Соңғы онжылдықта микроэлектроника және есептеуіш техника құралдарының халық шаруашылық саласында ақпарат алмастыруды қамтамсыз ететін сызықтық аналогтық және цифрлық түрлендіргіштермен (АЦТ және ЦАТ) кең түрде енгізілу шартталған.
Цифрлық - аналогтық түрлендіргіш (ЦАТ) ереже бойынша нақты санды екілік кодқа, кернеуне немесе токка түрлендіреді. цифрлық – аналогтық түрлендіргіштердің сұлбатехникасы әртүрлі. Цифрлық - аналогтық түрлендіргіштер келесі белгілері бойынша классификацияланады:
Шығыс сигналы түрі бойынша: токтың шығысы және кернеу түріндегі шығысы.
Цифрлық интерфейстің түрі бойынша: тізбекті енгізумен және кіру кодының параллельді енгізуімен
Кристалдағы ЦАТ саны бойынша: бірканальды және көпканалды.
Тез әрекеттілігі бойынша: өлшенген және жоғары тез әрекеттілігі.
Аналогты-цифрлық түрлендіргіш (Аналогово-цифровой преобразователь; analog-to-digital converter) -аналогты шаманы дискретті (цифрлық) шамаға түрлендіру құрылғысы; ақпаратты нақты уақыт масштабында аналогты құрылғыдан компьютерге енгізуге арналған. Бұл құрылғы негізінде тәжірибе басқару кешені, аналитика мен өлшеу жүйелері (оның ішінде өндірісті басқару мәселелеріне арналған жүйелер) жасалады. Мәселен, белгілі бір сигналдың (температура, ән әуені, т.б) белгілі бір уақыт аралығындағы үздіксіз өзгерісі берілсін делік. Осы сигналды цифрлық түрге түрлендіру үшін оның деңгейін белгілі бі уақыт аралықтарында (квант) белгілей отырып, соған сәйкес v(t)-ге ең жақын деген цифрлық жұбын тауып, соны ёлшем ретінде пайдалануымыз керек. Мысалы, 11 уақыт мезетіндегі v(t)=2(010) болса, t2 кезеңінде v(t)=3(011) т.с.с. Әрине, керіп отырғанымыздай, цифрға көшкенде айнымалы мәндерінің біз аздап болса да жоғалтып отымыз. Бірақ оның есесіне цифлық схемалардың артықшылықтарына (мысалы, сыртқы ортадан тәуелсіздігіне, аумағының аздығына, т.б) ие боламыз
Цифрлық –аналогты түрлендіргіш әдістері Электронды жүйелерде аналогты және цифрлық түрдегі ақпарат бірдей өңделеді. Ceбебi алғашқы физикалық көлем мен процесстер жөніндегі ақпарат аналогты сипатқа ие. Бұл ақпаратты өңдеу үшін оны әрине цифрлық формада енгізген ыңғайлы. Цифрлық негізде өңделіп алынған нәтижелерді қолдану көп ретте олардың аналогтық түп деректерін қажет етеді. Яғни ақпаратты цифрлық негізде өңдеу тәсілін қолданатын кез-келген жүйеде аналогтық және цифрлық сигналдарды өзара алмастыратын құралы болуға тиic. Бұл рөлді аналогты-цифрлық және цифрлық -аналогты түрленулер (АЦТ және ЦАТ) атқарады.
Аналогты-цифрлық түрлендіргішi - аналогты физикалық ұзақтық кеңістігінде өзіне тән сан кодтарының эквивалентілігімен үздіксіз алмасып отыруға арналған құрал.
АЦТ-ның динамикалық сипаттамасы: 1. Түрлендіру уақыты.
2. Іске қосу кідірісінің уақыты.
3. Кодтау циклының уақыты.
4. Максималды түрлендіру жиілігі.
5. Сигнал мен шудың арақатынасы.
6. Кіріс сыйымдылығы.
7. Кіріс кедергісі.