Дебат туралы ескі видео көрсетіледі экраннан



Дата06.10.2023
өлшемі18,7 Kb.
#112968

Ашылу салтанаты 2023-2024 ж
“Дебат туралы ескі видео көрсетіледі экраннан”
Фанфара: Ортағы екі жүргізуші шығады
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермен! Бүгінгі “Оратор” интеллектуалды пікірсайыс клубының ашылу салтанатында көргенімізге қуаныштымыз!
2-жүргізуші: Ендеше, “Оратор” интеллектуалды пікірсайыс клубының кезекті 2023-2024 жылғы ашылу салтанатын ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші: Пікірсайыс деген не кім айтқысы келеді? (аудиторияны қозғалтып бастау, 6-7 адамнан опрос айтқанын күту)
2-жүргізуші: Барлық жауап дұрыс. Пікірсайыс – сахна алдында өзіңді еркін ұстау, сөзді дұрыс саптап сенімділікте болу, ораторлық қасиетті арттыру. Онымен қоса біліміңді жан-жақты шыңдау. “Оратор” интеллектуалды дебат клубы 2004 жылы іргесі қаланған. Ең алғашқы президент Батырлан Аубакиров. 19 жылдық тарихы бар клубымыздың ерекшелігі – жетер шыңымыздан да жоғары болу. Біз оны “дәстүр” деп атаймыз. Ал Оратор дәстүрден де жоғары.
1-жүргізуші: “Оратор” интеллектуалды пікірсайыс клубының дебатын майын ішіп, жілігін шаққан біздің түлектерімізге алғашқы сөз кезегін береміз! Ортаға : Республикалық деңгейдегі чемпиондарыиыз (осы осы осы АБ шақырамыз)
(сөз сөйлейді 15 мин аспау керек)

Аға буындарымызға шексіз алғысымызды айта отыра, ортаға клуб президенті Гүлбану Алпамысованы шақырамыз. (администрация өкілдерін айтып, алғыс сөз айтады) (Гүлбану әпке сөйлеп болғаннан кейін видео көрсетіледі администрация в целом Оратор туралы)


2-жүргізуші: Дебатты сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Сондықтан көзбен көріп, құлақпен естіген мың есе артық. Ортаға нағыз дебаттың өкілдерін ортаға шақырамыз. Бірақ ең алдымен осы аудиторияда келіп отырған болашақ пікірсайысшылардың арасында төреші болғысы келетіндер бар ма? (қолын көтереді) Кім мына үш сұраққа дұрыс жауап береді:

  1. Абылай ханның атының қанша тісі болған? (осы кезде фоновой звук керек что бы атмосфера болатын)

  2. Мені ешкім түсінбейді, неге? (cебебі ол ешкі ғой)

  3. Аяқкіим жөндеушілердің ең жақсы көретін клиенті?(Қырықаяқ)

ЛД:
Л-
Д-
Тақырып:

1-жүргізуші: Дебатты тамашалап болсақ бірге ойын ойнайық. Суретке қарап мақал табу керек.
Ғылым – теңіз, білім – қайық. қайық суреті: 2 тыс изображений найдено в Яндекс Картинках (yandex.kz)
https://yandex.kz/images/search?text=%D1%82%D0%B5%D2%A3%D1%96%D0%B7+%D1%81%D1%83%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%96&img_url=https%3A%2F%2Fimg.tourister.ru%2Ffiles%2F2%2F2%2F9%2F3%2F9%2F8%2F2%2F2%2Foriginal.jpg&pos=1&rpt=simage&stype=image&lr=163&parent-reqid=1694715740241170-14070158520488561993-balancer-l7leveler-kubr-yp-sas-113-BAL-641&source=ser
Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл
Кедейлік кетсін десең,еңбек ет
Отбасы оттан да ыстық

2-жүргізуші: Конкурс нәтижесіне де келіп жеттік. Қазір біз конкурс нәтижелерін рандомайзер арқылы таңдайтын боламыз. Ал бастайық!
Ұтып алған адамның аты-жөнін сұрап, таныстырып, неге Ораторға келгенін сұрау.
2-жүргізуші: Оратор аға буындарымен көркем. Сондықтан аға буындарымызға сөз кезегін берсек. / Немесе осы жерде Беш патида болған видеоны жібереміз трогательный момент болу керек. (осы кезде поколениелерден 3-4 адам шығып бәрін жылататын сөз айту керек)
1-жүргізуші: Студенттерге орта қаншалықты маңызды? Біреуі дамығысы келеді, біреуі білім алғысы келеді. Осының бәрін қамтитын отбасы мен достар сыйлайтын, білімдеріңізді арттыратын дұрыс орта ол Оратор интеллектуалды дебат клубы. Дұрыс ортада дұрыс даму өмірлік ұстанымдарыңыз болсын. Сол атмосфераны сездіру мақсатында видеороликке назар аударсақ.
1-жүргізуші: Біздің салтантты бағдарламамыз өз мәресіне жетті. Сіздер алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғыс білдіреміз! Ендеше пиццадан дәм татып, келесі кезектегі отырысқа барлықтарыңызды күтеміз! Сау саламатта демейміз тек көріскенше! Оратор дәстүрден де жоғары!
Бітті

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет