Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Мухайриқ Ислам әскері сапында



Pdf көрінісі
бет226/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   377
Мухайриқ Ислам әскері сапында 

Мухайриқ яһудилердің атақты ғалымы  еді... Мәдинада байлығымен де 

аты шыққан. 

Аллаһ  Елшісін  өздерінің  қасиетті  кітаптарындағы  сипаттары  бойынша 

танитын.  Бірақ  қауымынан  тартынып  әрі  ата  дінінің  әсерінен  айыға 

алмағандықтан  білгендерін  ашық  айтпайтын...  Осылайша  Ухуд  согысына 

дейін жасырын жүрді... 

Пайғамбарымыз  әскерлерімен  Ухуд  соғысына  шыққан  тұста  шыдамы 

таусылған ол: 

"Уа, яһуди жамағаты! Уаллаһи, сендер Мұхаммедтің пайғамбар екенін, 

Оған көмектесуге міндетті, жауапты екендіктеріңді жақсы білесіңдер",-деді. 

Яһудилер:  "Бүгін  сенбі,  басы  артық  ештеңеге  алаңдай  алмаймыз",-деп 

жауап берді. 

Олардан  ізгілік  шықпасына  көзі  жеткен  Мухайриқ  қылышы  мен 

азығын алып туысқандарының біреуіне: 

"Егер  алда-жалда  бүгін  өле  кетсем,  мал-мүлкімнің  бәрі  Мұхаммедтікі. 

Не істеймін десе өз еркі",-деп өсиет етіп, Ислам әскері қатарына қосылады. 

Шейіт болғанша ол мүшріктермен қырқысады. 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) ол туралы: "Мухайриқ -яһудилердің 

қайырлысы",- деген. 

Мухайриқтың  өсиеті  бойынша  шейіт  түскен  соң  Пайғамбарымызға 

оның Бисаб, Сафиа, Дәлал, Хусна, Ауаф, Бурқа және Мәшраба аталатын жеті 

бақшасы беріледі. 

Мухайриқтың мал-мүлкі түгелдей ортақ қорға аударылды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет