Дайындаған: Жаңабаева Мәдина Нұржанатқызы



Дата06.01.2022
өлшемі2,89 Mb.
#13601

Дайындаған: Жаңабаева Мәдина Нұржанатқызы


Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі

Фрезалар

және олардың түрлері

Фрезалар былайша жіктеледі:

1. формасына байланысты: дискілі, цилиндрлі, конусты;

2. конструкциясына байланысты: құрамалы, бүтінді;

3. материалына байланысты: тезкескіш материалдан жасалған, қатты қорытпалы;

4. кесу жүзінің орналасуына байланысты: шеткі, түпбетті және шеткі түпбетті;

5. кесу бағытына байланысты: оңжақты кесу және солжақты кесу;

6. қолданылуына байланысты: конусты, бұрышты, шпондық, фасонды, модульды және т. б;

Фреза түрлері

  • Дисклі
  • Бүйірлік (торцевые)
  • Бұрышты
  • Фасонды
  • Цилиндрлі
  • Саусақты (концевые)
  • Бұрамдықты (червячные)

Дискілі жонғыштарды мына әрекеттерді жасағанда пайдаланады:
  • Дайындаманы кесу;
  • Саңылауларды тесу;
  • Үлкен дайындамалардың беттерін алу;

мұндай фрезалардың кесетін жиектері бір жағынан да, екі жағынан да орналасуы мүмкін.

Дискілі фрезалар

Бүйірлік фреза

Мұндай фреза бөлшектердің тегіс және сатылы беттерімен жұмыс істейді.

Жонғыштардағы тістердің саны көп болған сайын өңдеу жылдамдығы жоғарылап, және құрал жұмысының бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді.

Бұрыштық фрезалар

Мұндай жонғыштар көлбеу беттерді және бұрыштық саңылауларды өңдеу үшін қолданылады.

Оның кесу жиегі конус түрінде болады.


Фасонды фреза


Фасонды кескіштермен әдетте үлкен емес ұзындыққа ие фасонды беттерді жонады.

Цилиндрлік фрезалар


Цилиндрлік фрезалар тіктісті және бұрандалы болып келеді.

Тік тістері бар жонғыштармен шағын, енсіз жазық беттерді өңдейді.

Бұрандалы тістері бар фрезалар бірқалыпты жұмыс жасауына

байланысты өндірісте көп қолданысқа ие.


Саусақты Концевые


Саусақты жонғыштарды саңылауларды, контурлық кемерлерді, ойықтар жасау үшін қолданылады.
  • Кесу элементтері дәнекерленген және тұтас;
  • Ұштары конусты және цилиндрлі;
  • Ірі және ұсақ тісті болып келеді.

Бұрамдықты (Червячные)


Өңдеу дайындаманы аспаптармен нүктелі жанасу есебінен домалату әдісімен жүргізіледі.

Түрлері:
  • Тұтас немесе құрама;
  • Орам бағытына байланысты оң немесе сол жақты;
  • Көп жүрісті немесе біржүрісті;
  • Тістері ажарланған немесе ажарланбаған.

Назарларыңызға Рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет