Деректерді реттеу әдістерін зерделеу және сипаттау Реттеу алгоритмдерінің бағдарламалық құралдарын талдау



бет1/15
Дата06.01.2022
өлшемі0,51 Mb.
#14296
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1 Деректерді реттеу әдістерін зерделеу және сипаттау

1.1 Реттеу алгоритмдерінің бағдарламалық құралдарын талдау

1.2 Деректерді реттеу әдістерін таңдау

1.3 Деректерді реттеу әдістерін қою
2 Бағдарламалық –ақпараттық құралдарын сипаттау

2.1 Бағдарламалық –ақпараттық жұмыстың құрамы және құрылымы

2.2 Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері және құралдары

2.3 Деректерді реттеу әдістерін бағалау
ҚоРытынды
Қолданған әдебиеттер және қайнарлар тізімі
ҚосымшаЛАР:

Қосымша А. Бағдарламалар листингі

Қосымша Б. Графикалық бөлімнің слайдтары

Кіріспе

Алғашқы компьютердi өнеркәсiптiк дайындаудың басталуымен және олардың бiлiм беру мекемелерiнде пайда болуымен педагогикада жаңа бағыт – оқытудың компьютерлiк технологиясы бой көтердi. Ол бiрте-бiрте мамандарды даярлау мен алдын-ала дайындық жасауды жүргiзетiн барлық құрылымдарға енгiзiлiп жатқан жаңа бiлiм беру стандартына ауысады. Бiлiм берудi дамытудың қазiргi кездегi өзектi идеясы - электронды оқулық болып табылады. Олар оқу процесiн даралау мен дифференциалдауға, қатенi тексерудi бақылау мен керi байланысты жүзеге асыруға, оқу барысында өзiн-өзi бақылау мен өзiн-өзi түзетудi, әртүрлi жағдайларда тиiмдi шешiмдi қабылдай бiлу ептiлiгiн қалыптастыруға, ойлаудың белгiлi бiр типiн дамытуға (көрнектi-бейнелi, теориялық), оқуға ынтасын күшейтуге, танымдық iс-әрекетiнiң мәдениетiн қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.

Адамның қызметінің әр түрлі салаларында программаларды қолдану – барлық программалық қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру қажеттілігіне алып келді. Программалау тілдерін жетілдіру бағыттарының бірі деректердің типтеу (типизациялау) деңгейін көтеру болды. Деректер типтерінің теориясы программада қолданатын әр деректердің бір және тек бір ғана типіне жататынынан шығады. Деректің типі деректің көп мүмкіндік шамасын және осы деректердің үстінен жіберілген операциялар жиынтығын анықтайды. Нақты типтің дерегі көп жағдайларда басқа типтің деректеріне өзгертілуі мүмкін, бірақ бұндай өзгерту программада анық көрсетілуі керек. Аталған талаптарды орындаудың дәрежесіне байланысты программалаудың сол және басқа тілінің типтеу деңгейі туралы айтуға болады. Программалау тілінің типтеу деңгейін көтеруге ұмтылу Паскаль тілінің пайда болуына әкелді, ол дәл типтелген тіл болып саналады, бірақ та онда типтердің кейбір айқын емес өзгерістері, мысалы бүтінді бөлшекке өзгертуі шешілген. Программаны жазғанда дәл типтелінген тілді қолдану берілген мәтінді трансляциялау кезінің өзінде деректерді пайдаланудың көп қателерін табуға мүмкіндік береді де, осымен программаның сенімділігін арттырады. Сонымен бірге, дәл типтеу программистің бостандығын бөгеп, жүйелік программалауда жиі қолданатын деректерді өзгертудің кейбір тәсілдерін қолдануды қиындатты. Іс жүзінде Паскальмен бір уақытта көп дәрежеде жүйелік программалауға бағытталған және әлсіз типтеу тіліне жататын Си тілі дайындалды.

Қазіргі уақытта электронды оқулықтар мен оқу құралдарын жасау мәселесі өзекті болып табылады. Толық өңделген электронды оқулық лекция барысында – демонстрациялау құралы, компьютерлік кластарда өзіндік жұмыстарды орындау үшін – репетитор, компьютер, емтихан алушы алдында – тәжiрибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау ретінде қызмет атқара алады. Дегенмен, электронды оқулық осы функциялардың барлығын орындау үшін оқулықты құрастырушы оқытушының педагогикалық шеберлігі, оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескеретін күрделі әдістемелік құралдары болу қажет.

Кері байланысты ұйымдастыру – оқу процесінің дидактикалық циклінің ең маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Электронды оқулықтар әрбір пайдаланушыларға білім алудың немесе дағды мен біліктілікті қалыптастырудың жеке траекториясын таңдау, құру мен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Дегенмен, толықтай өз бетiнше білім алу – оқушылардың әртүрлі психологиялық ерекшеліктеріне байланысты әрқашан тиімді болып табылмайды.

Осы кiтапта HTML-құжатын жасаудың және оларды гипер сілтемелер арқылы байланыстырудың принциптері ұйымдастырылған. HTML-парақтарын Delphi объект-бағытталған ортасында жасалынған кез келген қосымшаға ендіру мысалы келтірілген.

Жаңа ақпараттық технологияларды оқыту мақсатында пайдала-нудың перспективтi бағыты, компьютердiң және аудиовизуалды ақпаратты жеткiзушi әртүрлi құралдардың мүмкiндiгiн интегралдау болып табылады. Оқу құралының материалынан видео сабақтарды жасауда пайдаланылатын қазіргі ақпараттық және программалық құралдар туралы мағлұмат аласыз. Осы технологияның тәжірибелік реализациясы туралы тарауды меңгере отырып, оқырман өзінің визуалды зертханалық жұмыстарын жасауға арналған барлық қажет білімді алады.

Электронды оқулықты жасаудың ең ыңғайлы программалау құралы Delphi объект-бағытталған ортасы болып табылады. Delphi ортасында күрделі, “кәсіби”, соның ішінде Windows-те жұмыс істеуге арналған программаларды қолданады. Кiтаптың бір тарауы Delphi ортасында программалауға арналған. Әрбір тақырып тәжірибелік жұмыстарды орындаудың қадамдық ұсыныстарын қамтиды. Әрбір тақырыпқа сұрақтар тізімі құрастырылған, оларға жауап беру арқылы сыналушы өзінің білімін тексере және бекіте алады.



Оқу құралы мазмұнның түсініктілiгiмен, көрнекті мысалдар санының көптiгiмен ерекшеленедi және білімгерлерге, жоғары сынып оқушыларына, программалауды өз бетiнше үйренушiлерге арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет