Деректер типпі. Электронды кестеде есептеулер үшін формулалар құру
Формула жолы-парақ ұяшықтарындағы мәтін мен формулаларды енгізу және өзгерту үшін қолданылатын панель.Егер ұяшыққа «5+6» енгізілсе,онда пргорамма жай сандар ретінде қабылдап,формула жолында дәл осылай көрсетеді.Егер ұяшыққа «=5+6» түрінде енгізілсе,онда формула ретінде қабылданып,формула жолында сипатталады.
Ал ұяшыққа нәтижесі жазылады.
Электронды кестеде формуланың әртүрлі операторлары:мәтін,ұяшыққа сілтемелер,арифметикалар операторлар,логикалық операциялық,анықтамалық операторлар,екі мәтінді біріктіретін операторлар және жақшалар қолданылады.Excel программасы формулаларды () жақша ішінде сипаттайды.Формулаларда математикалық жүйелер секілді есептеудің стандартты тәртібі сақталады.
Формулаларда сілтемелер қолдану
Ұяшық адресін формула жолына енгізу үшін оны қолмен жазудың қажеті жоқ. «=» белгісінен кейін қажетті ұяшықты тінтуірдің сол жақ батырмасымен шертуге немесе ұяшықтардың қажетті ауқымын таңдауға болады.Егер формулада бірнеші сілтемелер қолданылса, Excel программасы олардың әрқайсысына әртүрлі түстер береді.Мысалы,С2 ұяшығына «=А2+В2» формуласын жазып,Enter пернесін басып,сілтемесі бар ұяшықты екі рет шерту арқылы байқауға болады.Ұяшықта түрлі түсті сілтемелер бар формуланы көресіңдер.Ұяшықта жиектерінің түстері мен ұяшық сілтемелері түстері сәйкес болады.
Екі мәтінді біріктіретін операторлар
«&» (Амперсанд) операторы екі ұяшықтағы мәтіндерді «желімдеу» үшін қолданылады.Мысалы,А2 ұяшығына «Компьютер » сөзін,С2 ұяшығына «жады» сөзін енгізіп,D2 ұяшығына «А2 &С2» формуласын жазайық.Нәтижесінде, D2 ұяшығына желімдеген «Компьютержады» мәтіні шығады.