Бөлімі: Сурет салу Тақырыбы: Қысқы көріністер Мақсаты



Дата15.12.2023
өлшемі13,91 Kb.
#139759

Білім беру саласы: «шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Қысқы көріністер
Мақсаты:көрініс, көкжиек, кеңістік туралы түсініктерін бекту, суретке байланысты жағымды көңіл күй туындату, мазмұнын нақты жасауды, қылқаламның толық ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен оңнан солға қарай бояуға дағдыландыру. Сурет салуда қылқаламмен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсіліне көңіл бөлу, жыл мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қыс көрінісінің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су.
Билингвальді компонент: пейзаж-пейзаж, көкжиек-горизонт, кеңістік-пространство, мамық-пух



Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Педагог Е.Елбаевтың «Қыс» туралы өлеңін оқиды.
Көкті бұлт тұмшалап,
Жер ақ тонын киеді
Шұнақ аяз шымшылап
Ақ бетінен сүйеді
Құлақтарын үсіктен
Шынықпаған қай бала?
Осы болар қыс деген,
Айтсақ жауап жай ғана.

Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар суретші қыс мезгілін салғанда қандай көріністі көз алдына елестетеді деп ойлайсыңдар? Суретшіге нені салуға болады?
Педагог сұрақ-жауап әдісімен тақырыпты ашады.
Сергіту сәті: (саусақ жаттығуы)
-Балалар ,бүгін біз қыс көрінісінің суретін саламыз. Көкжиек деген-жер мен аспанның қиылысқан жері.Бәріміз қағазымызды дайындап алып,ашық көк түспен қағаз бетін толық бояп аламыз, қылқаламның ұшымен,жеңіл сүйкей жағу тәсілімен,солдан оңға қарай дәптер бетінің орта тұсынан түзу сызық жүргіземіз.Бұл сызық көкжиек деп аталады, сызықтың жоғарғы бөлігі аспанды,төменгі бөлігі жерді бейнелейді. Төменгі бөлігіне ағаштар мен шыршаларды саламыз, ақ түспен ағаштар мен шыршалардың бұтақтарына жартылай жеңіл ізбен қар түскенін жүргіземіз,ал жерде аппақ түспен мамық қардың суретін саламыз.
Көкжиек сызығының жоғары бөлігіне бұлттарды,жауып тұрған қарды салып көреміз.

-Далада қар жауып тұр
Шыршаларды қар басқан.
Балалар шанамен сырғанап ойнап жүр.Қыс мезгілін сипаттайды.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Бояулармен жұмыс істейді,суреттің мазмұнын нақты беруге тырысады.


Балалар үлгі бойынша сурет салады.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар біз бүгін қандай сурет салдық? Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?Педагог балалардың жұмысына талдау жасайды.

Балалар салған суреттерін бәрі бірге бағалайды.



Күтілетін нәтиже:
жасайды: суреттің мазмұнын нақты бейнелеуді.
түсінеді: мазмұнды, пейзаж, көріністі сала білуді.
қолданады: қылқаламның толық ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен, оңнан солға қарай бояуды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет