Болыпты баяғыда Жеке батыр, Тау бағып жатады екен тігіп шатыр



Дата14.05.2023
өлшемі16,57 Kb.
#93079

Жеке батыр.
Болыпты баяғыда Жеке батыр,
Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.
Бір күні қарауылда қалғып кетіп,
Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.
- иә, табиғат қандай сұлу таудың өзі де батыр бейнесінде ұйықтап жатыр.
Жеке батыр – Бурабай тауының солтүстігінде орналасқан тау.
Бурабай ауданы жерінде. Алыстан таудың нобайы сақтықты ойлап дулығасы мен болат сауытын шешпей мәңгі ұйқыға кеткен сақалды батырдың бейнесін елестетеді. Аңыз бойынша ертеректе алып күш иесі, арманшыл бір батыр осы өңірде өмір сүріпті. Жас кезінде уайым - қайғы дегенді елемей өзінше думандатып өмір сүреді. Ер жеткенде жоқшылық пен халық мұңын көріп, қабағын кірбің шалады. Туған жеріне жоңғарлар мен қалмақтар жиі - жиі шапқыншылық жасап отырған. Ауылдардың шаңын аспанға көтеріп, астан - кестең қиратып, жау әскері төрт - түлік мал табындары мен қорғансыз адамдарды айдап кетеді. Ал ел іші бір - бірімен қалыңдық пен жайылымдыққа таласып, күнде қырқысып, ауыз бірлікке келе алмайды. Бұны көрген жас батыр бәріне қолын бір сілтеп, ауылдан кетуді ойлайды. Еркін жүріп, бақ пен байлық іздегісі келеді. «Мүмкін болса ауылдастарыма жақсылық жасасам сонда олар тынышталар ма еді» – деген оймен кетпекші болып, өзіне болат қылыш пен дулыға, үстіне сауыт соғып киіп, бақыт іздеп жолға шығады. Жол үстінде Жеке батырға басқа ауылдың батырлары жолығады. Олар да бақыт жолына жалғыз шыққан екен. Жаумен бірінші болып қазақ батыры жолығады. Қалың қол оның алдын бөгеп, қоршауға алады. Ол жаумен ұзақ шайқасады. Жау қара масадай құжынап, шегірткедей үймелеп, батырдың үстіне шығып кетеді. Оның көзі көрмей, құлағы естімей қалады. Сонда ғана ол бақыт үшін жалғыз күресудің қате екенін түсінеді, аһ ұрып өкінеді. Алып тұлғалы батыр әл - дәрмені құрып, туған даласына шалқасынан құлап түсіп, тасқа айналады, мәңгілік ұйқыға беріледі. Жеке батыр бетегелі далада тас болып жатыр.[6]
Поэманы оқып отырғанда Сәкеннің негізгі ойы — Көкшенің көркем табиғатын жырлау болғандығын байқау қиын емес. Ол қандай уақиғаны әңгімелесе де Көкшетаудың табиғат байлығымен, көлінің, тауының әсем көріністерімен байланыстырып, соған меңзей отырады. Кейде ол өзінше тауға, шыңға, көлге портрет, мінездеме береді. Жеке батырды ол ұйықтап жатқан батыр күйінде:
"Ұйықтаған батыр" дейді таудың атын,
Адамша көлбеп жатқан қыры үлкен тау.
Батырдың қырыққа таяу келген жасы,
Денесі биік жота, таудай басы,
Сақалы төсін жапқан, қыр мұрынды,
Киюлі баста жатыр дулығасы,— деп бейнелейді.
Тамшыбұлақ – қойнауы тарихқа тұнған Қапал ауылына жақын жерлерде Жоңғар Алатауы жотасының сілемдеріндегі бұлақ бастауы. Табиғаттың сыры бізге беймәлім небір жақұт – жаухарлары бар.Солардың бірі- жер жаннаты Жетісудағы Тамшыбұлақ мекені. Ол жайында сан түрлі аңыз бар. Соның бірінде ғашығына қосыла алмай сағынған қалмақ қызының көз жасы десе, енді бірі адамдардың қиянатын көрген Жер-Ананың жыласы болар дейді.
Тамшыбұлақтын суы өте мөлдір әрі мұздай. Ішкеннің шөлін қандырып, шомылғанды сергітеді. Ауыл ақсақалдарының айтуынша, суы азайғанымен, еш бүлінбеген. Қысы-жазы бірқалыпты ағып жататын Тамшыбұлаққа қатысты ел ауызында аңыз қалған. Ертеде Қапал өңірінде Қоңтәжі деген хан мен Баян атты сұлу қызы болыпты. Баян мен хан батырларының бірі Сайынбөлек бір-біріне ынтызар болыпты. Осыны сезген хан қызын өзімен теңдес басқа бір ханның баласына бермек болып, Сайынбөлектен қашып, тауды паналайды. Тауда жүріп ғашығын сағынған Баян журек кейіпті тауға, ал оның көз жасы Тамшыбұлаққа айналды деседі.
Қапалдың жауһары – Тамшыбұлақтың күн сәулесіне құбылған тамшылары бірін-бірі сүйген сұлтанның қызы мен мал баққан жалшы ұлының көз жасы екен. Сұлтанның қызы Баян әр түн сайын осы қасиетті Тамшыбұлақтың шипалы суына келіп, басындағы ауыр халін айтып жылаған. Мөлдіреп тұрған тамшылар – Баян қыздың көз жасы-мыс.1859-1865жылдары Жетісуды аралаған ұлы саяхатшы, этнограф Шоқан Уәлиханов жергілікті халықтың аузынан осындай аңыз естіп, хатқа түсірген екен.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет