Дәрі Физикалық шамаларды өлшеу әдістерінде қарастырылатын мәселелер. Физикалық шамаларды өлшеу. Өлшеуді жіктеу. Өлшеу түрлері мен әдістері. Физикалық қасиет, шама және шкалалар



бет4/5
Дата30.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#111967
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 1-1

Атаулар шкаласы (топтастыру шкаласы). Атаулар шкаласы бойынша объектілерді нөмірлеу мына принцип бойынша жүзеге асады: (бір цифрды әртүрлі объектілерге жазуға болмайды). Объектілерге жазылған сандар тек ықтималдықты анықтау үшін ғана қолданылады, бірақ оларды қосымша шығару немесе басқа математикалық процестерге пайдалануға болмайды. Бұл шкалалар тек эквиваленттілік қатынасымен сипатталса, онда оларға нөл, үлкен немесе кіші және өлшем бірліктері түсінігі болмайды.

Қасиеттері тек эквиваленттілік түзілетін эмпирикалық обьектілерді топтастыру үшін пайдаланылады. Бұл қасиеттерді физикалық шама ретінде есептеуге бол-майды, сондықтан мұндай түрдегі шкалалар ФШ шкаласы болып табылмайды. Бұл сапалық қасиеттерге атаулардың рөлін атқаратын сандар объектісін жазу кезінде, эквиваленттілік шкаланы дұрыс тандау аса маңызды – оларды бақылаушы, сарапшы, берілген қасиетті бағалаушылар ажырату қажет.
2. Реттік шкала (ранктар шкаласы). Егер берілген эмпирикалық объектінің қасиеті эквивалент қатынасында және сандық қасиеттерінің пайда болуының кемуі немесе өсу тәртібі бойынша пайда болса, онда оған реттік шкала тұрғызылады. Ол монотонды негізделген ең қарапайым шкала типі.
Атаулар шкаласында көрсетілетін қасиетті эквиваленттіліктің сол немесе басқа класына қою адамның сезу мүшелерінің көмегімен жүзеге асады. Бұл көптеген сарапшылардың тоқтаған ең пара-пар нәтижесі өсетін немесе кемитін болып табылады және көрсетілген қасиетті сипаттайтын шамалардың арасына үлкен кіші қатынасты орналастырады.
Реттік шкалада нөл болады не болмайды, яғни оларға пропоционалдық қатынас орнатылмаған және қасиеттердің нақты пайда болуы қанша есе үлкен немесе кіші екендігін талқылау мүмкіндігі жоқ. Құбылыстарды тану денгейі берілген сипаттама арасында кездесетін нақты қатынасты орната алмаса немесе 20 шкаланы пайдалану ынғайлы әрі жеткілікті болған жағдайда (империкалық) реттік шкалалар қолданылады.
3. Шартты шкала – бұл бастапқы мәндері шартты бірліктерде көрсетілген ФШ шкаласы. Мысалы, Энглердің тұтқырлық шкаласы, теңіз желінің күшін өлшеуге арналған Бофорттың 12 балдық шкаласы. Бетіне реперлік нүктелер түсірілген реттік шкалалар кең таралған. Мұндай шкалаларға, мысалы, қаттылықтың әртүрлі шартты сандары бар 10 тіректік (реперлік) минералдан құралған, минералдардың қаттылығын анықтайтын Маостың шкаласы жатады: тальк – 1, гипс – 2, кальций – 3, флюарит – 4, апатит – 5, ортаклаз – 6, кварц – 7, топаз – 8, карунд – 9, алмаз - 10. Минералды мұндай немесе басқа қаттылық градиациясындай апару сыналатын материалы тірекпен тырналатын тәжірибе негізінде жүзеге асады. Егер сыналатын минералды кварцпен тырнағаннан кейін оның бетінде із қалса, ал ортаклаздан соң қалмаса, онда сынылатын материалдың қаттылығы 6–дан көп, 7– ден аз шаманы құрайды. Мұндай жағдайда нақты жауабын беру мүмкін емес.
Шартты шкалаларда берілген шаманың өлшемдері арасында бірдей аралықтарға өлшемдерді көрсететін сандардың бірдей өлшемділігі сәйкес келмейді. Бұл сандардың көмегімен ықтималдық, мода, медианалар, квантильдерді табу-ға болады, бірақ қосу, көбейту сияқты басқа да математикалық процесстерді орындауға, қолдануға болмайды.
Шамалардың мәндерін реттік шкалалар көмегімен анықтауды өлшеу деп есептеуге болмайды, себебі бұл шкалаларға өлшем бірліктері енгізілмеген. Санды керекті шамаға жазу операциясын бағалау деп есептеу керек. Реттік шкала бойынша бағалау бір мәнді емес және толығымен шартты болып табылады.
4. Аралықтық шкаласы (айырмашылық шкаласы). Бұл шкалалар реттік шкаланың жетілдірілген жалғасы және қасиеттері эквиваленттілік, рет және аудиоактивтіліктің қатынасын қанағаттандыратын объектілер үшін қолданылады. Аралықтар шкаласы бірдей аралықтардан, өлшем бірліктерінен тұрады және тігінен (бойлық) таңдалған басы – нөлдік нүкте. Мұндай шкалаларға санақ басы әлем жаратылысы немесе христиандардың Рождествосы және т.с.с. ретінде қабылданған әртүрлі календар бойынша жыл санаулар жатады. Цельсий, Фаренгейт және Реомюрдің температуралық шкалалары да аралық шкала болып табылады.
Шаманың аралық шкаласын Q теңдеу түрінде көрсетуге болады.
Q=Q0+q[Q]
мұндағы q – шаманың сандық мәні; Q0 – шкаланың санақ басы [Q] – қарастырылатын шаманың бірлігі. Мұндай шкала толықтай шкаланың санақ басы Q0 және берілген шаманың бірлігі [Q] тапсырмасымен анықталады.
Шаманы екі жолмен көрсетуге болады. Бірінші жолында шаманың екі мәні Q0 және Q1 тандап алынады, олар физикалық түрде жүзеге асырылған. Бұл мәндер тірек нүктелері немесе негізгі реперлік деп аталады, ал аралық (Q1-Q0) негізгі интервал. Q0 нүктесі санақ басы болып саналады, ал (Q1-Q0)/n=[Q] шамасы Q бірлік ретінде қабылданады. Мұндай бірліктер бір аралық шкаланы Q=Q01+q1[Q]1 келесі аралық интервалға Q=Q02+q2[Q]2 аудару мына формула бойынша іске асады.
q1=(q2- Q02- Q01/[Q]) ([Q]1/[Q]2 (1.2)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет