Кафедра: Қазақ филологиясы кафедрасы



Дата06.01.2022
өлшемі34,96 Kb.
#16254

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университеті

Факультеті: Филология факультеті



Кафедра: Қазақ филологиясы кафедрасы


БӨЖ


Пәні: Әуезовтану

Тақырыбы: М.Әуезовтің әдеби сынға байланысты жазған еңбектеріне мысал келтіру

Қабылдаған : Көшенова Тоты

Орындаған: Ағыбай Асылжан

Тобы: ФҚФ- 811

М.Әуезовтің әдеби сынға байланысты жазған еңбектеріне мысал келтіру

Мұхтар Әуезов феномені туралы айтылып, жазылып жүрген ой-пікірлер, зерттеулер баршылық. Дегенмен, қаншама мол жазылып, айтылған сайын Мұхтартанудың проблемалары артып, тереңдеп өсе береді. Жаңа сыр-қыры ашылып, жаңа міндеттер жүктеле түсері сөзсіз.

«Абай жолың роман-эпопеясын Луи Арагон XX ғасырдың ең үздік шығармаларының бірі деп бағаласа, Шыңғыс Айтматов XX ғасырды - Әуезов ғасыры деп атады. Ал, президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Әуезовті тану - қазақты тану, Қазақстанды тану деген сөзді айтты.

Шын мәнінде М.Әуезов XX ғасыр әдебиетінде ғажайып құбылыс, феномен екендігі ешқандай күмән тудырмайды. Оның мәңгілік туындыларын жан-жақты терең зерттеп тану ғасырдан ғасырға жалғаса береді.

М.Әуезов творчествосының тұтас тұлғасының қадір-қасиеті, құдіреті неде? Оның өзгешелік, еркшелік сыр-сипатын қалайша тауып, тани аламыз? Бұл - өте күрделі, дәуірлік мәселе. Оны әрбір кезең, әрбір ұрпақ өзінше таниды. Керек болса, әрбір жеке оқырманның өз Әуезові бар.

М.Әуезовтің тұтас бүтін бітімін танып білу үшін алдымен оның сан қырлы творчестволык мұрасын жекелей, сатылай тануымыз керек.

Қазiрше, басы ашық объективтi жағалай: Әуелi, М.Әуезов тумысынан, табиғатынан айрыша дарынды болып жаратылған. Екiншiден, туып-өскен ортасынан, айналасынан алған тәлiм-тәрбиесi, бойына тереқ сiқiрiп өскен нәрi өте құнарлы болған. Үшiншден, мұсылманша медiресе мен орыс мектебiнен, Ташкент, Петербург университеттерiнен түбегейлi тереқ бiлiм, таным алып жетiлген. Төртiншiден, жастайынан үлкен қоғамдық, мемлекеттiк қызметтер атқарып, ел тiрлiгiнiқ тұтқасын ұстап, келелi мәселелерiне араласқан. Бесiншiден, семинарида оқып жүрген кезiнен бастап, күнделiктi газет журналдарды шығарысып, үзбей ат салысып еқбек еткен, қаламгерлiк өнерге ерте жетiлген. Алтыншыдан, әдебиет пен өнер-ғылымнық, мәдениеттiқ адам өмiрiнде, қоғам тiрлiгiнде атқаратын ызметiн ерте танып, кәмiл түсiнген.

Міне, осы аталған объкетивті жағдайлар Әуезовтің терең де заңғар, нәрлі де нәзік суреткерлігінің негізгі бір қыры - оның кемеңгерлік ойшылдығында, ғұлама ғалымдығында, өткір сыншылдығында жатқандығы да анық.

Жазушы әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану мәселелріне байланысты өмір бойы үзбей қалам тартып, бас-аяғы үлкенді-кішілі 500-ге жуық мақала, зерттеу еңбектер жазған екен.

Әдебиет пен өнердiң көп ғасырлық тарихынан мәлiм, көрнектi суреткерлердiң көпшiлiгi дерлiк әдеби-сын мақалалар жазып, жалпы әдебие проöеске, әдебиеттануға да еңбек сiңiрiп, мол үлес қосқан. Мұның, әрине, өзiндiк объективтi және субъективтi себеп заңдылықтары бар. Ол, негiзiнен, әдебиеттiң, сынның өз мiндетi, мүддесiнен туындаса керек.

Әдебиет сынының негiзгi қызметi мен мiндетiн, белгiлi мөлшерде шарттылыққа барып, үш түрге жiктеуге болар едi: алдымен, сын әдебиеттiң мән-жайын, маңыз-мағынасын оқырман-жұртшылыққа түсiндiрiп, оны үгiттеп, насихаттау; екiншi, әдебиеттiң өсiп өркендеуiне әсер-ықпалын тигiзер кеңесшi, жанашыр қамқоры болу; үшiншi, суреткердiң өз еңбегiне "өзгенiң көзiмен қарап", iштей ширығып шыңдалуына септiгiн тигiзу.

Қазақ халқының кемеңгер ойшылы А.Байтұрсынов: "Сөз жазатын адам әрi жазушы, әрi сыншы боларға керек. Сөздiң шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлiгi керек; ұнамды, орынды, дәмдi болуына сыншылық керек; мағыналы, маңызды болуына бiлiм керек" деп жазған екен.

М.Әуезов 1928 жылы жазған өз өмiрбаянында: «Алғашқы жазуларым сырлы әдебиет бетiнде болмай, жалпы газет, журнал мақалаларынан басталды».-деп атап көрсетедi. Ол әдебиет сыны туралы арнайы жеке теориялық еңбек жазбағанымен, түрлi жиын мәжiлiстерде сөйлеген сөздерiнде, әдебиет пен өнердiң жай-жапсары жайлы жазылған мақала, зерттеулерiнде аракiдiк әдеби сынның мiндетi, ерекшелiктерi туралы өз ой-пiкiрлерiн ортаға салып отырған.

"Көркем әдебиет туралы" атты 1927 жылы "Екеу" деген бүркенiш атпен жазылған мақаласында бiзде сол кезеңде етек жайып қалыптаса бастаған сын мәдениетi төмен "ұр да жық, әпербақан" сыншыларға орыс әдебиетiндегi Г.Плеханов, Л.Троöкий, А.Воронскийлердiң сауатты, салауатты ой-пiкiрлерiн үдгi-өнеге ретiнде ұсынады: "Мiне, көргендi ел жазушыларына, ақындарына осылай қарайды екен, сыпайы келедi екен. Қаламынан пайда күтiп бағалайды екен, сонда барып әдебиет көркейедi деп шамалайды

М.Әуезов: «...Я признаю и оцениваю искренность стремлений указанных авторов учиться у Горького. Хотят этого и авторы, как хотят и их читатели. Но хотеть и мочь – это две разные дистанции. Досадно, но факт, что зачастую «хочется, да не можется» деп өткір сынға алады. Осы пленумдағы сөздерінде С.Мұқановтың «Сырдария» атты роман жазғандығын, алайда, оның роман деп қойған жанрдың көркемдік шарты мен талабына сай келмейтінін, көлемін көбейтіп күрделі шығармаға жетудің жөнсіздігін кәсіби сыншылдық талғаммен талдап береді. Романдағы көңіл толтырарлық тақырыптық, идеялық жетістіктеріне қоса кемшіліктер де орын алғанын: «...Да, в романе есть недостатки. На них правильно указывалось на страницах «Литературной газеты» и еще более правильно и разносторонне убедительно сказал т.Горбатов. Герой Муканова изображаются часто внешне, без внутренней мотивировки их поступков. В данном романе еще есть недоделки, в части композиционной, герои недостаточно показаны в самом трудовом процессе, где бы их формирование и становление было раскрыто полнее и убедительнее» деп, көркем шығармаға қойылар талап ең бірінші көркемдік, шеберлік екендігін, ал кейіпкер - адамның табиғатына тән ішкі ой-толғаныстары, сезімдік эмоциялық процестері мен жанды тіршілік иесі екендігін танытуы жөнінде ғылыми талдаулар жасайды .М.Әуезов өз сөзінде қазақ көркем прозасының кемелденуіне көмек берер әдеби сынының кәсібилігі, теориялық жағынан төмендігі, ойлы, орнықты сындардың жоқтығы осындай олқылықтарға алып келетініне көңіл бөледі. Қазақ өмірінің қалың оқиғаларын қамтитын бұл роман жөнінде сан түрлі көзқарастар мен пікірлер салмақтанғаны белгілі. «Сынның аты – шындықта, заты – сүйіспеншілік, айтылған достық сын жек көруден емес, сүйіспеншіліктен туады. Сын және өзара сын қоғамдық ой-сананың қозғаушы күші» екендігін кезінде Томас Манн айтқан. М.Әуезов осы ойды ұстанғаны мәлім.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. М. Әуезовтің шығармашылық өмірбаяны. ұжымдық монография.

А: «Evo Press» ЖШС баспасы. 2014

  1. https://abaialemi.kz/post/view?id=1613

  2. https://stud.kz/referat/show/3306


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет