Байланысты: 1 сұрақ олимпиадалық есеп конкурс олимпиада (копия)
1. Математикадан стандартты емес есептер, конкурстық және олимпиадалық есептер. Стандарт емес есептер дегеніміз – математика курсында бұл есепті шешуді анықтап көрсететін дәл бағдарламасы, яғни шешудің жалпы ережелері мен тәртіптері жоқ есептер. Оларды қиындығы жоғары есептермен шатыстырмау керек. Қиындығы жоғары есептің шарты бойынша оқушы бұл есепті шығаруға қажетті математикалық аппараттың дәл өзін оңай тауып бере алады. Ал, мұғалім алынған білімдердің бекітілу процесінің жүруін бақылап отырады. Ал, стандарттық емес есептерде зерттеу сипаты бар. Сонда бір оқушы үшін бір есеп стандарттық емес болып табылса, ал, басқа оқушы бұл есепті өзі білетін таныс стандарттық тәсілдер арқылы шығара алады. Өйткені ол мұндай есептерден көбісін алдында шығарған. Белгілі бір есеп 5 сынып оқушысы үшін стандарттық емес болса, ал бұл есеп 6 сынып оқушылары үшін таныс есеп болуы мүмкін. Стандарт емес есептер оқушылардың ойлау қабілетін дамытады да, ойлауға жетелейді және есепке деген ынтасын, қызығушылығын арттырады. Стандарт емес есептер оқушылардың үйреншікті жолмен шығара салуына жол бермейді.Стандарт емес есептер оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамытудың негізгі құралы
Дайын ережелер мен формулалардың көмегімен шығарылатын есептер стандарты есептер делінеді, ал шығару жолдары дайын ережелер мен формулаларға бағынбай, қиындық тудыратын есептерді стандартты емес есептер дейміз.
Стандарттық емес есептерді шешуге үйрету логикалық ойлау қабілеттерін тіпті жоғары дәрежеде дамытуға көмектеседі. Сонымен бірге, мұндай есептер оқушылардың танымдық шығармашылықтарын белсенділендіреді.
Стандартты емес тапсырмалар әр түрлі болады. Олардың кейбіреулері қарапайым көрінеді, ал басқалары жасырылған: қарапайым теңдеу көрінеді, бірақ ол стандартты әдістермен шешілмейді. Үшіншіден, өте нәзік және нақты логикалық ойлау және т.б. қажет.
Стандартты емес тапсырмалар математиканы оқыту процесінде әртүрлі функцияларды орындайды. Олардың тәрбиелік мәні бар, студенттерді тапсырмада сипатталған жаңа жағдаймен таныстырады. Бұл ретте оқушы математикалық білім алады және өзінің математикалық білім деңгейін арттырады. Стандартты емес есептерді шешу кезінде оқушы математикалық білімді практикада қолдануға үйренеді.