Тақырыбы: «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» Фанфары. Сахнаға жүргізушілер шығады. І- жүргізуші. Саметов Даулетбай Армысыздар қадірменді халайық
Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп
Баршаңызға сәлем бердік халайық!
Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңызға бақыт еңбекке табыс тілейміз! Бүгін бізде мерекелі қуанышты күн, себебі бүгін «Студент қатарына қабылдау» күні!
ІІ – жүргізуші. Ельнара Ержанқызы Добрый день дорогие учащиеся, уважаемые преподаватели и наши гости. Мы рады приветствовать вас сегодня в нашем актовом зале на празднике посвящения в студенты! Ваше присутствие говорит о том, что вы выбрали именно наш колледж!
Дорогие первокурсники! Сегодня для вас особый, незабываемый день, который повлечет Вас шаг за шагом в неведомый для Вас мир – мир милосердия, добра.
Здесь теперь твоя обитель,
здесь теперь твоя семья.
В нашем славном дружном доме
Вас приветствуем, друзья!
І- жүргізуші. Саметов Даулетбай 1-ші курста аузын ашып, семинарда пардан қашып, лекцияда секіріп, сессияда жүгіріп, емтиханда жылап, кітаптарға құлап, сынақтарда жығылып, каникулда қыдырып, колледждің ауасын жұтып жүрген студенттерге жалынды сәлем! «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер!
ІІ – жүргізуші. Ельнара Ержанқызы - Я шынымен де студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес.Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу!
Әрине, әр студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы қажет!
І- жүргізуші. Саметов Даулетбай - Ендеше біз бүгінгі мерекелік кешіміздің көңілді шымылдығын ашуға 3ЗОО-3 тобының студенті Манапов Заңғарды «Студенттік өмір» әнімен ортаға шақырамыз!
ІІ – жүргізуші. Ельнара Ержанқызы Ажырамай колледжден бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз