасаған кезде арнайы математикалық əдістер қолдану керек болады. Ықтималдылық теориясы бойынша тəжірибеде алынған нақты мəліметтің, теория жүзінде күтілген мəліметтен ауытқуы көбінесе зерттеу материалының аздығынан немесе кездейсоқ басқа да себептердің əсерінен болады деп есептелінеді. Демек, математика- лық
əдістерді қолдану арқылы тəжірибеде алынған нақты ажыраулардың теория жүзінде болады деп есептелетін ажыраулардан (мысалы, 3:1, 1:1, 9:3:3:1 т.с.с.) ауытқуы кездейсоқтықтан болған жоқ па деген сұраққа жауап алуға болады.Белгілердің ажырауын аз санды будан ағзалардан анықтаса, онда тəжірибеде алынған қатынастардың теорияда күтілетін қатынастан үлкен айырмашылығы болады.. Тəжірибелерде алынған ажыраулардың теорияда күтілген ажыраулардан əруақытта айырмашылығы болады. Осы екі ажырауды бір-біріне жақындастырудың ең басты тəсілі – ол тəжірибеде талдау жасалатын дарабастар санының көп болуы. Талдау жасалатын ұрпақтағы дарабастардың саны неғұрлым аз болса, ауытқудың мөлшері де соғұрлым көп болады.
Генетикалық рекомбинация — бір торшаны екі түрлі вируспен зақымдағанда болатын будандасу. Генетикалық рекомбинация нәтижесінде аналық вирустарда жоқ мәліметтер жинағы жазылған ұрпақ геном пайда болады. Вирустарда бұл байланыс екі түрлі әдіспен өтеді: молекулалар алмасуы және ген алмасуы. Молекула алмасуда нуклеин қышқылының бөлшектері алмасады, мұнда ковалентті байланыс үзілмейді (мысалы,. грипп вирусындағы РНҚ үзінділерінің алмасуы).
Гаметалар тазалығы ережесі. Бірінші буында алынатын будандардың біркелкі болуы мен екінші буын ұрпақтарында белгілердің ажырау құбылысын түсіндіру үшін, Мендель гамета тазалығы болжамын ұсынды. Оның мәні-организмнің кез келген белгі-қасиетінің дамуын тұқым қуалау факторы, яғни ген анықтайды. Мысалы, раушангүлдің қызыл гүлділері мен ақ гүлділерін алып будандастырғанда, бірінші будандық ұрпақтың барлығы қызыл гүлді болған. Ол бірінші будан ұрпақта қызыл гүлді өсімдіктің доминатты ``А`` гені бар гаметасы мен ақ гүлдінің рецессивті ``а`` гені бар гаметаларының қосылуының нәтижесі болып есептеледі.Сондықтан олардың генотипінде гүлдің қызыл түсін де, ақ түсін де анықтайтын гендер болады.Бірақ қызыл түстің гені доминатты болғандықтан, бірінші ұрпақтың барлығы да қызыл гүлді болады. 
Пенетранттылық сыртқы ортаға, атап айтқанда температураға байланысты геннің көрінуін пенетранттылық деп атаймыз.
(белгінің жарыққа шығу мүмкіндігін көрсететін сандық көрсеткіш)
Экспрессивтілік – гендердің көрініс беру дәрежесін көрсететін сапалық көрсеткіш.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет