Тақырып Таксономиясы:
Деңгейі
|
Мағынасы
|
Мысал: «Фейсбук әлеуметтік желісі» туралы берілетін тақырыптар (тапсырмалар)
|
Берілген тақырып бойынша қарастырылуға тиіс ақпарат
|
1.Білім
|
Еске түсіру, әңгімелеу
|
Фейсбук әлеуметтік желісінің қалыптасу тарихы
|
Қалыптасу кезеңі, пайда болуына ықпал еткен жағдайларды сипаттау талап етіледі.
|
2.Түсіну
|
Түсінгенін өз сөзімен жеткізу
|
Фейсбук әлеуметтік желісінің адамдардың қарым-қатынасына тигізген әсері
|
Себебі мен салдарын қалай түсінетіндігі жөнінде жазу қажет.
|
3.Қолдану
|
Білгенін қолдана алу
|
Фейсбук әлеуметтік желісінің жұмысы
|
Оның іс жүзінде қалай жүзеге асатындығы жөнінде білетіндін көрсетуі керек.
|
4.Талдау
|
Ақпараттарды ажарата алу, саралау
|
Фейсбук әлеуметтік желісі пайда болғаннан кейінгі адамдардың қарым-қатынас жасауындағы өзгерістер
|
Салыстырулар жасалып, толығырақ зерттеу жүргізілуі қажет.
|
5.Жинақтау
|
Бөлшектерді белгілі бір мағына беру үшін біріктіру
|
Қарым-қатынас жасаудың жаңа әдісін қалыптастыру үшін Фейсбук әлеуметтік желісін қалай қолдануға болады?
|
Түрлі идеялар мен пікірлерді қарастыру арқылы жаңа идея ұсынуға тиіс.
|
6.Бағалау
|
Шешімге келу, қажеттілігін анықтау
|
Фейсбук әлеуметтік желісінің қоғамдық қарым-қатынастағы орны
|
Қарама-қайшылықтар мен қарсы пікірлерге тоқталу, маңыздылығы бар не жоқ екендігі жөнінде шешімге келу.
|
Тақырып таңдау үшін мысал:
Зерттеу жұмысын бастамас бұрын тақырыптың қай бағыты қызықты екенін айқындап алу керек. Мысалы, «Интернеттің адамдардың қарым-қатынасына тигізетін әсері» деген тақырыпты қарастыралық. Бұл жақсы тақырып, дегенмен тақырып әлі ауқымды. Бұл тақырыпты ықшамдаудың бірден-бір жолы – негізгі сөздерді анықтап алып, оларға қатысты кілт сөздердің тізімдерін жасап шығу. Мәселен:
Қарым-қатынас – бетпе-бет немесе онлайн сөйлесу, әлеуметтік желілердегі достық қатынас.
Интернет – онлайн ойындар, әлеуметтік желілер, ақпараттарға қол жеткізу.
Адамдар – балалар, жасөспірімдер, студенттер, жастар, ересектер, интернетте бес сағаттан артық уақытын өткізетіндер.
Кілт сөздердің тізімін жасап шығу аталған тақырыпты былайша ықшамдауға сеп болды:
«Жастардың достық қарым-қатынасына әлеуметтік желілердің әсері».
немесе
«Студенттердің ақпаратқа қол жеткізудегі онлайн қарым-қатынасы».
Аңырақай шайқасында Абылай ханның жетістікке жетуіндегі негізігі себептер.
Кіріспе:
Жалпы мәлімет: Аңырақай шақасының болғаны. Онда Абылайхан жеңіске жетті.
Пікір: Ұйымдастырушылық, жоғараларды өзара қырқысуын тиіміді пайдалану, батырларды бағалауы.
Негізгі бөлім:
1-параргаф: Ұйымдастырушылық,
2-параграф: жоғараларды өзара қырқысуын тиіміді пайдалану,
3-параграф: батырларды бағалауы.
Қорытынды:
Жалпы мәлімет: Аңырақай шақасының болғаны. Онда Абылайхан жеңіске жетті.
Пікір: Ұйымдастырушылық, жоғараларды өзара қырқысуын тиіміді пайдалану, батырларды бағалауы.
Соңғы пікір: ......................
Достарыңызбен бөлісу: |