Бөлімі: Сауат ашу Тақырыбы: «Мм» дыбысы мен әріпі» Мақсаты



Дата06.01.2022
өлшемі16,03 Kb.
#12971
түріКонспект

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі


Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу
Тақырыбы: «Мм» дыбысы мен әріпі»
Мақсаты: М дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру.

Дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру


М дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайту Көрнекілігі: кеспе әріптер, таяқшалар, суреттер, дыбыстық талдауға арналған дөңгелектер,

Іс-әрекет кезеңдері

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Жылулық шеңбері:


- Сәлеметсіңдер ме балалар?
Қане, шеңбер бойына тұрып, бүгінгі күнмен сәлемдесейік.
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ шытқан не керек,
Көңілді боп жүрейік

-Рахмет балалар.


(Балалар шеңберге тұрып, өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасап айтады)
- Балалар, біз өткен оқу іс — әрекетінде қандай дыбыспен таныстық?

-Д дыбысымен


-Ол қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс
- Дауыссыз дыбысты қандай белгімен белгілейді?

-Көк белгімен


-Қандай сөздермен таныстық?
- Доп,домбыра,сандық, т. б.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең
— Жарайсыңдар балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақтың шешуін табамыз ба?
— иә
— Олай болса мұқият тыңдаңдар.
Мұртын сипап тілімен
Бетін сусыз жуады
Тышқанды аңдып түнімен
Көзі оттай жанады. (Мысық)
Дұрыс балалар.
Бүгінгі сабағымызда «М»дыбысы мен әріпімен танысамыз.
Мына суретте не көріп тұрсыңдар.Моншақ, мақта, мысық. машина
-Балалар машина қандай көлік түріне жатады?
-Жер көлігіне жатады
-Жарайсыңдыр.
-Мысық қандай жануар.Жабайы ма,әлде үй жануары ма?
-Үй жануары.
-Жарайсыңдар балалар, «мысық» сөзін буынға бөлейік. Мы — сық
- Неше буын бар?
- Екі буын бар
-Екі,енді неше дыбыс бар санайық М-ы-с-ы-қ 5 дыбыс 5+2=7дұрыс.
-«Мысық» деген сөзде «М» дыбысы сөздің қай жағында келіп тұр?
— Басында
— «М» дыбысы қандай дыбыс?
— «М» дыбысын атайықшы, қалай айтылып тұр?
— М…, М…, М…
1 — тапсырма: «М» дыбысы қалай айтылады.
«М» дыбысы дауыссыз дыбыс
— Жарайсыңдар балалар, сендер бәрін біледі екенсіңдер.
Дұрыс балалар, созылмайды, кедергіге ұшырап барып айтылады.
— «М» дыбысынан келетін қандай сөздер бар екен?
— Мұрат,Мадина, Мысық, маймыл, маса, мұз, машина, маска, мектеп
2 — тапсырма: «М» дыбысы неге ұқсайды?
Тио өркешіне қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп.
Әткеншекке қарашы,
Қай әріппе ұқсайды.
— М дыбысы неге ұқсайды екен?
— түйе өркешіне, әткеншекке ұқсайды

3 — тапсырма: «Сиқырлы сандық»


Әрбір суреттің атауынан «М» дыбысын тап және оның қай сөздің қай бөлігінде тұрғанына байланысты әрбір сөзді сандыққа сал. «М»дыбысы бар сөздің басында келсе, 1 — ші сандыққа саламыз. Сөздің ортасында келсе, 2 – ші сандыққа, сөздің соңында келсе, 3 — ші сандыққа саламыз.
Балалар тапсырмаларды орындайды.
Мысық — 1 — ші сандыққа
Кәмпит — 2 — ші сандыққа
Маса — 1 — ші сандыққа
Тамшы — 2 — ші сандыққа
Жүзім — 3 — ші сандыққа
Алмұрт — 2 — ші сандыққа салады.
— Дұрыс балалар, тапсырманы жақсы орындадыңдар.
4 — тапсырма:«М»әріпін жазуды үйренейік»
Олар бас әріп және кіші әріпке бөлінеді. Балаларға «М» әріпінің жазылу жолдарын ауада жазып көрсету. «М» әріпін ауада жазу.
— Ал, енді балалар, «М» әріпін мына таяқшалардан құрастырайықшы. («М» әріпін таяқшалардан құрастырады)
М –әрпінен жаңа буынмен танысамыз. М әрпі кедергіге ұшырап қиналып айтылатын болғасын ол қасына а-әрпін шақырады. ма буын пайда болады.
Сергіту сәті.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Көркем етіп жазайық.
Дәптермен жұмыс.
Қамшы,машина,қалам сөздерінде м –әрпі сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын сұрау .
Дәптердегі сөздерді таныстыра, оқыту.
1)алма,мата,шам.сөздерін тақтаға жазғызу..
2) Сурет бойынша сөйлем құрастыру.
Дәптерді ашып, «М» әріпін жазуды ұсыну.
(Балалар «М» әріпін дәптерге жазады)
«Сөз ойла, тез ойла» дидакактикалық ойыны
Ойын шарты:
Бүгінгі танысқан «М» дыбысына байланысты заттарға сөйлем құрап айту керек.
( «М» дыбысына келетін заттарға байланысты сөздер айтады)
— Қандай тапсырмалар орындадық, қандай дыбыспен таныстық?
-«М» дыбысымен
— «М» дыбысы қандай дыбыс?
— Дауыссыз дыбыс
— Дауыссыз дыбысты қандай белгімен белгілейді? — Көк белгімен
— Жарайсыңдар балалар, бәрің де тапсырманы орындап, тамаша жауап бердіңдер.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:
«М» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін, дыбысты айту барысында тамақтарында діріл пайда болатынын, оның үні бар дыбыс екенін;
Меңгереді: М əрпін дəптерге көркем жазады.
Игереді: «М» әрпін танып, көрсете білуді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет