Генетика пәні, міндеттері және әдістері. Тұқым қуалау, анықтамасы. Г. Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары, оның цитологиялық негіздері



бет1/14
Дата04.09.2022
өлшемі133,88 Kb.
#38426
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Генетика пәні


  1. Генетика пәні, міндеттері және әдістері. Тұқым қуалау, анықтамасы. Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары, оның цитологиялық негіздері.

Генетика – тұқымқуалаушылық және өзгергіштік туралы ғылым. «Генетика» терминін ғылымға 1906 жылы ағылшын ғалымы У. Бэтсон енгізген.
Генетика пәні-тірі ағзадағы гендердің тұқым қуалаушылығының материалдық негіздерін молекулалық-генетикалық, субжасушалық, жасушалық, ағзалық және популяциялық-түрлік деңгейде зерттеу.
Генетиканың міндеттері:
1) генетикалық ақпараттың сақталу жолдарын зерттеу (вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жануарлар және адамдардағы);
2) тұқым қуалау ақпаратының ағзаларлармен жасушалардың бір ұрпағынан келесіне берілу жолдарын талдау;
3) онтогенез үрдісінде генетикалық ақпараттың іске асырылу механизмдері мен заңдылықтарын және оларға тіршілік ету ортасының әсерін анықтау;
4) өзгергіштік заңдылықтары мен механизмдері және оның ағзаның бейімделімен эволюциялық үрдістегі рөлін зерттеу;
5) бұзылған генетикалық ақпаратты түзету әдістерін қарастыру.
Адам генетикасы және медициналық генетикада генеалогиялық, цитогенетикалық, биохимиялық, иммунологиялық, иммуногенетикалық зерттеу әдістері, сонымен бірге адам геномын молекулалық-генетикалық талдау әдістері қолданылады.
Тұқымқуалаушылық – тұқым қуалау ақпаратын сақтайтын, екі еселейтін және ұрпақтар ұрпаққа берілуін қамтамасыз ететін барлық ағзаларға тән жалпы қасиет.
Өзгергiштiк - бұл тiрi ағзалардың орта факторларының әсерінен жаңа белгiлерге ие болу қасиеті.
Тұқым қуалау түсінігі белгілі биологиялық түр дараларының жеке белгілерінің структуралық-функциональдық құрылымдарының келесі ұрпаққа берілу процесін түсіндіреді. Тұқым қуалау – бұл тұқымқуалаушылықтың сыртқы көрінісі, тұқымқуалаушылықтың механизмдері тұқым қуалаудың ережелерін (заңдылықтарын) анықтайды.
Тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтарын 1865 жылы Грегор Мендель ашты.
Мендель зерттеуге көптеген альтернативті белгілерімен ажыратылатын асбұршағының даралрын зерттеу объектісі ретінде қолданды.
Сары және жасыл дәндері бар асбұршақ іріктемелерін шағылыстырғанда барлық ұрпақтың (бірінші ұрпақ гибридтерінің) дәндері сары түспен болды. Бұл жағдайда аналық және аталық өсімдіктер дәндерінің түстері қандай болғаны рөлі болмады. Осы байқалған заңдылық бірінші ұрпақтың біркелкілік ережесі деп аталды. Бірінші ұрпақта байқалған белгіні – доминантты, ал көрінбегенін – рецессивті деп деп аталды.
Бірінші ұрпақтың біркелкілігі ережесін, жалпы түрде былайша айтуға болады: бірі бірінен бір жұп альтернативті белгілері бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды шағылыстырғанда, бірінші ұрпақтың бәрі фенотипі де және генотипі де бойынша біркелкі болады.
Бірінші ұрпақ гибридтерін өзара шағылыстырғанда екінші ұрпақта доминантты және рецессивті белгілері бар даралар пайда болып, белгілер генотипі 1 : 2 : 1, ал фенотипі бойынша 3 : 1 немесе даралардың 75 % доминантты белгілермен, ал 25 % - рецессивтімен үшінболды (сызба 2). Бұл заңдылық Мендельдің екінші ережесі немесе ажырау ережесі деп аталды.
Мендельдің екінші ережесі: бір жұп альтернативті белгілері бойынша талданатын екі гетерозиготалыдараларды (немесеF1гибридтерін) өзара шағылыстырғанда, ұрпақтарында фенотипі бойынша 3:1 және генотипі - 1:2:1 ажырау байқалады.
Полигибридті шағылыстыруда ата-аналық организм бірнеше белгілері бойынша талданады. Полигибридті шағылыстырудың мысалына дигибридті, екі жұп белгілермен ажыратылатын ата-аналық организмдердің шағылыстыруын алуға болады.
Тәжірибеге бастапқы форма ретінде сары тегіс (ААВВ) және жасыл кедір-бұдыр (аавв) дәндері бар өсімдіктер алынған болатын, екінші ұрпақта бастапқы формаларға ұқсайтын белгілер жиынтығы бар даралармен қатар, сары кедір–бұдыр (Аавв) және жасыл тегіс (аавв) жаңа комбинациялар пайда болды. Мендель дәндердің формасы түстеріне тәуелсіз тұқым қуалайтыны туралы тұжырым жасады. Бұл заңдылық Мендельдің үшінші ережесі, немесе белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау (комбинациялану) ережесі деп аталды. Оның айтылуы төмендегідей: екі (немесе одан да көп) жұп альтернативті белгілерімен ажыратылатын гомозиготалы даралар шағылыстырылатын болса F1 – барлығы фенотипі және генотипі біркелкі болады. F1 дараларын өзара шағылыстырғанда (инбридгінде), екінші ұрпақта (F2)белгілердің тәуелсіз комбинациялануы байқалады,сол себептен әкелік-аналық және аталық –әжелік дараларға ұқсамайтын бклгілер жиынтығы бар гибридтік формалар пайда болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет