Бөж тапсырмасы Заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияларды сондай-ақ қонақ үй және мейрамхана бизнесінде брондау және резервтеу жүйесінде сандық технологияларды қолдану. ТҚИҰ 20-02



Дата04.11.2022
өлшемі13,74 Kb.
#47455

Бөж тапсырмасы
Заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияларды сондай-ақ қонақ үй және мейрамхана бизнесінде брондау және резервтеу жүйесінде сандық технологияларды қолдану .
ТҚИҰ 20-02 Орындаған : Темирова Юлдуз
Қабылдауды ұйымдастыру технологиясы және қонақтарды орналастыру қызметі
Қызмет көрсетудегі операциялық процесс және қабылдау қызметі және орналастыру функциясы. Қонақүйде қонақтарға қызмет көрсету процесін мынадай категорияларда қарастырамыз
- қонақ үйге алдын-ала тапсырыс беру (брондау);
- қабылдау, қонақтарды тіркеу;
- қонақтарға тамақты жеткізу қызметі (номерді тазалау);
- қонақтарға қосымша жеткізу қызметтері;
- соңғы есептеу және саясатты безендіру.
Қонақ үйге алдын-ала тапсырыс беру
Бөлім меңгерушісін брондау немесе қабылдау қызметі
Брондауға арыз. Төлемге кепілдеме.
Шотқа тіркеуден бастап кіреді. Администрацияны орнықтыру
Орындағы алдын-ала тапсырыс беру, орналасуға тіркеу, тұрғаны және көрсетілген қызмет бойынша шот, кассир және төл құжатты дайындаушы яғни «Reception».Қабылдау қызметінің функциясы және орналастыру. Қабылдау қызметі және орналастыру қонақтардың қонақ үй жайлы ең бірінші әсер қалдыратын жағдайлары.
Қабылдау қызметі функцияларының негізгілері: қонақ үйдегі брондау, туристерді тіркеу және орналастыру, әр түрлі ақпараттарды дер кезінде жеткізіп отыру.Көп қонақ үйлерде қабылдау қызметі жұмысшылары 24 сағаттан азанғы 9 сағат арасында жұмыс істейді. Администратор жұмысын бастамас бұрын, журналды бір көріп шығу керек. Бұл журналда смен кезіндегі жағдайлар, қонақтардың қалаулары т.б. жағдайлар көрсетіледі. Сонымен қатар, жұмыс алдын бос орындармен тәулікте келіп түскен арыздар туралы ақпараттармен танысу керек.
Кассир. Өз уақытындағы төлемдерді, қызметтен түскен төлемдерді т.б. жағдайларды бақылап, бухгалтерияға тапсырып отырады. Паспорт саласының қызметшілері құжаттарды тексеріп, регистрацияда дұрыс орналасуын қадағалайды.
Брондау — қонақ үйдегі номерлерге және жергілікті жерге алыдн-ала тапсырыс беру. Номерлерді брондау қызметін бөлім менеджерлері немесе қабылдау қызметі және орналастыру бөлімі айналысады. Яғни осы бөлімшелерге клиенттерден брондау туралы арыздар түсіп отырады. Көп жылдық қонақ үйде қызмет еткендер ойын-сауық жоспарларын жақсы ұйымдастыра алады. Оларға: спорттық жарыстар, сьездер, фестивальдер және т.б. Іс-шара өткізу кезінде қонақ үй орындарына сұраныс өсе түседі.
Екі жақты брондау — бұл қонақ үйде бір мезгілде екі клиентке бір датада бірдей қызмет көрсету. Мұндай жолды таңдаған қонақ үй тәуекелге барады. Егер екі клиент бірдей келсе, қалай болады? Әрине, бұл жерде бір клиент алдын-ала тапсырыс бергенін арызбен кешіктіреді немесе келіскен күні келмей қалады. Онда тәуекелге бұған шешімін табады. Бірақ, егер екі клиент қонақ үйге бірдей келіп қалды, онда орынды бірінші келген адам иеленеді. Екінші клиентті қанағаттандыратын әртүрлі жолдар бар, яғни екі жақты брондау қызметін пайдалану. Мынандай жағдай кездескенде, яғни бір мезгілде екі клиент келі немесе турист алдын-ала брондау қызметін жасамаса, ал қонақ үйде орын жоқ болса, фирмамен байланысқа шығып, тұрғын үйлерді жалға алып, қонақ үйге жақын етіп орналастырылады. Кейде брондау бөлімі клиентке брондау қызметін басқа қонақ үйге жіберуі мүмкін. Бұл кезде қонақ үйді ауыстыру жөнінде міндетті түрде клиентке ескертіп, келісімін алу қажет.
Компьютер көмегімен брондаудың екі варианты бар: отельдің жеке интернет — страницасы болады немесе интернет — брондау жүйесінің мүшесі болады. Осы жүйеде брондау келесі түрде болады: клиент WEB-сайт жүйесіне кіріп, интернет — брондау және брондау ережелерімен танысады. Ары қарай ол қонақ үйді таңдайды. Бос орындардың берілгеніне көз жеткізген клиент міндетті ақпараттық жерді толтырып, тапсырысты e-mail жүйесі арқылы тапсырысты жібереді.
Брондауға кепілдеме — бұл қонақ үйдің арнайы бекітілмесін брондалған, клиенттерге номерлерді тапсырыс бергендегі кепілдеме ету. Бұл бекітпен әсіресе қонақтардың қонақ үйге кешігіп келуде қажетті. Мұндай жағдайда номер қонақ келгенше бос тұрады. Кепілдеме резерві қонақ өзінің келмейтінін біліп, яғни номерді пайдалана алмағанда брондау күшін жоюға тырысады. Онда қонақ үй номердің бос екенін нақты анықтайды. Кепілдеме формасында басқа депозитті (аванстың) төлем болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда (мысалы, демалу кезеңінде) қонақ үйге келмегені үшін, ол қонақ үй сол келмеген мерзімі бойынша аванс алуға құқығы бар. Төлем туристік группаны орналастыруды талап етіледі
Тіркеу тәртібі және қонақтарды орналастыру
Операциялық процестің келесі бөлімі — жайғастыру-кездесулерден, тіркеулерден, кілтті беру және номерге дейін апарып салудан тұрады. Кездесудің екі түрі болады:
1) Аэропортта немесе вокзалда күтіп алу (алыс жер);
2) Қонақ үй алдында немесе вестибюлде (қонақ үй холы) күтіп алу (жақын жер).
Алыс жерден қонақтарды қарсы алу келген қонақтарды қонақ үймен таныстыруға, қызмет көрсету программасын құруға, қонақ үйдегі қызмет көрсету туралы айтуға мүмкіндік береді. Мұндай кездесуде брондау қызметін келіседі. Жоғарғы кластағы қонақ үйде қонақтарды алдымен сәлемімен бірге Швейцар күтіп алады. Ірі емес қонақ үйлерде қонақтар ең алдымен оларды сәлеммен күтіп алатын администраторға яғни қабылдау және орналастыру бөліміне келеді. Егер клиент қонақ үйге бірінші рет келіп тұрмаса, онда мейлінше администратордың атымен атаған дұрыс. Бұл оң әсер қалдырады.
Туристік топты тіркеу ерекшеліктері
Алдын-ала берілген тапсырыс номерге орналасуға дайындықты администратор қызметін жоспарлауға көмектеседі. Топтың келер алдын администратор дайындық картасын және орналасу номерін (брондау картасы) толтырады.
Туристік топты орналастырар алдын топтың жетекшісі администраторға туристік фирма атынан хабарлап, жібіреді (құжат, туристік топтың қонақ үйде тұруға құқықты растайтын құжат және кепілдеме, төлемі төленгені туралы) және құжатқа сәйкес топ тізімін жібереді. Администратор топ үшін брондалған комнатаның номерін хабарлайды. Әдетте, топтағы туристер екі орынды номерге жайғасады, тек жетекшіге ғана бір орынды номер ұсынылады. Барлық туристер анкета толтырып, графада келудегі мақсаты — туризм деп көрсетеді.

Администратор әрбір қонаққа визиттік карта жазады. Туристік фирмалар туристке путевкамен бірге багажға номер жарлықтарын (ярлык) береді. Жарлықтағы номер топтағы туристердің қатар санымен сәйкестендіріліп, топ жетекшісінде болады. Топтағы тізім номерімен багаж номерін салыстырған жүк тасушы турситердің комнатасының номерін анықтап, жүктерді сонда апарады.


Шетел туристерін тіркеу ерекшеліктері
Әр ел кірерде виза талап етеді. Виза — бұл арнайы кіру-шығу құқығына рұқсаттама, басқа территорияда тұру немесе транзитті жол шегу. Рұқсаттама құжатта енемесе жеке құжатта (мысалы, туристік топ визасы) жазылып қойылады. Визалар болады:
Ақпарат-коммуникация технологияы (АКТ, ағылш. Information and communications technology, ICT) — бірыңғай байланыстың рөліне негізделген ақпарат технологиясының (АТ) кеңейтілген термині; ол телекоммуникация (телефон желісі, сымсыз сигналдар) мен компьютердің интеграциясы, әрі қолданушыларға ақпараттық қолжетімділік, сақтау, тасымалдау және тізгіндеу мүмкіндігін беретін қажетті корпоративтік бағдарламалар, аралық бағдарламалар, сақтау және аудиовизуалды жүйелер.
- бір реттік және көп реттік (одноразовые и многоразовые);
- жеке және топтық;
- студенттік;
- кіру, шығу, транзитті және т.б.
Келуші адамдар басқа елге келгенде үш күннің ішінде мереке күндер және демалыс күндерді қоспағанда құжаттарын тіркеуден өткізуге міндетті. Қонақ үй шетел азаматтарын өздігінше тіркеу үшін, халықаралық туристік іс-әрекеттен лицензия алу керек. Тіркеу кезінде администратор визаның өтелу мерзіміне мұқият қарап, визаға қонақтың тіркеу номерін, қонақ үйдің атын және тіркену күнін жазып қояды. Кейбір қонақ үйлерде шетел азаматтары анкета толтырмайды.
Тұрғындармен есептесу түрлері
Қонақ үйлерде есептесудің екі түрі қолданылады. Қолма-қол және қолма-қолсыз (қонақ үй шотына ақша аудару). Жоғарғы класты отельдерде қолма-қолсыз шотты кредит карталары арқылы қабылдайды. Оны жеке туристер төлейді. Брондауға өтініш жасалғанда кредиттік карта номері, төлем жүйесінің аты және өтелу мерзімі көрсетіледі. Пластикалық карталардың көмегімен төлеу үшін қонақ үйде арнайы импринтер немесе электронды терминал болу керек.
Кредиттік карта — пластиктік карта немесе пластина клиенттердің банктен немесе басқа да кредит-финанстық орындардан алған тауарлармен қызметтерді кредитке алу. Онда иегердің аты, қолының көшірмесі, өзіндік номері және карточканың өтелу мерзімі көрсетілген. Кредитті төлем кезінде қонақ үйдің кассиры карточканың дұрыстығын, ішіндегі ақшанығ көлемін тексереді.
Ақпараттық технологиялар ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен техникалар. Ақпарат ағындарын анықтайтын, коммуникаторлар мен рецепиенттер әрекеттерінің мақсаттары мен тәсілдерін, қарым-қатынас стилін, басқа да ақпараттық іс- әрекеттер параметрлерін айқындайтын жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: шешім қабылдау, сайлау кампанияларын жүргізу, халықаралық және ішкі саяси дағдарыстарды реттеу және т.б.
Ақпараттық технологиялардың мазмұны, көп жағдайда, оның ақпарат нарығындағы әрекетінің стратегиясы мен тактикасына байланысты. Ең негізгілері ретінде мемлекеттің ақпараттық әрекеттеріне және оның органдарының, басқару бөлімдерінің жұмысына сапалық шектеу қоятын төмендегідей ұстанымдарды атауға болады:
мемлекеттің алға қойған мақсаттарына халықтың жаппай бұқаралық қолдау көрсетуі және оларды жүзеге асыруда жұртшылықты жұмылдыру ("талаптандыру", "сезімді ояту" стратегиясы);
оны орындауға аса күш жұмылдырмай-ақ, қандай да бір мәселенің шешімін қабылдауда ұстанған өз ұстанымы жайынан қоғамды хабардар ету ("қоғаммен байланысты үзбеу" стратегиясы);
бағыныңқы төменгі құрылымдарға және басқару органдарына қызметтік тұрғыдағы шешімдерді жүзеге асыру үшін арнайы нұсқауларды тарату ("қызметтік" стратегия);
қабылданған және жүзеге асырылып жатқан шешімдерді бақылау ("бақылау" стратегиясы);
қандай да бір әлеуметтік мәселелерді талқылауда мемлекеттік, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер белсенділігін үйлестіру ("күштер тепе-теңдігі" стратегиясы);
саяси тәртіп және басқару түрінің жағымды бейнесін қалыптастыру, соған сәйкес оппозицияның сыны ("имидж қалыптастыру" стратегиясы);
қоғамдық пікірді тәртіпке қолайсыз әлеуметтік мәселелерді талқылауға барғызбай, көңілін аулау ("назарын басқаға аудару" стратегиясы).
Ӏс жүзінде мемлекет қызметіне ақпараттық стратегиялар және олармен байланысты техникалық міндеттер кедергі туғызуы да мүмкін.
Қорытынды
Сонымен қонақ уйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру ең маңызды қағидалары болып келеді. Қызмет көрсетуді тиімді ұйымдастыру келген қонақтардың қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Бірінші көрсетілетін қызметтерге қанағаттанған туристер басқа да қызметтерді тұтынуға қызығушылық танытады. Яғни келген туристерді дұрыс қарс алып дурыс түрде шығарып салуы қонақ уйлердің имеджін қалыптастыруға өз септігін тигізеді.
Қызметтер дайын, біткен формада болмайды, ол тұтынушымен атқарушы арасыдағы қызметтер жағдайында қалыптасады. Өндіру процесі және қонақ үй қызметтерін тұтыну қонақ келгеннен бастап, кеткенше жүріп отырады. Қонақ үйде қонаққа персоналдар мейрамханаларда, номерде, қонақ үй кәсібінің барлық жерінде қызмет көрсетіп, байланыс орнатып отырады


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет