ҚО бойынша оқушылардың білімін бағалау үшін Google пішіндерін пайдалану



бет1/3
Дата18.04.2023
өлшемі261,67 Kb.
#83669
  1   2   3
Байланысты:
Практическое занятие 3-1674793201908


Практикалық жұмыс №3
ҚО бойынша оқушылардың білімін бағалау үшін Google пішіндерін пайдалану

Google пішіндері — Google қызметтері желісіндегі тағы бір керемет құрал, оны Google есептік жазбасы бар кез келген адам пайдалана алады.
Қызмет интерфейсі Google Кесте немесе Google Құжатқа өте ұқсас. Осы қолданбалардың кез келгенімен бұрын жұмыс істеген адамға, Google Forms-ті меңгеруде қиындықтар болмайды.


Google пішіндерінің мүмкіндіктері
Google пішін құралдарының мүмкіндіктері өте кең.
Google пішіндері мыналар үшін пайдаланылады:
Пішін арқылы бос орындар мен тест тапсырмаларына жауаптар алуға ыңғайлы. Бір жақсысы, жауаптарды қабылдауды реттеуге болады өшіре алуға не уақыт қосуға, жауап қабылдауды тоқтатуға, тапсырманы уақытында тапсыруға үлгермегендер сізді алаңдатпайды.
Сауалнамалар мен зерттеулер жүргізу үшін сервисті қолданудың ең тиімді бағыттарының бірі. Кез-келген салада әсіресе нарықты осылайша зерттеу ыңғайлы. Неліктен бұл идея халыққа қызықты болды немесе қызық емес деп болжауға болады. Ол үшін сауалнама құрып әлеуметтік желіге сілтеме жіберуге болады.
Іс-шаралар өткізу. Мысалы, сіз қызметті вебинарларды ұйымдастыруға арналған басқа құралдарға балама ретінде пайдалана аласыз және оған қатысушыларды тіркей аласыз.

Пікірлерді жинау. Еркін формадағы шолуды жазу әрқашан қиын және уақыт жұмсауды қажет етеді. Бірақ дайын сұрақтарға 5 минут бөліп жауап беру - неге жоқ. Тіпті не сұралатыны қызық та болады.
Білімді тексеру. Google Forms-ті пайдаланып емтихан, тест, мониторинг басқа да түрлі тапсырмаларды әзірлеп еш шығынсыз білімді тексеруге болады. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған: дұрыс жауаптарды, әр сұраққа ұпай санын көрсетуге, суреті бар тапсырмаларды тіпті арнайы қондырма арқылы тест тапсыру уақытын шектеуге болады т.б
Абоненттер туралы ақпарат жинау. Ақпараттық бюллетеньге жазылу пішіні әдетте көбірек контактілерді жинау үшін ең аз деректерді сұрайды. Дегенмен, кейінірек тұтынушыларды сегменттеу үшін олар туралы көбірек деректерді табуға тырысуға болады. Бұл жерде Google Forms пайдалы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет