Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
БӨЖ(1)
Орындаған: Мерекенов Б. ( ФҚТ-31)
ТЕКСЕРГЕН: Абилхамитқызы Р.
2019-2020 оқу жылы
Тақырыбы: Майқы би мен Аяз би
Майқы би (12—13 ғғ.) — атақты би, суырып салма ақын.
Энциклопедиялық әдебиеттерде оны «Майқы би», «Байқы», «Байқу» деп те атайды.
Әкесі — Ман. Майқы жастайынан ақсақ болды. Сондықтан да болар Майқы атанғаны және оның 18-атасының да есімі Майқы болған. Шыңғыс ханның замандасы әрі кеңесшісі. Ел оны ең беделді адам, әулие деп те атаған, себебі, ол ел тағдыры мен оқиғаларды болжай білген. Шыңғысханның ұлы Батысқа жорыққа аттанған кезде әскерінің оң қанатын сеніп тапсыратын болған. Абай Майқы биді 12 бидің санатына қосқан, сонымен бірге ол 1206 жылы Шыңғыс хан моңғолдардың ханы болып сайланған кезде құттықтауға барған 12 ханның бірі көрінеді.
Аңыздар бойынша, ноғайлықтар көшіп, Орманбет би қайтыс болған соң, Майқы би қазақтарды үш жүзге бөлген екен. «Жүз» деген сөз араб тілінен аударғанда «бөлім» деген мағынаны білдіреді. Үйсіндерді «Ұлы жүз», Қабанүлы Болатқажы бастаған бөлікті «Орта жүз», Алшын бастаған бөлікті «Кіші жүз» деп атады. Ноғай хандарының бірі — Ахметті (Алаша хан) үш жүздің ханы етіп сайлады. Бұл бірлестікке барлық 40 рудың өкілдері енген және әр бөлімге айырма белгісі берілді. Сірө, «Кіші жүзді найза беріп жауға қой, Орта жүзді калам беріп дауға қой, Ұлы жүзді таяқ беріп малға қой» деген мәтел сол кезде шықса керек. Сондай-ақ, барлық 40 рудың өкілдеріне де өзіндік айырма белгілері берілген. Үйсіндерге — «жалау», арғындарға — «көз»… Олар (таңбалар) тасқа қашалып салынды. Бұл тастар тарихта «Майқы таңбасы» (Майқы белгілері) немесе «Нұра таңбасы» (Нүра белгілері) деген атпен қалды. Мүның соңғысы жердің атауына байланысты қойылған. Оның көп баласы болған. Ұзын және Қортық атты ұлдарына көңілі толмайтын. Сонда таңданған Майқы би: «Жаманнан жақсы туады дегенге сену қиын, бірақ жақсыдан да колынан іс келмейтін жамандар туатын жағдайлар кездеседі», — деген екен. Халық арасында Майқының бірқатар нақыл сөздері мен ой-толғамдары қалды. «Майқы би айтыпты» дейтін мақал, нақылға айналып кеткен сондай аталы сөздің кейбіреулері мыналар:
“ Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Ханның биі ақылды болса,
Қара жерден кеме жүргізеді.
Би екеу болса, дау төртеу болады.
Дауыл болмай жауын болмас,
Даулы болған қауым болмас.
Егіз ешкі сауын болмас,
Екі жалқау ауыл болмас.
Естіге айтқан тура сөз,
Шыңға тіккен тумен тең.
Есерге айтқан тура сөз,
Құмға сіңген сумен тең.
Ақиық қыран қартайса,
Жас жағалтайдан тепкі жейді.
Парақор биге ісің түспесін,
Сараң үйге кісің түспесін.
«Кімнен кім туады?» ”
деген сұраққа Майқы би былай деп жауап берген екен.
“ Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұнқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан мал бақпас туады,
Тілазардан қылжақбас туады,
Таздан жарғақбас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады. ”
Майқы би жүздер арасында болып жататын қызу айтыс-тартыстар мен дау-дамайларға да қатысып жүрген. Ол әрқашан халықтың шешендік сөздері мен мақал-мәтелдеріне сүйене сөйлеген. Ол халық бірлігін бәрінен де жоғары қойған. «Бірліксіз — тірлік жоқ» деген аталы сөз де Майқы бидің аузынан шыққан. Майқы бидің пікірінше, мемлекеттік бірлестіктер халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы бойынша басқарылуы тиіс. Ұмыт болған дәстүрлердің де өзіндік мән-мағынасы бар. Оны қазақтар ғана емес, татарлар, башқұрттар, қарақалпақтар, өзбектер де өз биіміз деп есептеген. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би» деген нақыл бар. Майқы би ұзақ ғұмыр сүріп, 120 жасында қайтыс болған.
Ежелгі шежіре бойынша екі Майқы би болған тәрізді. Белгілі жазушы Балғабек қыдырбек ұлы бұл жөнінде былыай жазады «Артына өлтірмейтін сөз қалдырған-сол 12 ғасырда өмір сүрген Майқы ма? Көне көздерден ата баба, жеті пұстыдан қалған шежірелерге келсек қазақта екі Майқы болғаны байқалады. Оны екіншісі осы мақаланың авторының өзімен санағанда 41 атасы, яғни Шыңғыс заманындағы билік құрған Майқы. Егер біздің қолымыздағы атадан балаға мұра болып, дүниедегі ең ардақты құжаттай құрметтеліп рыжатталып келе жатқан әулет шежіресін тілге тиек етер болсақ 12 ғасырда жасаған Майқы өзін ұлы жүз санайтын біраз қазақтың атасы. Жалманбет ақ үйсін, жарықшақ қара үйсін, түркештің сары үйсін әкесі, Бәйдібектің атасы.
Майқы би айтыпты дейтін, ел есінде сақталып, мақал, нақылға айналып кеткен аталы сөздерден адамгершілік, ар-намыс, ел бірлігін сақтау самалы есіп тұрады. Ондай ойлы, сары алтындай салмақты сөздердің көбісі өз тұсындағы хандарға, би, бектерге, бағыштай айтылғаны да аңғарылады. Сондай нақылдардың ел аузынан хатқа түскені мыналар:
Дауыл болмай жауын болмас,
Даулы болған қауым болмас.
Егіз ешкі сауын болмас,
Екі жалқау ауыл болмас.
Би екеу болса, дау төртеу болады.
Естіге айтқан тура сөз,
Шыңға тіккен тумен тең.
Езге айтқан тура сөз,
Құмға сіңген сумен тең.
Жаман еркек жар қадірін білмес,
Жайсыз әйел ер қадірін білмес.
Жалқау адам тер қадірін білмес,
Жетесіз жігіт ел қадірін білмес.
Аспан ашық болса,
Күн шуақты болады.
Хан әділ болса,
Халық ынтымақты болады.
Хан – халықтың қазығы,
Қараша – ханның азығы.
Уәзіріне сырын алдырған хан – қақпанға түскен аң.
Хан борышы – жорықта ту көтеру.
Сарбаз борышы – туға еріп жан беру.
Таста тамыр жоқ, ханда бауыр жоқ.
Ақиық қыран қартайса,
Жас жағалтайдан тепкі жейді.
Халқыңды билеместен бұрын, өз ордаңды билеп ал.
Ордаңды жұмған жұдырықтай берік ұстасаң,
Халық ешқайда қашпайды.
Хан өздігінен өлім жазасын қолданбасын.
Өлім жазасын шешетін халықтың өзі болсын.
Хан қарашасыз болмас,
Дау арашасыз болмас.
Парақор биге ісің түспесін,
Сараң үйге кісің түспесін.
Асылдан - асыл туады, жалқаудан - масыл туады.
Мылжыңнан - езбе туады, қыдырмадан - кезбе туады.
АЯЗ БИ
Аяз би Жаманұлы – қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа «Аяз би» ертегісі һәм «Аяз би әлініңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі деректер бар. Майқы би Мән баласының шежіресін жазған Шапырашты Қазбек бек Тауасарұлы өзінің «Түп - тұқияннан өзіме дейін» дейтін кітабында Аяз бидің және оның серігі Құмырсқа батырды «Майқы би дәуірінде өмір сүрген, Майқы Мәнұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билер еді», - деп жазады. Сонда бұл дерек бойынша, Аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып, 800 жылы дүниеден өткен, Майқы Мәнұлының замандасы болып шығады. Ал зерттеуші Балтабай Адамбайұлының «Алтын сандық» атты кітабындағы шағын мәліметте Аяз би Хиуа хандығы дәуірінде өмір сүрген тарихи адам деп, оны XI - XII ғасырға жатқызады. Бұл – әлі тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселе.
Аяз бидің қандай би болғаны, адамгершілік қадір - қасиеті жөнінде қазақ энциклопедиясында былай жазылған: «Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Ол Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. Оған шөп жаманы – қоға, құс жаманы – сауысқан екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. Шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқарады. Аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін Мадан мойындап, халық қалап, оны хан етіп көтереді».
Майқы би өзінің төңірегіне ақылды, дана, би, шешендерді, батыр, балгер, көріпкел әулиелерді көп жинап, олармен ақылдасып отырады. Майқының Әндір, Мәді деген аспан әлемін, жұлдыздар сырын болжайтын білімпаздары болған. Олар аспанға, жұлдыздарға қарап, мал - шаруа жайын, егіншілікке қолайлы мерзімді күні бұрын болжап, халыққа пайдасын тигізеді. Ал Аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен. Аяз бидің Құмырсқа деген әрі би, әрі батыр жан серігі болыпты. Қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді. Ол екеуі Майқы бидің сілтеуімен қазылық құрып, көбінесе ел мен ел арасындағы елшілік, бітімгершілікпен айналысады. Сондықтан да Майқы би Аяз би мен Құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді. Ол екеуімен Майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі - жиі ақылдасып, ой - пікір алысып отырады. Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп, бағыт беріп жібереді екен. Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес - кестей беріпті, сонда Майқы би оларға былай депті:
Билер бүгін Майқының алдын кесесің,
Ертең жұрттың төбесін тесесің.
Майқының да айтатын кебі бар,
Айтуға аузының да ебі бар.
Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс,
Әзір сөзіме болма бұрыс,
Ақылым алжыған жоқ,
Ондайды болжағам жоқ,
Орынсыз ауыз ашсаң,
Екі би басарсың шоқ.
Аяз би әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл.
Ел арасында «Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» деген нақыл сөз содан қалса керек.
Қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға
айналып кеткен ақылгой абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа
“Аяз би” ертегі мен “Аяз биі әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл” дейтін қанатты
нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде
әртүрлі дерек бар. Майқы би Мән баласының шежіресін жазған Шапырашты
Қазыбек би Тауасарұлының өзінің “Түп –тұқияннан өзіме шейін” дейтін
кітабында Аяз биді және оның серігіҚұмырсқа батырды Майқы би дәуірінде
өмір сүрген Майқы Мәнұлының оң жағында
отыратын сенімді ақылгөй билері еді деп жазады.
Бұл дерек бойынша Аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып 800 жылы дүниеден өткен, Майқы Мәнұлының замандасы, тұстас боп шығады.
Зерттеуші
Балтабай Адамбайұлының
“Алтын сандық” атты ( 1989ж.)
кітабындағы дерек бойынша
Аяз би Хиуа хандығы
дәуірінде өмір сүрген
тарихи адам деп, оны
ХІ-ХІІ ғасырға
жатқызады.
Қазақ Совет Энциклопедиясында Аяз би жайлы жазылған мәліметте:
“Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқысында уәзір болады. Бұл үшін ол Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. Оған шөп жаманы – қоға, құс жаманы – сауысқан екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады.шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленеді, ханның күңшіл, ақылсық қырық уәзірін өлімнен құтқарады. Аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін
Мадан мойындап, халыққа қалап, оны
хан етіп көтереді”.
Майқы би өзінің төңірегіне ақылды, дана, би, шешендерді, батыр, балгер, көріпкел әулиелерді көп жинап, олармен ақылдасып отырады. Майқының Әндір, Мәді деген аспан әлемін, жұлдыздар сырын болжайтын білімпаздары болған.
Олар аспанға, жұлдыздарға қарап, мал-шаруа жайын, егіншілікке қолайлы мерзімді күні бұрын болжап, халыққа пайдасын тигізеді. Ал, Аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен.
Аяз бидің Құмырсқа деген әрі би, әрі батыр жан серігі болған. Қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді. Ол екеуі Майқы бидің сілтеуімен қазылық құрып, көбінесе ел мен ел арасында елшілік, бітімгершілікпен айналысады.
Сондықтан да Майқы би Аяз би мен Құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді екен. ол екеуімен Майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі-жиі ақылдасып, ой-пікір алысып отырады. Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап, түзеп, бағыт беріп жібереді екен.
Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес-кестей беріпті, сонда Майқы би оларға былай депті:
Билер бүгін Майқының алдын кесесің,
Ертең жұрттың төбесін тесесің.
Майқының да айтатын кебі бар,
Айтуға аузының да ебі бар.
Хан сөзінің қашан да бәрі дұрыс,
Әзір сөзімде болмас бұрыс.
Ақылым алжыған жоқ,
Ондайды болжағам жоқ,
Орынсыз ауыз ашшаң,
Екі би басарсың жоқ.
Аяз би әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл.
Ел арасында
“Аяз әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл”
деген нақыл сөз содан
қалса керек.
Пайдаланған әдебиет
1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
2.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
3. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN: 9965-17-272
4.Г.Қосымова « Шешендік өнердің негіздері» - Алматы ,2007
5. О.Жанайдаров, О.Күленұлы «Ежелгі Қазақстан әфсаналары» – Алматы,2008
Достарыңызбен бөлісу: |