Әрбір тілдің өз табиғатына



Дата21.10.2022
өлшемі19,42 Kb.
#44555
Байланысты:
11.03.2022


1)Дауыс ырғағының бір бөлігі ретінде сөйлеу қалпының әуені де мәнерлеп оқу кезінде оқуға қойылатын талаптардың бірі ретінде қарастырылады. Сөйлеу қалпының әуені деп тексті оқу кезінде дауыс ырғағының бірде төмендеп, бірде көтеріліп текстің мағынасына қарай құйылып отыруын айтамыз.
Әрбір тілдің өз табиғатына байланысты сөйлеу әуені, сөйлеу әуенін түзейтін дыбыс заңдылығы бар. Қазақ тілінде сөз бен сөзді айырудың басты өлшемі- дыбыс, дыбыс сөз мағынасын өзгертеді. Дауыс ырғағының жоғары-төмен болуына, дыбыстардың бір-біріне әсер етуіне, жылысуына жағдай жасайды. Тіл дыбыстарының жай дыбыс емес, мағынаны ажырататын дыбыс екенін түсінетін әрбір мұғалім « Ана тілі » оқулығында кез келген тақырыпты оқығанда сөз дыбыстарын табиғи үнімен оқуға тырысады.

2) Сөйлеу қалпының әуені деп мәтінді оқу кезінде дауыс ырғағының бірде төмендеп, бірде көтеріліп мәтіннің мағынасына қарай құйылып отыруын айтамыз.


Әрбір тілдің өз табиғатына байланысты сөйлеу әуені, сөйлеу әуенін түзейтін дыбыс заңдылығы бар. Қазақ тілінде сөз бен сөзді айырудың басты өлшемі – дыбыс, дыбыс сөз мағынасын өзгертеді. Дауыс ырғағының жоғары-төмен болуына, дыбыстардың бір-біріне әсер етуіне, жылысуына жағдай жасайды. Тіл дыбыстарының жай дыбыс емес, мағынаны да ажырататын дыбыс екенін түсінетін әрбір тәрбиеші кез келген тақырыпты (көркем шығарма болмаса да) оқығанда сөз дыбыстарын табиғи үнімен оқуға тырысады.
3) Алайда, әрбір адамның дыбыстау мүшесінің құрылымына, оның қалыптасқан дағдысына қарай өзіндік ерекшелігі болады. Балаға тіл дыбыстарының айтылуын, естілуін, жасалуын тәжірибелік жолмен үйрететін тәрбиешінің сөйлеу әуені дұрыс болу керек. Шәкірт тәрбиешінің сөйлеу тілі мен әуеніне тез еліктеп, дәл солай сөйлеуге ұмтылатыны белгілі.
Сөйлеу қалпының әуенін тиісті тыныс белгілерінің мағынасына лайық оқуды қалыпты дауыс ырғағы деп те атап жүр. Тәжірибеде осы қалыпты сөйлеу қалпының әуенін сақтамайтындар да кездеседі.
Сөйлеу қалпының әуені мәтіннің, сөйлемдердің мазмұн-мағынасына қарай бірде жоғарылап, бірде төмендеп, бірде орташа қалыпқа түсіп отырады. Бір сыдырғы төмен әуенмен, керісінше үнемі тек жоғары әуенмен, болмаса ылғи орташа әуенмен оқылатын сөйлемдер болуы мүмкін емес. Сөйлеу әуеніне қарай сөздегі буын құрайтын дауысты дыбыстар көбірек белсенді қызмет атқарады.
Жаз
-Жерің анау,
Жасыл жолақ кілемдей.
-Желің мынау
Жігіт айтқан өлеңдей.


-Көлің анау,
Той ғып жатқан ауылдай,
-Күнің мынау,
Елжіреген енеңдей.
І.Жансүгіров

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет