Жауабы: Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады. Соның ішінде бұл ойлау түрі практикалық іс-әрекеттілік



бет1/16
Дата27.04.2023
өлшемі53,41 Kb.
#87564
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Психология дифка сит.есеп


Билет №1

1.Ойлаудың бұл түрі белгілі білім қоры бар мектеп оқушыларына тән. Ойлаудың үш түрі де, бір-бірімен байланысты. Әсіресе хирургтың жұмысында осы байланыс айқын көрінеді.


А.Ойлаудың түрін анықтаңыз?
Жауабы: Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.
Соның ішінде бұл ойлау түрі практикалық іс-әрекеттілік- ол нақты заттармен тікелей байланыса, ой қызметін орындау түрі

2.Сіздің қабылдауыңызға есту қабілеті нашар науқас келді. Науқас сіздің айтқан кейбір сөздеріңізді ғана естиді.


А. Есту қабілеті нашар науқаспен қарым-қатынас жасаудың қандай әдісін қолданар едіңіз?
В. Мүмкіндігі шектеулі науқастармен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері қандай?
Жауабы:
А. Егер науқастың есту қабілеті сәл төмен болып, еріннен оқи алса,
медициналық қызметкер жарық бөлмеде науқасқа бетімен қарап тұрады.
Асықпай, ақырын сөйлеуі керек. Сөйлесудің соңында, дауыс тембрін
төмендетпей, ауызды қолмен жаппай, сөздерді тұрақтау үшін жесттерді
қолданғаны дұрыс. Егер науқастың бір құлағы жақсырақ естісе, соған қарай жақындап сөйлеу. Науқастың есту аппараты болса, медициналық қызметкер оны ескереді. Сұхбаттасу барысында ретсіз дауыс көтерудің қажеті жоқ.
Ауызша алынған мәліметтерді жазбаша қайта алып тексеруі керек.
Қағазға сұрақ пен жауап жазу. Егер науқаста кинетикалық сөйлеу қабілеті болса, тез уақыт аралығында сурдоаудармашы табу қажет.

В. Мүмкіндігі шектеулі науқастармен қарым-қатнас жасау ерекшеліктері:


Мүмкіндігі шектеулі науқастармен өзара әрекеттесу жағдайында науқастың психикасының жеке ерекшеліктері медицина қызметкерінің психологиялық қасиеттерімен байланысты. Мұндай байланыстың мақсаты пациентке көрсетілетін көмек болып табылады. Науқаспен қарым-қатынас процесі өзара әрекеттесу қашықтығын таңдаудан басталады, пациент өзін жайлы және қауіпсіз сезінуі керек.
Мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынастың негізгі ережесі-сіз оларға ешқашан өзіңіздің артықшылықтарыңызды және шамадан тыс мейірімділікті және обсессивті жанашырлықты көрсетпеуіңіз керек.

2 билет


1.Бірінші курс студенті сабақ үстінде оқытушының айтқанын тыңдап отырды, әрі дәптеріне қысқаша түрде белгілеп жазып отырды.
А. Бұл зейіннің қандай қасиетіне жатады?
А.Бұл зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы.Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса оны зейіннің тұрақтылығы дейді.
2. Сізге 30 жастағы науқас өз сырқатымен келді. Науқас сіздің жазып берген анализдерді тапсырудан бас тартты.
А. Науқаспен қандай қарым-қатынас әдісін қолданар едіңіз?
Дәрігер пациенттің немесе оның заңды өкілінің кез – келген медициналық көмекпен келісу немесе келіспеу кұқығына құрметпен қарауы керек. Бұл тұста дәрігер пациентке:
-ұсынылатын ем мен шараның сипаттамасын;
-ұсынылатын ем мен шараның қауіп - қатері мен ұтымды жақтарын сипаттау, әсіресе өлім мен мүгедектік қаупіне баса көңіл бөлу керек;
-ем мен процедура қабылдамаған жағдайда болатын нәтижені сипаттау ; жететін жетістікті сипаттау, жетістік дегенді дәрігер қалай түсінетінін ашып беру;
-аурудан айығып, қалпына келгенде күтіп тұрған қиындықтар мен бұрынғы белсенділігіне оралуға қанша уақыт кететінін айту қажет.
Медициналық көмектен бас тарту, оның мүмкін болатын салдарларымен қоса медициналық құжаттарда тіркеліп, азаматтың өзі немесе заңды өкілі және медицина қызметкері қол қоюлары керек.
В. Мәжбүрлік, компромисс дегеніміз не?
Мәжбүрлеу-бұл оқушылардың өздері туралы идеясына, оның қызметіне шектеулер мен тыйымдарға қауіп төндіретін білім беру әдісі.Яғни өз еркімен өмір сүре алмау,өзінің қалаған затын істей алмау,өз еркінен тыс жұмысты істеу және тағы басқа мағыналарды білдіреді.
Компромисс – бұл өзіңіз бен екінші тұлғаның қажеттіліктері ескерілгенде болады. екі жақтыңда билігі тең және олардың белгілі бір мақсатқа жетудегі өзара ортақ шешім қабылдауы болып табылады.басқаша айтқанда Компромисс - [латынша Соmрrоmissum - өзара келісім, тіл табысу] - екі жақтың бір-біріне жол беріп, келісімге, ортақ ымыраға келуі; саясатта - өзара шарттарға көніп, қабылданған шешім.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет