«Дарабоз» интеллектуалды ойын Мақсаты



Дата11.12.2023
өлшемі17,55 Kb.
#137328

«Дарабоз» интеллектуалды ойын
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ұлы Абай атамыздың «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескере жақсы-жаманды таниды. Сондайдан білгені, көргені, тоқығаны көп болған адам білімді болады»- деген нақыл сөзін ескере отырып, бүгінгі ойынымызды бастайық.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңыздар.
Ойынға 3 топ қатысады. Ойын айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.
І айналым. Лездеме ойыны. Тез жауап бер.
1. Жиегі көгерген кілем қайдан көрінген? Көкжиектен
2. Нені қазып қала болған? Жезқазған
3. Екі сөз бірігіп қалайша сайрайды? Бұлбұлша.
4. Екі қазанның бірі сатылып кетсе, неше қазан қалады? Бірқазан
5. Баққаным әрі құс, әрі түйе. Түйеқұс
6. Суы да ала, тауы да ала,
Бар ма екен осыны білетін бала? Алатау, Алакөл.
ІІ айналым «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
1 топ
1. Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2. Бірін - бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос - жаран. (әріп – буква)
3. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
2 топ
1. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
2. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)
3. Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар. (тасбақа - черепаха - tortoise)
3 топ
1. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)
2. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)
3. Әдемі түнде,
Мен жүрсем, жүреді бірге. (ай - луна - moon)
ІІІ айналым. «ТІЛ – ӨНЕР» Мақалды жалғастыру, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
І топ:
1. Ең тәтті де,................. (ең ащы да тіл)
2. Оқу – білім бұлағы, ..........(білім өмір шырағы)
3. Жүз сом ақшаң болғанша,........ (жүз досың болсын)
4. Білім таппай мақтанба........... (өнер таппай баптанба)
ІІ топ:

  1. Тіл қылыштан .......... ( да өткір)

  2. Отан............. (оттан да ыстық)

  3. Шебердің қолы ортақ..... (шешеннің сөзі ортақ)

  4. Отансыз адам......... (ормансыз бұлбұл)

ІІІ топ:

  1. Ер жігіт елі үшін туады..... (елі үшін болады)

  2. Мектеп кеме........... (білім – кеме)

  3. Жақсы жолдас – жанға серік, .......жаман жолдас малға серік)

  4. Өнер алды - .(қызыл тіл)

ҚОРЫТЫНДЫ


Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасында! (Жеңімпаздарды марапаттау).
Құрметті оқушылар! Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңілістер қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңізге тілектеспін! Білімдеріңізді жетілдіріп, биік белестерден көріне беріңіздер!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет