Болып жатқан құбылыс пен



Дата06.01.2022
өлшемі36,61 Kb.
#12277
Байланысты:
очерк


Қазақ  әдебиетіндегі  очерк  жанрының  стилі  туралы  пікірлер  аз  десе  де болғандай.  Очерк  стиліұғымына  очеркистің тілі, сөйлем құрауы, мәнері,очерктік шығарманың композициясы, оқиға дамыту үрдістері, тақырып таңдау,  жанрлық  ерекшелік  т.б.  компоненттері кіреді. Очерктегі орталық  мәселе  идеялық  мазмұнға  келіп  тіреледі.  Идеялық  мазмұн  түр  болғанда,  түрдің  мазмұнға  сәйкес  болған  кезінде  ғана  өз  орнын  тауып,  түр  мен  мазмұн  бірлігі  туады.   Жазушы  көкейінде  туған идеяны  қалай жеткізу, оқырман санасезіміне  әсер  ету  жолдары, көздеген  мақсатты  орындаудағы  очеркистің  шеберлік әдістері, өзіне  ғана  тән шығармашылық ерекшеліктері  арқылы  жүзеге  асады.Очеркистің өзіндік ойы, өмірге көзқарасы, айналада болып жатқан құбылыс пен  оқиғаларға берген бағасы, оны сезіп-түюінен келіп өзіндік стильдік ерекшелігі туады. 

Стиль  туралы  М.Қаратаев:  «Стиль  атаулы  құбылыс  бір  заматта қалыптаспайды  және  бір  қалыпта  қатып-семіп  қалмайды,  ол  бірте -бірте  даму  процесінде  жетілетін  құбылыс.  Осылай  деп  білсек,  қазақ  әдебиетінде  стиль дауыныңтарихын  танытатынын  көреміз.  Стиль  талантты  да  тәжірбиелі  жазушының  табысы  десек,  дара  стиль  мен  стильдік  ағымдардың  көбеюі  кемелденген  көп  жанрлы  әдебиеттің  табысы»[5,10],-   дейді.  Очеркист  стилі, әрқайсысының өзіне тән мектебі, халық әдебиетін танып - білуі, бойына  сіңіруі,жазушы  -  ақындар  шығармаларын  білу,  зерттеу,  олардан  үйрену  арқылы қалыптасады   десек   қателеспеспіз.  Қазақ  очеркінің  өсіп  -  өркендеу  жолына  қарап  отырсақ  та,  жеке   жазушылар  шығармаларына  зер  салсақ  та  көңіл аударатын ортақ  жайт  –  бір жазушының бірнешеочерктерінде  қайталанып отыратын,  басқаларға  ұқсамайтын  өзіне  ғана  тән  ерекшелік  байқалады.Демек бұл жазушының стилін танудағы шешуші жағдай. 

Қазақ  очерктерін  оқып  отырғанда  мынадай  очерк  стиліне  тән  ерекшеліктер  айрықша көзге  түседі.  Оның  ең  біріншісі  –  сөйлемдердің  өте  қысқа, нақты  келіп  отыруы  жиікездеседі.  М.Әуезовте:  «Түн.  Тау  ішіндегі оқшау қыстау. Онда  жас  қозылар мал  қорада.  Алуа мен Назарбек  шам  алып  қораны  аралап  шықты.  Далада  ит  үреді. Назарбек  алаңдай  береді.  Иттер  тағы үреді» [6,223],-  деген сөйлемдер бар.Осындай нақпа нақ айтылған қарапайым сөйлемдер жазушы очерктерінде жиі кездесіп отырады. Автор мұндай сөйлемдерді  адамдардың  бір-бірімен  қарым -қатынасын,  мәліметтерді,  оқиғаларды  беруде  де  шеберлікпен пайдаланып отырған.  Б.Майлинде: «Күзгі аязды түн. Ауыл ұйқыда. Шеткі кішкене земенкеде сығырайған от көрінеді. Бұл  Беркімбайдың  үйі»  немесе  «Жолдас  Қожабай:  төрт  түлігі  сай,  ішкені қымыз, жегені май...» [7,149] деп байлыққа, сәнсалтанатқа үйренген Қожабайдың ерсі ісәрекеттерін  сырлы  юмормен  қысқа   жазады.  Ғабиден  Мұстафин очерктеріндегі  қысқа  жай  сөйлемдері  былай  болып  келеді:  «Тоғай.  Егін.  Шалғын...»  [8,334]  немесе  «Түн.  Қалың  орман.  Жер  үстінде  төбесі  томпайған блиндажды  қар  басып  қалған»  [8,360].  Бұдан  жазушының  өзіндік  сөз  өнерін  көреміз.  Бұл  екі  сөйлем  де  очерк  басында  әрекетті  бастамас  бұрын  очеркист табиғат суреттерін көрсетіп барып,бүкіл оқиғаны табиғат суретіне бағындыра отырып жазады. 

Қазақ очерктерінің стиліне тән тағы бір ерекшелік – теңеулердің молынан  кездесуі. 

 Ғ.Мүсірепов  пен  Б.Майлиннің  А.Иманов  өміріне  байланысты  жазған очерктер  циклында  патшамен  күрескен  күннен  бастап  басшы  болған  Амангелдінің  өлімін:  «Темірдей  тегеуріннен  әл  кетті.  Асау  жүрек  тулауын тоқтатып, мәңгі сөніп қалды»[9,206],- деп батырды «темірге», «дала қыранына»  теңейді.  Амангелдіні  тас  түрмеге  жалғыз  қамап,  бүкіл  дүниемен байланысын үзіп, темірленген терезе, іштентыстан  күзет  орнатқанын  айта  келіп,  Амангелдінің  ажалына  себеп  болған  жайларды  да  әдемі  теңеулер  арқылы сенімді баян еткен. Ғ.Мүсіреповтің «Феномен - Феникс» атты көркем очеркі де  теңеуден кенде емес. Очерктің тақырыбының өзі Жамбыл талантын Феноменге, Феникске  теңеп  қойғанынан  көрініп  тұр.  Ақын  Жамбылдың  екі  рет  туғаны,  түрлі  заманда   жасағаны,  өмірінің  ең  соңғы  он  жылында  бүкіл  дүние  таныған атақ алуын – «Феномен» дейді. «Бір кезде Фармазонтаның қолына жиырма жеті  мың  тоғыз  жүз  жыл  және  алты  ай  жасаған  Феникс  түседі.  Ой  -  сезімнің, даналықтың, әділеттің ажалы қашан да олақ қолдан келмек. Феникс садақ тарта  білмейтін  Мысыр  патшасының  оғына  ұшырап  өледі.  Фармазонта  Фениксті өртеп, күлін отқа салған екен. Феникс қайта жаралып тұра келеді... 

- Екінші рет туғанға қанша таңдансаң, бірінші рет туғанға да сонша  таңдану  керек...  Дүние  болмысы  туып,  өзгеріп,  қайта  туғанға  толы  емес  пе?-дейді  екен  Феникс»  [9,502],-  деп  «Феникс»  ақындар  қойған  ат  болғандықтан Жамбыл  ақын   осы  атқа  лайық  деп  жазады.  Очеркист  Жамбыл  жырларының 

құдыреттілігі талай ғасырлар бойы тұнып жеткен мұра Жамбыл ақын жүрегінен 

қайта  оянып,  халықтың  өз  жыры,  өз  сыры  болып  халыққа  жетіп  отырғанын 

әдемі ашқан. 

С.Мұқановтың очерктерінде кездесетін көркем теңеулер  де  көп. «Туған  жердің  тыңында  очеркіндегі  [10,22]  Жаманшұбардың қысын,  балалардың қамбамен  қоян  аулауын  суреттеген  жазушы  қыс  айларындағы,  аспан  жиегіне  жақын жылжыған «құлақты» күннің сәулесіне боялған қардың бетінде жүгірген үрлесін  аппақ,  бұпбұйра   «күртіктердің  бетінде  жүгірген  күрең  жалынға»  ұқсаса, сол күрең   жалынның  сәулесі  түскендей, аяз  сүйген  балалардың бетіндегі  қыпқызыл  қандары  да  шалқыған  жалындай  құлпырып  ойнар  еді...  [10,22].  Жаманшұбардан  шыққан  күнді  «құлақты»  десе,  балалар  бетінің қызаруын  «қанға»  теңейді.  Мұндай  мысалдарды  очерктің  өн  бойынан  жиі  кездестіруге болады. Жоғарыдағы очерктердегі теңеулер жазушылардың айтпақ болған ойымен ұштасып, қабысып жатады. 

Очерк  стиліне  тән  тағы  бір  ерекшелік  –  қазақтың  бай  ауыз  әдебиетінің  материалдарын    осы  жанрда  кеңінен  пайдалану  үрдіске  айналған.  Кей  очерктердіңтақырыбының  өзі  мақалмәтелдермен  аталады.  Мысалы  М.Әуезовтің  «Ерлік  –  елдік  сыны», «Ер  серігі  –  сергек  ой»,  Б.Майлиннің  «Ұяттан  адам  өлген  бе?»,  «Бай  бастас,  батыр  тұстас», З.Шашкиннің  «Жақсы кітап  –  жан  азығы»,  «Дәстүрдің  тозығы  бар,  озығы  бар»  т.б.   Бұл  очерктердің  аттары  белгілі  бір мақсат  үшін  жұмсалып, очерк сюжеті ішіндежігі  білінбей жымдасып жатады. М.Әуезовтің «Ерлік – елдің сыны» очеркінде тіл айырмасы,  тек  айырмасы,  жас  айырмасы,  жыныс  айырмасы  болса  да  Отан  сүйер  ерлік алдында  айырма  жоқ  де келе,  ел  басына  күн  туғанда,  ер  көңілінде  өзгеше,  өктем күй туатынын, елі, отаны үшін жанын қиып жатқан адамдар көп екенін, соның   арқасында  кеңес  әскерлері  Гитлерді  жеңіп  жатқанын,  ерлік  –  елдіктің  сыны деген идеяға бағындырады. «Ер серігі – сергек ой» атты очеркінің идеясы да  жауынгер полковник  Бауыржан  Момышұлының  ерлік  әрекеттерін  жас  ұрпаққа өнеге етуден  туған.Бойы жинақы, сөзінің артығы жоқ, қайта таразыға тартқандай  етіп  дәлмедәл  басып,  келте,  сараң  сөйлейтін  батыр  бейнесін  сомдағанда очеркист очерк өзегіне отансүйгіштік рух беріп отырады. 

Бейімбет  Майлиннің  «Ұяттан  адам  өлген  бе?»  қысқа  очеркіндегі  әңгіме  арқауы – Қазақстандағыбелсенді  қызметкерлер  тегісінен  «Еңбекші  қазаққа» жазылмай,  жазылмақ  түгілі,  оқуға  да  қол  тимейтінін  тілге  тиек  еткен  автор қазақ қызметкерлерінің  осы қылықтарына  өкініш  білдіріп,  «ұяттан  адам өлген бе?»  деп  аяқтайды.  «Бай  бастас,  батыр  тұстас»  сатиралық  сарында  жазылған 

очеркінде  Бейімбет  Қарқара  жерінен  қуылған  Ағыбай  батыр  тұқымдарының Қызылордағы  пана  іздеп,  қарға  тамырлы  қазақ  жекжат  тапқанын,  кейіннен  тұтқындалып, сотталғанын қызықты етіп жазады. Жоғарыдағы тақырыптардың бәрі  де  әрқайсысы  өз  алдына  әртүрлі  кезеңдердің  келбетін аңғартады  және  барлығы да өмірде болған шындық оқиғалар мен құбылыстарды әңгіме арқауы ете отырып, қазақ өмірінің әрқилы проблемаларын шығармашылықпен шешуге  ұмтылыс білдірген. 

Очерк  жазу  барысында  кез  келген  жазушы  жеке  кейіпкерлер  тағдыры арқылы сол кезеңдегі жалпы жағдайды аңғарта білуі де стильдік ерекшеліктің бір  қыры  десе  болғандай.  Мысалы  Б.Майлиннің  «Өңгелбай»  очеркін  алсақ,  оның болыс болып сайланғаны, жұрттың ол туралы пікірін автор былай береді: «... еті тірі, пысық, ретін табар деп ойлайды». Сол кезден 4-5 жыл бұрын ғана 

дәулеттілер қатарындағы Өңгелбай болыс болып, Алексей деген орысты хатшы етіп,  өзінің  газет   оқу  түгілі  әріп  танымайтынын  жеңіл  юмормен  шебер  жеткізген.  Сол  кезеңдегі  елдің  тіршілігін айнытпай  көрсеткен  очеркист Өңгелбайлардың көбейіп бара жатқанын тілге тиек етеді. 

Соғыс  кезінде  тылда  қалып  ерен  еңбегімен  көзге  түскен  Қапан Сатыбалдиннің Қашақбайы («Кетпенді адам» очеркінде)былай бейнеленеді:  «Ердің  екі  сөйлегені  өлгені»  осы  мақалды  Қашақбай  қашан  да  өзіне  заң көреді.  Ол  ала  жаздай  арық  жағалайды. Алпыс  үшін  алысты. Өзің  алмасаң 

өздігінен бермейтін Сырдың суымен Қашақбай жекпежекке шықты. Кім жеңер екен?  Боқыраудың  тоңындай  сірескен  Сырдың  жері  жеңер  ме  екен,  әлде  атан  түйенің  табанындай  ауыр  кетпенін  дәл  сілтеп  үйренген  колхоз  ері  жеңер  ме екен»[11,125]  дей  келе,  жаумен  шайқасып  жүрген  Қашақбайдың  достары  Төлеген,  Бөгенбайлар ерлігімен  кейіпкер  ерлігін  қоса  өрген  очеркист характерлерді аша түсу үшін оқиғаларды қабаттастырып, кейіпкерлерінің ішкі  арпалысын, алайдүлейін қатар баяндап отырады.  Ғабиден  Мұстафиннің  «Тұтқын»  очеркінде  де  Германияда  Гестапода  тұтқында  отырған  Эдуард  атты  азаматтың  басынан  кешкен  оқиғасы  туралы жазады. Очерк былай басталады: «Жыпырлаған көп бөлменің бірін жеке алып,  бір  жігіт  жатыр.  Көзін  жұмады  да  ашады.   Екі  жамбасына  да  кезек-кезек  аунақшиды,  тиыштық таппайды.  Басын  көтеріп,  біраз  отырған  соң,  тісін  шықырлатып  қайрап  қойды...  Қалтасынан  битімдей  айна  алып,  сол  айнадан күлтілдеген  запыран түсті бетін,  қос  шараның  түбінде  жайнаған  ызалы  көзін  көріп, азырақ қамықты... Сөйтіп, орнынан тұра берді де сылқ отыра кетті. - Айуандар, жыртқыштар!»- деді, тыжырынып, табаны жара, талаураған 

ісік  тізесіне  дейін  жеткен,  аяғын  баса  алмаған  соң  тізесімен, шынтағымен еңбектеп есікке келді.Ызаланып  есікті  қойып  жібергенде,  қолы қан қақсады  [11,316],- деп тұтқынның денесінде сау жер жоқ екені, темір тәртіпке шыдаған азаматтың  ерлігін  ішкі  монолог  арқылы  береді.  Тұтқында   отырған  Эдуард  өзімен  өзі  іштей  сыбырласып,  сырласып  отырып,  өзінің  жауға  деген 

өшпенділігін, қарғысын  айтады. Артында  қалған  қатын-баласын  ойласа  да 

Эдуард жау әскеріне Кеңес әскерінің ұясын, басшыларының атын айтудан бас тартып, азапқа басын  тіккені сенімді суреттеледі. 

Ғабиден Мұстафиннің «Күлмеген адам» көркем  очеркінің  кейіпкері Бейсекей сіңірі шыққан кедей,  кісі  есігінде  жүріп  қайтыс  болады.  Оның  бар  өмірінде көргенін жазушы былай суреттейді:  «Бейсекей көсіліп қалғанда, аяғы қара лашықтың табалдырығына барып тіреледі. Оңдалып жатқан болып басын  көтергенде, шекесін лашықтың уығына соқты. Тайтері төсегін алақанымен бір-екі  сипап  тастап,  терімен  тыстаған,  тері  сіңіп  ыстаяқталған,  кірі  бес  батпан  жастығын аударып салды. Содан кейін салдама тонын айқара жамылып, аяғын  тұйықтай,  шалқасынан  жатқанда,  кеудесі  емшегіне  дейін  ашық  қалған  еді» [8,319]  деп  кісі  есігінде  жүріп  жөтел  ауруына  шалдыққан  Бейсекейдей  бүйірі  шықпай,  бейнеттен  өзге  көрмей,  езу  тартып  күлмей  кеткен  кейіпкер  бейнесін жеке толғаныстары арқылы, өткенді көз алдына елестету арқылы сол кезеңнің  келбетін, бейнесін жазушы шебер жасаған. 

Көркем  очерктегі  табиғат  әрқашан  адаммен  бірге  суреттеледі.  Очерктегі кейіпкер  көңіл-күйі  мен  дәуір  тынысына  қарай  суреттеліп  отырады.  Кей  очерктерде    баяндалатын  жағдайлар  очерк  басындағы  табиғат  суретімен ашылып, өмірдің өзіндегідей етіп суреттесе көркемдігін де күшейте түседі. 

Б.Майлиннің  очерктерінің    көпшілігінің  идеясы  табиғат суретіне бағындырылады. «Мектеп»  аттыочеркінде  жазушы:  «Сарыарқаны  жапқан  қараңғылық  серпілді,  тозды,  тарады.  Айнадай  түрін  жалт  еткізіп  күн  нұрын септі, қарады» [7,41] деп бастап, елдің бет түзеп мектепке бала бере бастағанын  қуанып  жазады.  «Аш-жалаңаш» очеркінде  де  былай  басталады:  «Күз... Ызыңдаған ащы жел суық лебін денеге соғып,тітіркендіреді.Денені түршіктіріп, қыстың ызғарын көз алдыңаелестетеді. Қыс келді,қыс келді!... дегендей болды.  Қыс  көріп  жүрген  қыс.  Қыстың  суығына  ұрынбау  үшін  адам  баласы әдістеніп  үйренген»  [7,180]  деп  1927  жылғы  қорғансыз  балалардың  киімі,  тойымы жоқ балаларғақалың  қауымның  көмектесуін  сұраған  жазушы  сол кездегі  дәуір  тынысын  табиғаттың  қатал  мінезі  арқылы  беріп,  табиғат  суретін  белгілі мақсаттар үшін шеберлікпен пайдаланған. 

Қазақ  очерктерінің  тағы  бір  ерекшелігі  -  өмірде  жиі  айтылатын  мақалмәтелдердің  орынды  пайдаланылуында.  Мысалы:  М.Әуезов  очерктерінде төмендегідей  мақалмәтелдер  жиі  қолданыс  тапқан:  «Атадан  ұл  туса  игі,  ата  жолын қуса игі» [6,52], «Талапты ерге нұр жауар»[6,53], «Еңбек - өрнек, өнбек еңбек»[6,77],  «Баланы  жастан,  келінді  бастан»[6,119], «Көп  түкірсе көл  болады»[6,164],«Ерді  кебенек  ішінде  танимын»[6,175],  Б.Майлинде  «Алпыс күн  атан  болғанша,  алты  күн  бура  бол»[7,124],  «Жел  болмаса,  шөп  басы  қозғалмайды»[7,131],  «Кәріптің  ісі  қараңғы»[7,151],  «Күштінің  артын  диірмен тартады»[7,156],  «Байдың  мыңының  ішінен  жарлының  жалғызын алады»[7,158],  «Пәленің  мыңы  –  сырда,  бірі  -  қырда»[7,164],  «Заманың  түлкі  болса,  тазы  бол»[7,175],  «Ештен  де  кеш  жақсы»[7,193],  «Сыйынғаныңнан сүйінгенің  күшті  болсын»[7,205], «Әруақ  орнап,нар  шөккен»[7,239],  «Ұрыс  басы  боқ  жеме»[7,300],  Сәбит  Мұқановта «Құс  ұшса  қанаты, тұлпар  жортса тұяғы  талады»[10,25],  «Көкектен  басқа  құс  жоқ,  көкпектен  басқа  шөп  жоқ»[10,25],  «Сұлуынан жылуы»[10,80], «Тоқсан қабат торқадан, тоқтышақтың терісі  артық»[10,80],   «Жол  атасы  -  тұяқ»[10,110],  «Өлеңді  жердің  өгізі  семіреді»[10,179],  «Береген  қолым  –  алаған» [10,218],  «Су  атасы  –  құлақ,  жол  атасы  -  тұяқ»[10,231],  «От  басы,  ошақ  қасы»[10,242],  «Су атасы Сүлеймен»[10,244],  «Әркімнің  өз  туған  жері  ыстық»[10,275],  «Шақырғанға бармасаң,  шақыруға  зар   боласың»[10,313],  Ғабдол  Слановта  «Жүрген  аяққа  жөргем  ілінеді»[12,3],  «Асыл  тастан,  ақыл  жастан»[12,27],  «Ұяда  не  көрсең, ұшқанда соны ілесің»[12,40], «Жасы үлкенге кездескенде атыңнан түсіп сәлем  бер»[12,55],  «Іздегенге  сұраған»[12,89],  «Атың барда  жер таны, желіп жүріп»[12,179] т.б.  мақал-мәтелдерді  жатқызуға  болады.  Очерк  тіліндегі шұрайлылық тек мұнымен ғана 

шектелмейді очеркистер керекті жерінде теңеу,  метафора,  метонимия,  троп  сияқты   көркемдік  құралдарды  да  шебер пайдалануды үрдіске айналдырған. 

Қазақ очеркіне тән тағы бір ерекшелік – детальдардың молынан кездесуі. 

Типтік  характердің  өміршеңдігі  мен  тереңдігі  очеркшінің  өмірмен  байланысына, көзқарасы мен  ой-танымына, шеберлігіне байланысты. Очерктегі 

адам  бейнесін  жасаудағы  маңызды  шарт  кейіпкердің  мінез-құлқындағы  ерекшеліктері жақсы көрінетін жерлерін айқын бейнелеу болып табылады. Бұл жерде  типтік  характерді  ашуда  кейіпкердің  портреті  мен  оның  көзге  көрінер  ерекшеліктеріне оқырман  назарын  аудара  білу  маңызды  рөл  атқарады.  Шебер очеркшілердің  портреттік  сипаттамасында  терең  публицистикалық  мағына  жатады.  Очеркте  бейнелеумен    бірге  пайымдау,  ой  жүреді.   Бейнелеудің  басқа түрлері  сияқты  портреттің  негізін  де  бөлшек  (деталь)  құрайды.  Очеркист 

өмірдің барлық элементтерін бейнелей алмайды, өйткені, ол шексіз. Сондықтан  ең маңызды, ақпарат көзі мол мәліметтерді ғана топтайды. 

  Типизацияның  ең  шыншыл,  маңызы  бар  құралы  –  бөлшек  (деталь) екенінде  дау  жоқ. Бөлшекті шеберлікпен  қолдана  білу  өмірдегі  шындықты  бейнелеуге  мүмкіндік  береді. Тұрақты бөлшектер  өмірді  абстрактылы  емес, жеке көрсетеді. Ал, ұсақ, бірақ қызықты бақылауларды жинақтау (обобщение)  күшін  біріктірген  кезде  ғана  очеркте  қызықты  бөлшек  орын  алады.  Бірақ  кей кезде  очеркшілер  басты  мағынаны  ашпайтын,  бейнеден  де,  шығарманың  идеясынан  да  алшақ  жатқан  бөлшектермен  әуестенеді.  Мысалы,  “орта  бойлы, бетәлпеті  кәдімгідей,  басында  бөрік,  ерекше  белгілері  жоқ”,  -  деген  сияқты  бейнелеу  не  бере  алады?  Әңгімеге  сияқты  очеркке  де  ерекше  белгілер  мен маңызды бөлшектер керек-ақ.  Өмір  мен  адамдарды  маңызды  бөлшектер  арқылы  бейнелеу  олардың ішкі  мазмұны,  болмысы,  кейіпкерлердің  көзқарастары  мен  психологиясының  көрінуі  үшін  қажет.  Тұрақты  бөлшек  портреттің  аяқталуына  көмек  береді, бейнені  айқын,  сезімтал  етіп  көрсетеді.  Б.Майлиннің  “Жасасын  Мұсабай!”  очеркіндегі Мұсабайды жазушы былай суреттейді: “Құрысқан қара жігіт. Сөзге 

жомарт,  ертеден  қара  кешке  дейін  сөйлесе  шаршамайды,  өз  сөзінен  басқаға  құлақ  салмайтын  да  мінезі  бар”  [7,224].  Ал  Ғ.Мұстафиннің  “Алыптың кереметтері”  очеркіндегі  Нұртазаұлы   Жұмабек  бейнесін  сомдау  барысында   жазушы  тұрақты  бөлшектер  пайдаланған:  “...қара ағаштайқатыңқы,  бурыл шаш,  қара  шұбар  жігіт”  [8,297]  десе,  М.Әуезовтің  “Жуалы  колхозшысы”  очеркіндегі  Ырысбекті  “...  қызыл  күрең,  еңбекке  піскен,  ірі  денелі,  сан  етті” [6],-  деп  суреттеген.   Міне,  осындай  бейнелерді  сомдауда  пайдаланылатын  бөлшектер  шығарманы  шыншыл,  өміршеңетеді.  Очеркист  кейіпкерлердің сөзінен,  тұлғасы  мен  бетәлпетінен,  күлкісі  мен  көздерінен,  дене бітімінен  бір  ерекшелікті байқап, оны атап көрсеткен кезде ғана  тірі жанға айналады. 

Шыншыл  бөлшек  әр  нәрсені  толығырақ  бейнелеуге  көмектеседі,  шығарманың  көркемдігін  арттырып,  оны  айқындай  түседі.  Бөлшектер  елеулі және  елеулі  емес  болып  екіге  бөлінеді.  Біріншісі  де,  екіншісі  де  біркелкі  маңызды рөлдер атқарады, бірақ елеулі емес бөлшектің маңыздылығы көңілде  күмән  туғызбауы  тиіс.  Мысалы,  жоғарыдағы  мысалдарда  Мұсабайдың  “сөзге 

жомарттығы”,  Нұртазаұлы  Жұмабектің  “бурыл  шашы”,  Ырысбектің  “еңбекке  піскендігі”-  елеулібөлшек  емес,  бірақ  маңызы  бар.  Бейнелейтін  затқа  немесе жағдайға  айқындылық  беру  үшін   очеркші  оқырманды  өзіне  бірден  тартып,  сендіре  алатын  тұрақты  бөлшектерді  көрсетеді.  Суретші  үшін  маңызы  бар бөлшек  шеберлігі  очеркшіні  беллетристикамен  жақындата  түседі  және  ол 

оқырманға дәлелдің мәнін, оның мағынасын түсінуге мүмкіндік береді, жазушы сол  кездің  психологиялық  және  тарихи  атмосферасын  сезіндіреді.  Сонымен  қатар  очерктегі  бөлшекті  әлеуметтік-саяси,  мағыналылық  пен  құбылыстың өзектілігін айқындау үшін қолдануға да ерекше мән береді. 

Тұрақты бөлшектер мен толықтырулардан портрет пен басқа да бейнелер туындайды.  Портретпен   жұмыс  істей  отырып  очеркші  тұрақты  кейіпкердің  сыртқы  бейнесін  ғана  көрсетіп  қоймай  сол  портрет  арқылы  кейіпкердің  ішкі жандүниесін  оның  очерктегі  проблема  шешілуіне  және  қоршаған  ортасына  деген қарым-қатынасын да беруге тырысады. Очерк шеберлері біреуді суретке 

түсіруді  міндетіне  алмайды.  Мысалы,  Ғабит  Мүсіреповтің  очерктерін  алайық. 

Көркем  очерктерде  жазушы  қазақ  өміріндегі  игі  істер  атқарып  жүрген адамдардың публицистикалық типтік бейнесін жасап шығарған. Очеркші адами  емес  ісәрекеттерді  әшкерелеп,  адамдардың  интелектуалдық  әлемін  жоғары қояды.  Кейіпкердің  портретін  жазғанда    суреткер  өз  шығармасына  негіз  етіп   қоғамның  пайдасына  немесе  оған  қарама-қарсы  бағытталған  адамдардың  іс-

әрекетін, мінез-құлқын алған. Мысалы, Ғ.Мүсірепов пен Б.Майлиннің  “Батыр  большевик  Амангелді”  очерктер  циклында  Ғ.Мүсіреповтің  “Батырдың  биік тұлғасы”  очеркінде  биографиялық  мәліметтер    өте  аз.  Ол  бірекі  сөзбен  ғана  беріледі.  Бірақ  бұл  очеркте  биографияны  кең  қолданып  жазу  керек  деген  сөз емес.  Өмірде  шынымен бар  адамдардың  типтік бейнелерін,  ішкі  жан-дүниесін  көрсету өте қиын іс. Сондықтан очерк те бейнелеу өнері сияқты, егер портрет адамдардың бейнесін дұрыс бере алмаса, маңызы жоқ белгілерді суреттесе, ол  “өмірді  тоқтатып  тастаған”  сияқты  болып  көрінеді.  Публицист-суреткердің тұрақты  адамының  портреті  жай  ғана  сурет  емес,  ол  -  өзіндік  жалпылау 

(обобщение)  болып  табылатыны  заңды  құбылыс.  С.Мұқановтың  «Тірі ескерткіш»  атты очеркінде  Социалистік  Еңбек  Ері  Сейдахмет  Қорғасбаевтың  портретін былай сомдайды: «Сейдахметті бұл менің үшінші көруім: бірінші рет 1938 жылы, жасы 37ге шыққанмен, қатардағы қойшы күнінде көрдім. Ол кезде  шоқша  қара  сақалды,  қалың  қара  мұртты,  әжімсіз  күрең  түсті,  бетінен  қаны тамған  жігіт  еді:  екінші  рет  1953  жылы,  Алматыда,   Қазақстан  Ғылым  академиясының  Биология  институтында  қой  өсіру  тәжірбиесінен  ғалымдар арасында баяндама жасағанда; ол жолы сақал-мұртына аздап кірген ақ қылтаңы  болмаса, 1938 жылмен салыстырғанда ажарында айта қаларлықтай айырма жоқ еді; енді, мына жолы қарасам - сақал-мұртының ағы да, бет әжімі де көбейіпті, 

бұрын шоқшалап өсіретін сақалын еркіне қоя беріпті!...»[10,214],- деп очеркші кейіпкер  портретін  суреттеуде  өмір  деректеріне  сүйеніп,  қажет  деп  тапқан  жағдайда  қаһарманды жаңа детальдармен толықтырып отырғандығын көреміз. Жазушы  Сейдахметтің  өмірін  жадағай  суреттеп қоймай,  көңіл-күйіндегі,  ой  сандығындағы,  рухани  дүниесіндегі  өзгерістерге  терең  бойлай  отырып, 

кейіпкердің  шынайы  қасиеттерін  аша  көрсетуі  орынды.  Сейдахметтің  қандай жұмысқа  кіріссе   де  табан  тірей,  нығыз  отырып  атқаратынын  очеркші  жіті  байқап, осы қасиеттерін ашқан. 

Қазіргі қазақ очеркінің даму тенденциясы көңіл аударатын мәселе. Қазақ  әдебиетіндегі  белсенді  жанр  болып  есептелетін  очеркте  бүгінгі  күннің көкейкесті  мәселелері,  әлеуметтік  проблемалары   осы  жанр  мүмкіндігімен  жазылып келеді десек артық болмас. Қазақ очерктері көркемдік  сапа жағынан, көтерген  мәселелерінің  әралуандығы  жағынан  үлкенді-кішілі  барлық  прозаиктер қалам тербеген ортақ жанр және очерк жазбаған жазушы жоқ десе де болады. Тарихи тақырып, ауыл тақырыбы, яғни бүгінгі заман тақырыбыдағы  очерктер  легі  көп-ақ.  Бұл  очерктің  өсіпөркендеуінің  қарқынын  білдіреді,  жазушыларымыздың  өмірге  белсенді  араласып,  жаңаша   ізденістерге  бет  бұрғанын танытады. 

Қорыта айтқанда қазақ очеркінің тілі мен стилі әр қаламгердің өзіне ғана тән  шығармашылық  ерекшелігі  екен.  Стильдің  де  туу,  есею,  кемелдену  жолдары  болады  және  әр  очеркші  қаламының  ізінен  жалпы  дүниетанымы, білімі,  философиясы,  ой-танымы,  бағыт-бағдары  көрініп  тұрады.  Қазақ  очеркистері  ішінен  Б.Майлиннің  сергек  юморын,  М.Әуезовтің  терең  ойын, С.Мұқановтың нақты фактіге негіздегіш шеберлігін, Ғ.Мүсіреповтің лиризмін, 

Ғ.Мұстафиндегі қарапайым шындықты көре алушылықты байқай отырып стиль бір  күн,  бір  ай,  біржылда  қалыптаспайтынына  көз  жеткіздік.  Әр  нәрсеге  жаттығу, машықтану,  үйрену  арқылы қол  жеткізуге  болады  екен.  Біз  қазақ очерктерінің  түгел  стильдік  құпиясын  аштық  десек  қателескенболар  едік.  Әр  сөйлем, сөзге, образ жасауға, ой салмағына, сюжет құрудағы зергерліктерге аз-маз ғана тоқталдық деп ойлаймыз. 



 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет