Циклге ұқсас болып келеді. Жазылуы



бет1/2
Дата13.04.2023
өлшемі36,73 Kb.
#81977
  1   2
For операторы

for операторы РНР тіліндегі күрделі циклдер тобына жатады. Ол С тіліндегі циклге ұқсас болып келеді. Жазылуы:
for (1-өрнек; 2-өрнек; 3-өрнек) { орындау_блогы }
немесе
for (1-өрнек; 2-өрнек; 3-өрнек): орындау_блогы endfor;
Мысалы, 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығару үшін for циклі келесідей түрде жазылады:

for ($i=0; $i<10; $i++) {
if ($i % 2 = = 0) print $i." ";
// жұп сандарды шығару
}
Егер оператор жақшасындағы екінші өрнекті ($i<10 шарты) алып тастасақ, онда циклден шығу үшін break операторын қолдану керек болады:

for ($i=0; ; $i++){
if ($i>=10) break; /* егер $i 10-нан артық немесе тең
болса, циклді аяқтаймыз */ if ($i % 2 = = 0) print $i. " ";
// егер сан жұп болса, оны шығару }
?>
Жақша ішіндегі барлық үш өрнекті де алып тастауға да болады. Мұндай жағдайда $i
санауышының алғашқы мәні де берілмейді және ол циклдің аяғында да өзгертілмейді. Сондықтан осы әрекеттерді жеке команда түрінде – орындау блогында немесе цикл алдында жазу қажет болады:

$i=0; // санауышқа бастапқы мән береміз for ( ; ; ) {
if ($i>=10) break;
// егер $i 10-нан артық немесе тең болса,циклді аяқтау
if ($i % 2 == 0) print $i;
// егер сан жұп болса, оны шығару
$i++; // санауышты бірге арттыру
}
?>
for жақшасы ішіндегі үшінші өрнекте бірнеше қарапайым командаларды үтір арқылы
жазуға да рұқсат етілген. Мысалы, егер біз барлық сандарды экранға шығарғымыз келсе, онда программаны қарапайым нұсқада жазуға болады:

for ($i=0; $i<10; print $i, $i++);
/* Егер орындау_блогында команда болмаса немесе тек бір команда ғана болса, жүйелі жақшаларды қоймаса да болады */
?>
Foreach операторы

foreach операторы тағы да бір керекті цикл конструкциясы болып саналады. Ол тек РНР4 тілінен бастап жиымдармен жұмыс істеу мақсатында енгізілді. Жазылуы:
foreach ($array as $value) {орындау_блогы}
немесе
foreach ($array as $key => $value) {орындау_блогы}
Бірінші нұсқада цикл $array айнымалысы арқылы берілген жиымның барлық элементтерін қамтиды. Циклдің әр қадамында жиымның ағымдағы элементінің мәні $value айнымалысына жазылады да, ішкі санауыш бірге өседі (келесі қадамда жиымның келесі элементі өңделеді). Орындау_блогы ішінде жиым элементінің ағымдағы мәнін $value айнымалысы көмегімен алуға болады. Цикл $array жиымында қанша элемент болса, сонша рет орындалады.
Жазудың екінші нұсқасында жоғарыда айтылғандарға қосымша циклдің әрбір қадамында жиымның ағымдағы элементінің кілті (индексі) $key айнымалысының мәні ретінде жазылып отырылады, оны орындау_блогында пайдалануға болады.
foreach орындалуы басталғанда, жиымның ішкі көрсеткіші автоматты түрде оның бірінші элементіне орналасады.

$names = array("Азат","Бекзат","Айым"); foreach ($names as $val) {
echo "Сәлем, $val
";



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет