Жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану. Бекіту.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:разрядтан екі рет аттап өту арқылы үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдана алады.
Көптеген оқушылар: өрнектердің мәнін баған түрінде есептеп, дұрыстығын тексере алады.
Кейбір оқушылар: ұқсас тапсырмалар құрастыра алады.
Өткен тақырыпқа шолу: Үйге берілген оқу тапсырмасын тексеру.
Оқу материалын жариялау: «Ауызша жаттығу» және «Керме жіп» әдісі арқылы жүреді.
-Енді көбейту кестесін есімізге түсіріп, тапсырмларды орындасаңдар, керме жіпте жасырылған сөзді оқи аласыңдар.
4*9 5*7 72:9 6*8 63:9
8*7 54:9 4*8 48:6
- Керме жіпте қандай сөз шықты? (Жазушылар)
-Жазушылар деп кімдерді айтады?
-Қазақтан шыққан жазушыларды білесіңдер?
-Шетелдік қандай жазушыларды білесіңдер?
- Ендеше бүгінгі сабағымызда жазушылар туралы мәлімет алып, разрядтан екі рет аттап өту арқылы үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдануды бекітетін боламыз.
Оқу мақсаты жарияланады.
Ширату жаттығуларын жасайды.
Топтарға бірігеді.
Тапсырма тексертеді.
(Ұ, Д) 1- тапсырмада тақтамен жұмысжүзеге асады.
Біздің әрқайсымыз осы ұлы жазушылардың ертегілерін білеміз және жақсы көреміз.
1)Жауаптары бірдей өрнектерді табыңдар.
Сонда сендер осы ұлы жазушылар қай елде өмір сүріп, қандай ертегілер жазғанын білетін боласыңдар.
А)924:7= 528:4=501-369=497-365-Ганс-Дания-«Түймеқыз», «Су перісі»
Ә)29*9=87*3=185+76-Вильгельм-Германия-«Кішкентай Мук», «Ергежейлі Мұрын»
Б)486:3=54*3=527-365=98+64 =-Шарль-Франция-«Қызыл телпек», «Етік киген мысық».
3) Салыстыр.
450:3<920:4 990:9<990:3
690:3>750:5 840:2>840:4
360:2>360:3 90:5<90:2
4)Кестені пайдалана отырып, тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрыңдар.
720:2=120*3 850:5<125+635
565-326<450*2 1000-20=856+124