Математиканы оқытуда дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі жҧлдызбай Мәдина Ержанқызы



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі400,23 Kb.
#10840

1391 

УДК 37.02 



МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ 

ӘДІСТЕМЕСІ 

 

Жҧлдызбай Мәдина Ержанқызы 

madoow@mail.ru 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің студенті, Астана, Қазақстан 

Ғылыми жетекшісі – ф.-м.ғ.к., профессор м.а. А.Байарыстанов 

 

Елбасы  Н.Назарбаев  «Болашақта  еңбек  етіп,  ӛмір  сүретіндер  –  бүгінгі  мектеп  оқушылары, 



мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе  Қазақстан  сол  деіңгейде  болады.  Сондықтан  ұстазға 

жүктелетін міндет ауыр» деген болатын [1]. Оқушы білімі – ұстаз еңбегінің ӛлшемі.  

       Осыған  байланысты,  мұғалімнің    негізгі  міндеті  –  білім  алушылардың  тұлғалық, 

жүйелік-әрекеттік және пәндік нәтижелерін стандарт талаптарына сәйкес қалыптастыру. 

Тұлғалық  нәтижелер  -  білім  алушының  тәрбиелілігі,  әлеуметтенуі,  рухани-адамгершілік, 

шығармашылық, және дене дамуы деңгейі.  

Жүйелік  –әрекеттік  нәтижелер  –  білім  алушының  пәндік  олимпиадалар,  таңдау  курстары, 

шығармашылық оқу жобалары, сондай-ақ зерттеу жұмыстарының басқа да түрлері бойынша 

қол жеткізген жетістіктері.  

Пәндік  нәтижелер-  білім  алушылардың  білімнің  базалық  мазмұнын  меңгеруі  барысында 

білімдік және іс-әрекеттік дайындығы [2]. 

"Бір  сарынды  және  бір  бағытта  ұзақ  жүргізілген  іс-әрекет  оқушы  ӛміріне  шексіз  зиянын 

тигізеді. Сондықтан сыныптарда оқыту барысында әртүрлі оқыту әдістері  мен формаларын 

алмастыра отырып қолдану керек " - дейді К.У.Ушинский [5]. 

Оқыту-  тәрбие  жұмысының  негізгі  саласы  -  сабақ.  Оқушының  білімі,  ӛмірлік  дағдылары, 

функционалдық  сауаттылығы  сабақ  үстінде  қалыптасады.  Әр  сабақты  әр  оқушының  ойына 

ұялата түсіндіру мұғалімнен әдістемелік шеберлікті талап етеді. Сабақтың тартымды, сапалы 

болуы  кӛбіне  оқушының  қызығушылығына  байланысты.  Сабақтар  тартымды,  қызықты 

ұйымдастырылуы керек, бұл бағытта  ойын элементтерін қолданудың рӛлі ерекше.  

В.А. Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы мүмкін емес. Ойын дегеніміз-

ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - деген [5]. 

        Ойын  теориясы  мен  практикасын  отандық  және  шетелдік  педагогтер, 

психологтар,  социологтар  зерттеуде.  Мысалы:  Иохан  Хейзинганың  «Ойыншы  адам»,  Д.Б. 

Элькониннің  «Ойын  психологиясы»,  Эрик  Берннің  «Адамдар  ойнайтын  ойындар»  атты 

еңбектері    жазылды.  Ойын  теориясын  зерттеуші  ресейлік  ғалымдар:  А.В.  Вербицкий,  Т.В. 

Кудрявцев, И.П. Пидкасистый;  қазақстандық ғалымдар:  Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров т.б., 

сонымен  қатар,  ойын  мәселесімен  шұғылданған  кӛрнекті  ғалымдар:  P.M.  Жуковская,  Д.В. 

Менджерицкая, Т.А. Маркова,  Н.Я. Михайленка т.б. 

Кӛрнекті нидерланд оқымыстысы Иохан Хейзинганың «Ойыншы адам» деген дүние жүзіне 

кең  тараған  еңбегінде:  «Ойын  адамзат  әрекетінің  жан-жақты  қамтылған  әдісі,  адамзат 

тіршілігінің  әмбебап  категориясы»,  «Ойын  ӛмір  сүру  тәсілі  емес,  бірақ  адам  әрекетінің 

құрамды негізі», және «Ақылды адам дегеніміз ең әуелі ойнайтын адам» деген [6]. 

Ойын  - оқушының жеке басын дамытуда қоғамдық  мәні  бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы, 

қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағынан, екіншіден 

-  оқушының  танымдық,  шығармашылық,  жеке  бас  қасиеттерін,  ақыл-ой  сапаларын 

жетілдіретін  тәрбие  және  оқыту  құралы  ретінде  түсіндіріледі.  Ойын  баланың  сабаққа 

ынтасын  аударуға,  кӛңіл  қойғызуға,  қабылдауын  жеңілдетуге,  білімді  толық  игеруіне 

кӛмектеседі.  

Математика  сабағындағы  ойындық  әрекет  кӛпмақсатты.  Ол  дәстүрлі  сабақтағы  оқушылар 

жұмысының  логикалық  жалғасы  болып  табылады,  оқушылардың  шығармашылық 

белсенділігінің  дамуына  барынша  ықпал  ете  отырып,  елеулі  деңгейде  сабақтың  кейбір 

кемшіліктерінің орнын толтырады. Бұл әрекеттегі жағымды тұстар: 



1392 

-  ойында  «нашарлар»  болмайды,  кейде  «нашарлар»  мен  «қиындар»  топта  немесе  жеке 

жұмыста кейбір үздіктерден жақсы жұмыс жасайды

- ойындар «байыпты» оқытумен жақсы үйлеседі; 

- сабаққа ойын сәттерін енгізу оқыту үдерісін қызықты және әсерлі етеді.               

-  оқушылардың  бойында  жұмыстық  кӛңіл-күй  тудырып,  оқу  материалын  игерудегі 

қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды. 

Жалпы  сабақта  қолданылатын  ойын  түрлері  сан  алуан,  солардың  ішінде  дидактикалық 

ойындардың маңызы зор.  

Дидактикалық ойын – білім беру мен тәрбиелеудің білімділік, дамытушылық және тәрбиелік 

функциялары  органикалық  бірлікте    әрекет  ететін  заманауи  әдіс,  ол  арнайы  мақсатты 

кӛздейді және нақты міндеттерді шешеді. 

Дидактикалық ойындардың негізгі мақсаты: 

1) оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру; 

2) математиканың жетістіктерін насихаттау; 

3) математикаға анағұрлым қабілетті оқушыларды анықтау және оларды қолдау; 

4) математика сабағында оқушылардың танымдық қызметін белсендіру. 

Дидактикалық  ойындар  оқушыларды  ӛз  бетінше  жұмыс  істеуге  дағдыландырады,  олардың 

ойлау  қабілеттерін,  ізденімпаздығын  арттырады,  сӛз  қорларын  молайтуға  кӛмектеседі.  Әрі 

пәнге 


деген 

қызығушылығын 

арттырып, 

белсенділік 

танытып, 

бағдарламалық 

материалдарды қажетті деңгейде  меңгеруге ықпал етеді. 

Әрбір мұғалім сабақ үдерісінде қандай дидактикалық ойын қолданылатынын  күні  бұрын 

сабақтың  мазмұны  мен  мақсатына  сай  лайықтап  алғаны  жӛн.  Педагогтердің  ойындағы 

рӛлі  ӛте  маңызды,  ол  ойынды  ұйымдастырушы,  педагогикалық  басшылық  жасаушы, 

ойынның ақыл-кеңесшісі, әділ тӛреші, сонымен бірге балалардың жолдасы.  

Оқытудың  ойын  формасын  қолдануда  екі  жақты  дидактика  байқалады:  біріншіден,  ойнау 

үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, адамның ойнай отырып, ӛзіндік білім алуы, ӛмір 

тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.  

Дидактикалық  математикалық  ойындарды  қолдану  сабақтың  әсерлілігін  арттырып, 

оқушылардың  осы  пәнге  деген  ынтасын  дамытады.  Бұл  ойындар  жаңа  сабақ  үдерісінде 

ӛткенді қайталау, білімді тиянақтау кезінде қажетті сабақ мазмұнына орай пайдаланылады. 

Дидактикалық  ойынның  маңызды  ерекшеліктерінің  бірі-  оның  тұрақты  құрылымы  бар. 

Дидактикалық ойынның негізгі құрылымдық құрауыштары 1 суретте кӛрсетілген. 

   


 

Дидактикалық  

ойынның  

негізгі  

қҧрылымдық  

қҧрауыштары 

мақсаты  

міндеті 

ережесі 


ойын әрекеттері 

танымдық мазмұны 

құрал-жабдықтары 

ойын нәтижесі 



1 сурет 

  

Дидактикалық ойынның барлық құрылымдық элементтері ӛзара байланыста. Дидактикалық 



ойынды қамтитын сабаққа дайындық кезінде  ойын барысының қысқаша сипаттамасын құру 

қажет:  ойын  уақытын  кӛрсету,  оқушылардың  білім  деңгейлерін  және    жас  ерекшеліктерні 

ескеру, пәнаралық байланысты жүзеге асыру.  

Ойынның  барлық  элементтерінің  үйлестірілуі,  олардың  ӛзара  әрекеттесуі  ойынның 

реттілігін, оның тиімділігін арттырып, нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Ойын  мазмұнының  математикалық  жағы  үнемі  бірінші  кезекте  болуы  тиіс.  Тек  сонда  ғана 

ойын оқушылардың математикалық дамуындағы және олардың пәнге деген қызығушылығын 

дамытудағы ӛз рӛлін орындайды. 



1393 

Математикалық  мазмұнды  дидактикалық  ойындарды  ұйымдастыруда  әдістеменің  келесі 

мәселелерін толық ойластыру керек: 

-

 



Ойын мақсаты. Оқушы ойын үрдісінде математика саласындағы қандай біліктер мен 

дағдыларды меңгеруі керек? Ойынның қай кезеңіне ерекше мән беру керек? Ойынды ӛткізу 

барысында  тағы қандай мақсаттар кӛзделеді? 

-

 



Қатысушылар  саны.  Әр  ойын  белгілі  бір  қатысушылар  санын  қажет  етеді.  Бұны 

ұйымдастыру барысында ескеру керек. 

-

 

Ойын үшін қандай дидактикалық материалдар мен құралдар қажет? 



-

 

Оқушыларды ойын ережесімен аз уақыт жұмсап, қалай таныстыруға болады? 



-

 

Ойын  қанша  уақытқа  есептелген?  Ол  қызықты,  тартымды  бола  ма?  Оқушылар  оған 

тағы бір айналып соғуға ықыласты ма? 

-

 



Ойынға оқушылардың барлығының қатысуын қалай қамтамасыз етуге болады? 

-

 



Оқушылардың барлығының жұмысқа қамтылғанын бақылауды қалай ұйымдастыруға 

болады? 


-

 

Оқушылардың  қызығушылығы  мен  белсенділігін  арттыру  үшін  ойынға  қандай 



өзгерістерді енгізуге болады? 

-

 



Ойынды  қорытындылау  (ойынның  сәтті  кезеңдері,  кемшіліктер,  математикалық 

білімді  меңгеру  нәтижесі,  ойынның  жеке  қатысушыларын  бағалау,  тәртіпті  бұзу  бойынша 

ескертулер, т.с.с.). 

Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру барысында келесі ережелерді сақтау керек

-

 



Ойын  ережесі  қарапайым,  нақты,  қисынды  мазмұндалған  болуы  тиіс,  ал  ұсынылып 

отырған  материалдың  математикалық  мазмұны  –оқушының  түсінігіне  сай.  Олай  болмаған 

жағдайда, ойын қызығушылық тудырмайды әрі формальды ӛтеді; 

-

 



Ойын  ойлау  әрекеті  үшін  жеткілікті  себеп  беруі  тиіс,  олай  болмаған  жағдайда,  ол 

педагогикалық  мақсаттардың  орындалуына  ықпал  жасап,  математикалық  сұңғылалық  пен 

зейінді дамыта алмайды;   

-

 



Ойын  барысында  қолданылатын  дидактикалық  материалдар  қолдануға  ыңғайлы 

болуы тиіс, олай болмаған жағдайда ойын қажетті нәтижені бермейді; 

-

 

Топтардың жарысуымен байланысты ойындарды ӛткізу барысында, барлық оқушылар 



ұжымының  немесе  сайланған  тұлғалар  тарапынан  оның  нәтижелерін  бақылау  қамтамасыз 

етілуі тиіс. Жарыс нәтижесінің есебі ашық, айқын және әділетті болуы тиіс

-

 

Әр оқушы ойынның белсенді қатысушысы болуы тиіс. Ойынға қатысу үшін ӛз кезегін 



ұзақ күтіп тұру баланың бұл ойынға деген қызығушылығын тӛмендетеді; 

-

 



Егер  сабақта  бірнеше  ойын  жүргізілетін  болса,  математикалық  мазмұны  бойынша 

жеңіл және күрделірек ойындар алмасып тұруы керек; 

-

 

Егер  бірнеше  сабақта  ұқсас  ойлау  әрекеттерімен  байланысты  ойындар  жүргізілетін 



болса,  онда  математикалық  мазмұны  бойынша  қарапайымнан  күрделігіне,  нақтыдан 

абстрактіге принципін қанағаттандыруы тиіс; 

-

 

Математика сабақтарын ойын түрінде жүргізгенде белгілі бір ӛлшем болуы тиіс. Бұл 



шамадан асып кеткенде, балалар бұдан тек ойынды ғана кӛретін болады; 

-

 



Ойын  барысында  оқушылар  ӛз  пікірлерін,  пайымдауларын  математикалық  тұрғыдан 

сауатты жеткізе білулері тиіс, олардың сӛздері нақты, қисынды, қысқаша болуы тиіс; 

-

 

Ойынды  осы  сабақта  аяқтап,  қорытындалау  керек.  Тек  осы  жағдайларда  ғана  ол  оң 



нәтижеге ие болады. 

Оқушылардың  математика  сабағына  қызығушылығын  арттырып,  белсенді    жұмыс  істеуін, 

тез ойлау қабілетін арттыруда дидактикалық ойындар, логикалық ойындар, қазақтың ұлттық 

ойындарының  орны  ерекше.  Математиканың  сан  алуан  сырын,  сандар  әлемінің  қызық 

құбылысын ойын элементтерімен ӛрнектеген сабақ қызықты әрі ұтымды сабақ болмақ.                    

Бірнеше дидактикалық ойындарға мысал келтірейік. 

Кейбір  тригонометриялық  функциялардың  мәндерін  есте  сақтау  біліктілігін 

қалыптастыру ойыны. 


1394 

Ойын  жүргізуші  бір  оқушыны  ортаға  шақырады.  Оған  кӛрсетпей,  у=  sinx,  у=  cosx,  у=  tgx 

немесе  у=  ctgx  деген  жазулары  бар  карточкалардың  бірін  оның  арқасына  жапсырып  қояды 

да,  одан  қалған  оқушылардың  жауабы  «иә»  немесе  «жоқ»  болып  келетіндей  үш  сұрақ  қою 

арқылы,  жасырын  функцияның  атын  табуды  сұрайды.  Ол  қойылған  сұрақтар  мен  алынған 

жауаптар  қисынын  негізге  алып,  жасырылған  функцияның  атауын  табуы  тиіс.  Мысалы,  у= 

ctgx  функциясы  жасырылған  делік,  сонда  ойыншы  тӛмендегі  тиімді  сұрақтарды  қойып, 

берілген жауаптарға байланысты қисынды ойлап, жеңіске жетеді.  



1.

 

Сұрақ: «Бұл функция 0

0

 –та 0-ге тең бе?» 



Жауабы: «жоқ». (Логика: синус емес, тангенс емес) 

2.

 

Сұрақ: «Бұл функция 60

0

-та 



1

2

–ге тең бе?» 



Жауабы: «жоқ» (Логика: бұл косинус емес, ендеше бұл котангенс) 

3.

 

Сұрақ: «Бұл функция котангенс пе 

Жауабы: «иә» 

Математикалық сайыс ойыны «Джерридің математикалық жарысы».  

Сандардың орналасу заңдылығын тауып, кестені жалғастыр. 

 





11 

23 


 

 



Ұлттық  ойындарды  математика  теоремаларын  оқушылардың  ауызша  жеткізу 

сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға мысал келтірейік. 

«Егер, онда» ойыны негізінде жаңылтпаш жарыс ойыны. Ойын әуелі жай басталып, біртіндеп 

жаңылтпаш жылдамдығындай тез айтуға кӛшеді. 



Мысалы,  бірінші  оқушы:  егер  жазықтыққа  түсірілген  кӛлбеудің  табаны  арқылы  жүргізілген 

түзу кӛлбеуге перпендикуляр болса? 



Екінші оқушы: онда ол кӛлбеудің проекциясына да перпендикуляр болады. 

Бірінші  оқушы:  егер  жазықтыққа  түсірілген  кӛлбеудің  табаны  арқылы  жүргізілген  түзу 

кӛлбеудің проекциясына перпендикуляр болса? 



Екінші оқушы: онда ол кӛлбеудің ӛзіне де перпендикуляр болады. 

Қорыта  айтқанда, дидактикалық ойындарды математика сабақтарында пайдалану сабақтың 

түрлері  мен  әдістерін  жетілдіру  жолындағы  ізденістердің  маңызды  бір  бӛлігі.  Оны  оқу 

үрдісін  пысықтау,  жаңа  сабақты  қорытындылау  кезеңдерінде,    қайталау  сабақтарында 

пайдалануға  болады.  Ойын  материалдары  сабақтың  тақырыбы  мен  мазмұнына  неғұрлым 

сәйкес  алынса,  оның  танымдық  -тәрбиелік  маңызы  да  арта  түседі.  Оны  тиімді  пайдалану 

сабақтың  әсерлігін,  танымдылығын  күшейтеді,  оқушылардың  сабаққа  ынтасы  мен 

қызығушылығы  артады.  Тиімді  қолданылған  ойын  түрлері  мұғалімнің  түсіндіріп  отырған 

материалын, оқушылардың зор ынтасымен тыңдап, берік меңгеруіне кӛмектеседі.  

Сонымен, дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен 

міндетін,  мақсатын  дәл  анықтауға,  оны  қолданудың  теориясы  мен  практикасын  мұғалімнің 

жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап 

алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.  

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

1.

 



Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан  -  2030.  Барлық  қазақстандықтардың  ӛсіп-ӛркендеуі, 

қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының  артуы//  Қазақстан.  Ұлттық  энциклопедия.  Т.10.-    Астана, 



2007 

54 


91 

47 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет