Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қорқыт атаның кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның қанатты сөзге айналған нақыл сөзі мынадай: «Қар қалың жауса да, көктемге дейін қалмайды, жайқалып өскен көк майса күзге дейін қалмайды. Ескі мақта мата болмас, ескі жауың дос болмас. Сулар тарам-тарам болып, қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас. Қар қаншама қалың жауғанмен- жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек күзге бармас. Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас болмас. Қайыспас қара балтасыз жау алынбас. Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды».
Мазмұны
1. Қорқыт атаның тұрмыстық қажеттіліктерге
байланысты нақыл сөздері:
2. Қорқыт атаның ана туралы нақыл сөздері:
3. Тәлім-тәрбиеге байланысты қанатты сөздері:
4. Өмір мен өлім туралы қанатты сөздері:
5. Туған жер, елге арналған қанатты сөздері:
Қорқыт атаның тұрмыстық қажеттіліктерге байланысты нақыл сөздері:
Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ
несібесінен артығын жемес
Мыңғырған мал жиғанмен адам жомарт атанбас,
Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды