Құс баптауға қажетті жабдықтар



Дата03.12.2023
өлшемі18,15 Kb.
#133467

1203- нұсқа 2-мәтін Құс баптауға қажетті жабдықтар
1.Құмай жүгіртіп, құс салу - ата-бабамыздан аманат болып қалған асыл өнер. Аушы құстарды баулитын қазақ құсбегілері оған қажетті жабдықтарды да өздері дайындап алған. Дана бабаларымыз ұрпағына құс баптаудың қыр-сырымен бірге оған қажетті құрал-жабдықтарды жасауды да үйретіп отырған. 2.Шырға - құсты қолға, аңға түсуге баулығанға қолданылатын аңның жасанды бейнесі. Шырға сөзі «айла, шырғалау, айласын асырып алдау» деген мағына береді. Оның тұлып, кеп, шырға, далбай деген бір-біріне ұқсас түрлері бар. Қүстың қанаты, түлкі құйрығы, қоян терісі сияқты кептірген заттарды бұлғақтатып сүйреп, тәжірибесіз жас балапанға алдыратын түрі «далбай» аталады. Ал құс пен түлкі, қоян тәрізді аңның терілерін бітеу сойып, ішіне шөп, сабан тыққан түрін «кеп» дейді. Кең таралған түрі — ішіне жұмсақ жүн, шөп кептеп, бас бейнесіне түлкі, қасқыр, қарсақтың біреуінің құлағын салып, түлкінің құйрығын тағып, түлкіге ұқсатып жасағаны - «шырға». Шырғаның тұмсығынан бүлдірге шығарып, оған жіңішке шыжым бау тағып, атпен немесе жаяулап та іркіп тартып сүйретеді, яғни «шырға тартады». Оны көріп қызыққан құс келіп түскенде, құстың аяғына түсірмей, жіпті оңды-солды тартып, бұлталақтатып, сілкіп тартып әрекет етеді. Оны ұстауға әдіс іздеген балапан құс аң аулауға машықтанады. ¥стап бас салған кезде кұсқа иесі аздап жасырын жем алып, сол шырғаның еті тәрізді етіп, үстінен жұлғызып жегізеді. Уақыт өте келе тірі құсқа, қоянға, аузы байланған, аяғы шідерленген жыртқышқа түсіріп баулыйды. Шырғаның бұл түрі «тірі» аталады. 3.Құсты шырғалап қолға түсіру үшін де «тірі» пайдаланады. Оған кез келген құс - тазқара, тоғысай, сауысқан кейде қоян да байланады. Құрылған торға жоғарыдан жемге шүйліккен құс келіп түседі. Шырғаны шыжым бауға орап, ердің қанжығасына байлап алып жүреді. Сондай-ақ адасып, айырылып қалған құсты қайтару үшін де шырға сүйретіп іздейді.
3.Шырғаны алған құсқа иесінің жасырын ет беруі A. Құсты ширату B. Аң түрлерін сездіру C. Аң аулауға бейімдеу D. Құсқа ет жегізіп үйрету E. Құсты тамақтандыру
4.Тәжірибелі құсты салатын шырғаның түрі A. «Тор» B. «Шырға» C. «Тірі» D. «Далбай» E. «Тұлып» 5.Шырға» сөзінің мағынасы A. Алдыру B. Үйрету C. Салғызу D. Жасау E. Алдау 6.Үшінші бөлімдегі іс-әрекет A. Құсты «тіріден» адастыру жолы B. Құстың ептілігін анықтау жолы C. Құсты қайтарудың жолы D. Құсқа жемтік іздетіп үйрету жолы E. Құсты аңға салуды үйретудің жолы
Анар мен Мұнар Ерте-ерте ертеде сыңсыған сақ елінде Анар мен Мұнар атты екі ақылды бала болыпты. Анар батыр бала болып өсіпті. Бес жасында атқа секіріп мініп, шаба жөнеледі екен. Астындағы Көктөбел аты жер апшысын қуырьтп жүйткігенде, тұлпарда екі қанат пайда болып, жер бетінде алып құс болып ұшады екен. ¥шып келе жатқан Көктөбел атты көргенде жаулары тығыларға жер таппай қалады екен. Ал Мұнар өнерлі бала болыпты. Домбыра тартып, елдің рухын көтеріпті. Қариялардан естіген өсиет сөздерді үскімен тасқа қашап жазады екен. Бір күні Мұнар кішкене үш баланы ізіне ертіп тастарға қашап жазылған өсиет сөздерді оқу үшін тауға қарай бет алады. Ауыл балалары өсиет сөздерді, батырлық дастандарды, сақ халқының тарихы мен шежірелері жазылған тас кітаптарды тауға барып оқып қайтатын. Кейбір тастарда әртүрлі аңдардың - таутекенің, арқардың, қасқыр мен жылқының суреттері қашап салынатын. Кейбір шежірелер мен өсиет сөздер, жырлар жазылған тастарды арбаға салып ауыл ортасына әкеліп қоятын. Мұнар екі баланы ертіп тауға жақындағанда, түйеқұс мінген екі адамды көреді. Олардың қолдарында балталары бар. Өсиет сөздер жазылған тас кітаптардың бірін қолындағы балтамен қашап, жазуларды өшіріп жатыр екен. -Не істеп жатырсыңдар?! - деп айқайлайды Мұнар. -Тасқа қашап жазылған сөздерді өшіріп жатырмыз, - дейді біреуі. Мұнар ашуланып: -Қане, тез кетіңдер, тасқа қашап жазылған кітаптарды өшіруге кім рұқсат берді? - дейді. Сонда әлгі екі адамның біреуі былай дейді: -Бізге осылай тапсырма берілді. Тас кітаптардағы жазуларды өшіру арқылы сақтардың білімге деген құштарлығын тоқтатуымыз керек. Мұны естіген Мұнар тастағы жазуларды өшіріп жатқан екі адамға шабуыл жасады. Қара қалпақ киген біріншісін бас салғанда, түйеқұс Мұнардың желкесінен тістеп лақтырып жібереді. Түйеқұс Мұнардың жанындағы екі баланы да тістеп он қадамдай жерге ұшырып жібереді. Мұнар өзінің жанына жүретін қара домбырасын алып күмбірлетіп күй тартқанда, Анар ұшатын Көктөбел атымен жетіп келеді. Көктөбел ат түйеқұсты теуіп құлатады. Мұны көрген екі адам тауды бетке алып қаша жөнеледі. Анар қуып жетіп, екеуінің қол-аяғын байлап зынданға тастайды. Ата-бабаларымыз жазып қалдырған өсиет сөздерімізді құрту үшін келген адамдар - біздің жауларымыз. Сендер енді теріс қылықтарың үшін жауап бересіңдер!..» -дейді. 7.Мәтіндегі негізгі ой A. Ата-бабамыздың асыл мұрасын сақтап, ұрпаққа жеткізу. B. Жас ұрпаққа кәсіптік бағдар (суретші, шебер) беру. C. Ежелгі тас жазуларындағы жәдігерлерді зерттеу. D. Ата-бабаларымыздың тасқа жазып қалдырған өсиетін оқу. E. Ежелгі сақ дәуіріндегі балалардың өнерлерін дәріптеу. 8.Анардың мінген атының сипаты A. Жорға B. Шабан C. Тұлпар D. Жүйрік E. Самұрық 9.Мұнарға қатысты нұсқа A. Жауыздарды ұстап зынданға тастайды. B. Бес жасында атқа мініп шабады. C. Ұшатын Көктөбел аты болады. D. Алып батыр бала болып өседі. E. Өсиет сөздерді тасқа қашап жазады. 10.Анардың досының қасынан табылуына себеп болған A. Көктөбел ат B. Мұнардың шабуылы C. Екі бала D. Ауыл балалары E. Қара домбыра 11.Мәтінде әңгіме болатын ел A. Парсылар B. Сақтар C. Қаңлылар D. Үйсіндер E. Ноғайлылар 12.Өнерлі баланың құралы A. Үскі B. Арба C. Балта D. Қалам E. Кітап

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет