Дене шынықтыру арқылы психикалық қасиеттер мен тұлғалық тәрбие. Тұлғаның мінез ерекшеліктері мен тәрбие сипаттамасының шарттары: еңбек сүйгіштік, патриоттық тәртіптілік. Дене тәрбие шарттарының арнайы қасиеттері: интелектуалды, шығармашылық



Дата25.11.2022
өлшемі16,1 Kb.
#52672

Дене шынықтыру арқылы психикалық қасиеттер мен тұлғалық тәрбие. 1.Тұлғаның мінез ерекшеліктері мен тәрбие сипаттамасының шарттары: еңбек сүйгіштік, патриоттық тәртіптілік. 2.Дене тәрбие шарттарының арнайы қасиеттері: интелектуалды, шығармашылық, ойлау, бақылау т.б.
Адамды белгілі бір іс-әрекетке дайындау-бұл сол іс-әрекетке жемісті қатысуға дайындықты қалыптастыру процесі деген сөз. Осы дайындық ішінде бірқатар компонентерді атап көрсетуге болады: олар-бұлшықеттік, функционалды, операциялы, психологиялық және т.б. Кез-келген іс-әрекетке адам психологиялық және т.б. Кез-келген іс-әрекетке адам психологиялық жағынан дайын болуы керек. Әсіресе, өзгермелі жағддайларға, мақсатқа жету кезеңдерінде, қажеттіліктер секірулерде және құнды бағыт-бағдар қажет. Спортшы іс-әрекеті дәл осындай белгілерге ие. Енді іс-әрекет нәтижесі де оған риза болу, ішкі психологиялық жағдайы, адамның қобалжулары да оның іс-әрекет процесінде психологиялық дайындығына ғана емес, сонымен бірге, кез-келген іс-әрекетпен жүретін оның шарттарына: нақты күн тәртібіне, жеке тұлға бағалануына, мүмкін болатын жазалаулар мен мадақтауларға адамдардың белгілі бір тобымен араласу ерекшеліктріне және қуаттылығына қатысты болады.
Ұзаққа созылатын жаттығулар мен жарыстарға психологиялық дайындық алдын-ала жүргізілетін және жалпы пстхологиялық дайындық деп аталады.Психологиялық жай-күй жаттығудың жемістілігі мен сапасын анықтайды.Психикалық процестер (көру, есту, сипап сезу, бұлшық ет қимыл түсініктері, қабылдау, елестету, ойлау, зейін), психомоторлық реакциялар – қимылды басқарудағы дәлдік, жиілілік, сенімділік сақтаудың ең негізгі факторы қимыл амалдарын реттеудің контурлары.
Спортшының дене және психикалық қасиеттерінің бірлігі. Шыдамдылық, күштілік, жылдамдық сияқты негізгі дене қасиеттерінің дамуының психологиялық негізі. Тактикалық даярлықтың психикалық функциялардың дамуымен байланысты. Перцепциялық қасиеттері (көру ауқымының кеңдігі және тереңдігі өзгерген жағдайда тез қабылдау, қимылды кеңістік уақытта қабылдаудың тездігі және дәлдігі), ақыл-ой (жедел ойлаудың жылдамдығы, оперативтік естің дәлдігі), психомоторлық, сексомоторлық, координацияның дәлдігі, қимылдың жылдамдығы, қимыл тиімділігіне әсер ететін факторлар.
Тұлғаның мінез ерекшеліктері мен тәрбие сипаттамасының шарттары: еңбек сүйгіштік, патриоттық тәртіптілік.
Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.
Жеке адамның қалыптасуы – күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.
Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.Патриоттық ұстаным ол жеке тұлғаның отанына, азаматтылығына, мәдениеті мен тіліне, ұлттық дәстүріне эмоциялық күйзелісінің айрықша түрі деп анықтауға толық келеді.
Дене тәрбие шарттарының арнайы қасиеттері: интелектуалды, шығармашылық, ойлау, бақылау т.б.
Балалардың ой — өрісін, дүниетанымын жетілдіру;
Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту.
Әр баланың жеке дара ойлау, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.Оқуға деген қабілеттілік; қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет