Дәрі Физикалық шамаларды өлшеу әдістерінде қарастырылатын мәселелер. Физикалық шамаларды өлшеу. Өлшеуді жіктеу. Өлшеу түрлері мен әдістері. Физикалық қасиет, шама және шкалалар



бет1/5
Дата30.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#111967
  1   2   3   4   5

Дәріс1. Физикалық шамаларды өлшеу әдістерінде қарастырылатын мәселелер.Физикалық шамаларды өлшеу. Өлшеуді жіктеу. Өлшеу түрлері мен әдістері. Физикалық қасиет, шама және шкалалар

Дәрістің мазмұны: өлшеулер туралы негізгі мәліметтер; өлшеулердің негізгі теңдеуі; өлшеулер классификациясы; өлшеу әдістерінің классификациясы.
Дәрістің мақсаты: өлшеулердің анықтамаларын және түсініктерін оқу, өлшеулердің әртүрлі түрлері және әдістері.
Өлшеу - өлшенетін шаманың және оның салыстыру бірлігі болып алынған кейбір мәні арасындағы тәжірибелік жолымен табылатын сандық арақатынасын алу процесі.
Өлшенетін шаманың өлшеу бірлігіне қатынасын мәнерлейтін сан өлшенетін шаманың сандық мәні деп аталады. Ол бүтін немесе бөлшек болуы мүмкін, бірақ дерексіз сан болады.
Өлшеу бірлігі болып алынатын шаманың мәні сол бірліктің өлшемі деп аталады.
Өлшеулер әдетте өлшеу объектінде жасалынады. Өлшеу объекті (ӨО) – бұл физикалық шама.
Физикалық шама (ФШ) - физикалық объектінің (құбылыстың, процестің) қасиеттерінің бірі, ол сапа жағынан көптеген физикалық объекттеріне ортақ, ал мөлшер жағынан әрқайсысына (физикалық шамалардың, мысалы, температура, меншікті салмақ, тығыздық, ұзындық және т.б.) жекеленген болып табылады. 
Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз - оны өлшем бірлігі ретінде алынған біргекті басқа бір шамамен салыстыру.
Физикалық шама өлшемі – «физикалық шама» ұғымына сәйкес келетін қасиеттің осы объектіндегі мөлшерлік мағынасы. 
Физикалық шаманың өлшем бірлігі - бұл шартты түрде сандық мәні бірге тең деп алынған белгіленген мөлшердегі физикалық шама.
Өлшеу үшін таңдалған физикалық шаманы өлшенетін шама деп атайды.
Өлшеу құралы (ӨҚ) – өлшеу кезінде қолданатын және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал.
Өлшеуді жіктеу
Өлшеу - бұл техникалық құралда (өлшеу құралы) сақталатын бірлік ретінде қабылданған бір (өлшенген) мөлшердің басқа біртекті мөлшерге қатынасын анықтау операциясының жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет