Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қазақ тілі сабағында пайдаланудың тиімділігі. Интерактивті оқыту технологиясының мақсаты мен міндеті, тиімді жағы мен ерекшелігі
Байланысты: Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қазақ тілі сабағында пайдаланудың тиімділігі. Интерактивті оқыту технологиясының мақсаты мен міндеті, тиімді жағы мен ерекшелігі
Орындағандар:
Бекұзаққызы М
Жиеналина А
Тәуіржан С
Тобы:Қф-401
Тексерген:Иманғазина А
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
ОБӨЖ
Этнолингвистиканың зерттелуі, сөз этимологиясын ашудағы рөлі мен маңызы
Этнолингвистика - халықтың этногенезін тұрмыс-салты мен әдеп- ғұрпын, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысын, күнделікті тұрмысын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімінің жаңа саласы. Тіл мәселелерін мәдениетпен халық әдет-ғұрпымен, салт-санамен байланыстыра зерттеу XX ғасырдың 2070 жылдарында орын ала бастады. Тіл білімінде қалыптасқан екі түрлі бағыт бар.
Олар негізінен Америка мен ФРГ-да дүниеге келген. Алғашқы этнолингвистикалық зерттеулер ретінде мына еңбектерді атауға болады: Эдуар Сепирдің 1921 жылы шыққан «Тіл», 1929 жылы шыққан «Лингвистиканың жайы», Б.Уорфтың «Тіл, ойлау және шындық» (1959) жинақтары. Э.Сепир индеецтердің көптеген тайпаларының тілдерін зерттесе, неміс линвисі Л.Вайсгербер «Неміс тілінің күші» туралы төрт томдық еңбек жазды. Америка мектебі тіл мен мәдениетті негізгі проблема деп алса, Германия мектебі тіл мен халықты бірінші орынға қояды. Яғни, тіл функциясын, оның қоғамдағы даму рөлін асыра сөз етеді. Тіл адам санасы мен объективтік шындық арасындағыбірыңғай қатынас тізбегіне ене отыра, өзі сол санадан, объективтік шындықтан туған туынды болып табылады деген көзқарасты ұстанады.
Америка ғалымдарының еңбектерінде «этнолингвистика» терминінің орнына көбіне «антрополингвистика», «этносемантика» атаулары қолданылады. Осы бағытта зерттеулер жүргізген Ресей этнолингвистикасының өкілдері Н.И.Толстой, В.В.Иванов, В.Н.Топоров т.б. Олар тілдің тарихын, этнолингвистикалық атластарын жасап, тілдегі және халық мәдениетіндегі аумақтық және әлеуметтік диалектілерді т.б. зерттейді.
Академик Ә.Қайдар этнолингвистика атауының құрамындағы «этно» компонентінің мәнін «этнография» ұғымымен шектемей, одан кеңірек қарайды: «Өткен бір дәуірлерде дүниеге келіп, белгілі бір географиялық ортада қалыптасқан, шұғылданған тіршілік-тірлігі бірыңғай, мінез-құлқы ұқсас, діні де, тілі де бір, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы ортақ, өзінің ортақ тегін, туыстығын, тұтастығын сезіне білетін, сатылап даму барысында аналық, аталық, рулық, тайпалық, ұлыстық және халықтық дәуірлерді басынан кешіріп, бүгінде дербес ел болып отырған адамдар қауымы»
Шеге шапан. Салт бойынша құда тұсу рәсімі қыз үйіне жаушы жіберуден басталған. Жаушы арқылы жігіттің әкесі сыйлық беріп жіберген. Ол қарғы бау деп аталған. Этнограф А.А. Диваевтың көрсетуінше жаушы сөзін «Сізде лашынбар екен, бізде сұңқар бар екен» деп бастайды. Қыздың ата-анасы келісетін жағдайда қалың мал мөлшерін де белгілейді. Жаушы қыз әкесіне қарға бау береді. Қыз әкесі оған «уәдеміз шегедей мықты болсын» деп шапан кигізеді. Кейде шапанның орнына ат мінгізген. Қыз жағынан берілетін мұндай сый шеге шапан, шеге ат деп аталған.
Академик Ә.Марғұлан бұл сюжетке ерекше назар аударып, онда терең мазмұн жатқанын тамаша дәлелдеген: «Құламерген» жырында теңіз астынан қазан іздеу – тайпалар демократиясының бірлігін сипаттайды. Қазан-шаңырақ сияқты бүтіндіктің белгісі. Ол құрыса, ел де құриды. Оның үстіне қазанды қастерлеу ерте кездегі темірге табынудың бір түрі. Тәуке ханның аңызында жолығатын «қара қазан», «қара мылтық алу» - жаудан кек қайтару белгісінің ескі түрі. Тәукенің жарғысы бойынша бұрын жауласқанда «шаңырақ», «қазан» сындырып кек алудың орнына енді оны сындырмай, жәбір көрген жаққа сол нәрселердің өзін беріп тыныштық жасайды»
Күнделікті тұрмыста, салт-дәстүрде берік орын алған бірсыпыра зат, бұйымдар атқаратын қызметіне, белгілі бір наным-сенімге т.б. байланысты болып, фразеологизмдердің этномәдени уәжділігін көрсетеді. Қазанның құлағын қағып қойған ат – о баста қойылған есім. Әр отбасының күнде тамақ пісіріп ішетін қазанды халық қастерлеп, жеті қазынаның бірі деп есептеген. Қазанға пісірілген ас дәмді әрі жұғымды, сондықтан да болар, қазан-ұрпақ жалғасуы мен отбасы берекесінің символы болып табылады. Осыған орай Н.Уәлиұлы былай деп тұжырымдайды. Қазан мен қара мылтықтың «қасиетті жетінің» қатарында айтылуы тегін емес. Қазанның құлағын қағу; қара қазан, сары бала; қазан төңкерілу тәрізді сөз орамдары жайдан-жай айтылмаған. Қазақтың ертегі, жырларында алтын қазан іздеу салты туралы деректер кездеседі. Мысалы: Сөз тыңда құлақ салып, балам, маған, Астында дарияның алтын қазан. Әкелсең сол қазанды ерлік қылып, Беремін Күнсұлуды қосып саған («Құламерген»).
Сонымен,қазақ этнолингвистикасының қалыптасу, даму үрдісінен кейбір өзіндік ерекшеліктер де байқалады. Ол жалпы этнолингвистикалық идея аясында туындап, қазақ этносын оның тілі арқылы танып-білу мақсатымен бұдан он бес жиырма жыл бұрын (мың тоғыз жүз сексен бесінші жылдарда) басталған ізденіс барысында іргетасы қаланып, өзінің бағыт-бағдарын, мақсат мүддесін айқындай түскен, зерттеу объектілерін саралап, тәсіл-әдістерін күн санап ширата түскен ғылым саласына жатады. Алайда, бұл айтқанымыздан қазақ этнолингвистикасы өзінің шарықтау шегіне жетті деген ұғым тумаса керек.
Тіл әлеміндегі этнос бейнесін тек лексика қорының жиі қолданылатын «үстіңгі қабатын» мағыналық бірліктер негізінде ғана емес, сонымен қатар оның төменгі қабаттарына, қойнау-қолаттарында тұнып жатқан (бүгінде сирек қолданылатын) сөз маржандары арқылы да жаңғыртуға тырысады.
Этнолингвистикалық зерттеулердің өзіндік бір ерекшелігі – әдеттегі (түсіндірме, екі тілдік, терминдік, этнографиялық т.б.) сөздіктерге ене бермейтін құнарлы да сапалы, бейнелі де көркем, көне де байырғы сөз өрнектерін, тіпті айтуға тыйым салынған «ұят» сөз деректерді де, әзіл-қалжыңдарды да қамтуында.
Қазақ этнолингвистикасының тағы бір принципі – лексикалық байлықтың мазмұны мен мән-мағынасын этностық таным тұрғысынан толық ашу, этнос болмысына қатысты бағалы мағлұматтар мен құны деректерді түгел сөйлету, тілдің өзіне тән бояу нақышымен бейнелі де көркем түрде суреттеу.
Бұл принциптер мыңдаған (сөз, сөз тіркесі, тұрақты тіркес түріндегі) бірлікті екі түрлі деңгейде – алғашқы (о бастағы, не негізгі) номинативті мағынасымен этностық танымынан туындаған «этнолингвистикалық мағынасы» деңгейінде – түсіндіруді, анықтауды, топшылауды, сипаттауды талап етеді. Бірінші деңгейдегі түсініктеме, анықтамаларды біз әртүрлі лексикографиялық еңбектерден кездестірсек, екінші деңгейдегі терең де жан-жақты түсініктемелер тек этнолингвистикалық зерттеулерде ғана берілуге тиіс.
Мысалы, М. Қашқари сол кездегі түркі тайпаларының лексикалық байлығын жинақтай келе, оны «Түркілердің өмірі туралы», «Түркілердің материалдық-мәдени заттары туралы», «Ру-тайпа туралы», «Жер-су аттары туралы» деп басталып «Балалар ойындарымен» аяқталатын 30 тақырыптық топқа жіктеп қарастырған екен. «Кодекс куманикусте» болса, лексикалық байлық 40 түрлі (мысалы, «Құдайға және оның атына байланысты сөздер», «Ауа-райы мен аспан әлеміне байланысты сөздер», «уақыт, мезгіл аьауларына байланысты сөздер», Бес сезім мүшелерінің аттары» т.т.) тақырыптық топқа жіктеліп беріледі.
Тіл-тілдердің сөздік қорында ғасырлар бойы қордаланып, шоғырланып тұратын лексикалық байлақты жүйелеп, өзара топтастыра қарастыру этнолингвистиканың ғана талабы емес. Оны біз шығыс әлемінде, әсіресе, түркі тілдерін зерттеуге қатысты еңбегінде тым ертеден-ақ келе жатқан дәстүр екендігін көреміз. Мәселен, Шығыстың ғұлама ғалымы Махмұд Қашғари өзінің «Дивану лұғат ат-түрк» (түркі тілдер сөздігі) атты (ХІ ғ) әйгілі еңбегінде де, қыпшақ тайпалары тілінің сөздігі – «Кодекс куманикус» (ХIV ғ) атты сөздікте де, тіпті Шығыстың ұлы шайыры Әлішер Науидың «Екі тіл туралы ой пікір» атты (ХV ғ) поэтикалық трактатында да тіл материалын топтастырып қарау принципінің тамаша үлгісі көрсетіледі.
Ал, Әлішер Науаи болса, аталмыш еңбегінде түркі тілінің классикалық парсы тілінен артық болмаса, бірде-бір кем емес екендігін, мәселен жүз етістіктің синонимінің мүмкіндігін, сондай-ақ әр саладағы тақырыптық топтардың («аң-құстарға», «жылқының жасы мен түр-түсіне» т.б. қатысты) байлығын келтіру арқылы дәлелдейді.
Міне, тіл байлығын жан-жақты паш етудің де, терең меңгерудің де тиімді жолы ретінде тым ерте қалыптасқан осынау бір ұстаным бүгін этнолингвистика ғылымында да өз жалғасын тауып, жаңа үрдіске ие болып отыр. Мұны біз орыс тілінен де көріп отырмыз. Мысалы, академик Н.И. Толстойдың басшылығымен шыға бастаған этнолингвистикалық сөздікте жинақталған тіл материалы жиырма төрт тақырыптық топқа бөлініп қарастырылыпты.
Бұл дәстүрдің тікелей жалғасын қазақ этнолингвистикасынан да көріп отырмыз. Бірақ ол ендігі жерже жай топтастыру ғана емес, қазақ этносының өз болмысын, барлықтағы объективті дүниені өзінше танып-білуі тұрғысынан жүйелік заңдылығына сүйене отырып, әр зерттеудің өз мақсатына орай өз дамуын тауып отыр деп айта аламыз. Басқаш айтқанда: тіл байлығындағы заттар мен құбылыстардың үлкенді-кішілі (макро-микро) тақырыптық, мағыналық, тұлғалық т.б. топтарға (салаларға, кластарға, тарау-тармақтарға т.б) бөліп қарау ғылыми тұжырымды іске асырудың ұстанымы ретінде талап етілмекші.
Қысқасы, жалпы «тіл әлемін», сондай-ақ кез келген тақырыптық топты этнолингвистикалық тұрғыдан осылайша жүйелі де сатылы принциптер бойынша қарастырғанда ғана оларды түгел де түбегейлі меңгердік, танып-білдік деп айтуға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Сепир Э. Избранные труды по языкознанию. – М.: Изд. Группа «Прогресс», 1993. – 656 с.
2.Гердер И.Г. Идеи к философии истории человечества. – М.: Наука, 1977. – 703 с.
3.Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. –Алматы: «Ана тілі», 1998. -304 б.
4.Копыленко М.М. Основы этонлингвистики. – Алматы: «Евразия», 1995.- 178 с.
5.Жанпейісов Е. Этнолингвистика. – Ана тілі. -1994. - № 2, 13- қаңтар. – 3 б.6
6. Уәлиұлы Н. Фразеология және тілдік норма. Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1999. – 128 б.